Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__М____-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.87 Кб
Скачать

Технологиялық картасы

Күні: 17.11.16ж

Тәрбиеші: Ахтаева А.Б.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: «Таңертең, күндіз,кеш,түн. Сол жақта –оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру»

Мақсаты:таңертең (таң)- тәулік бөлігімен таныстыру;

Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету;қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:жұмбақтар мен тәулік мезгілдері бейнеленген суреттер салынған сандық.Әр балағажұмыс дәптері, жай карандаштар, бағдаршамдарға арналған жапсырмалар: дөңгелек шамдар (қызыл,сары, жасыл).

Сөздік жұмыс: оң жақта, сол жақта.

Билингвальді компонент:сол жақта –слева, оң жақта - справа

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Ғажайып сәт.

Балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтың балаларына сандық әкеліпті.Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік.Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуда болады екен.

«Сөйлемді аяқта»ойыны.

Жұмыс дәптеріндедегі 6-оқу іс – әрекеті, 1- тапсырма.

Тәрбиеші балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады.

Біз таңертен жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ... ішеміз.Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз.

Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай...

Біз түнде ұйыктаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.

Тәрбиеші балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін атауды сұрайды.

Қызығушылық танытады.

Күндіз

  • Кешке

  • Түнде.

  • Таңертең

Жауап береді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

«Айырмашылығын тап» ойыны.

Тәрбиеші балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.

  • Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас . Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма?

  • Айырмашылықты тапқаннан кейін ортадағы тіктөртбұрышқа қанша айырмашылық тапса, сонша шеңбер салу керектігін түсіндіреді.

  • Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар?

Жекеленген балаларға көмек көрсетеді.

«Апельсин»

Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бір апельсинді бірнеше бөлікке бөлікміз, өйткені біз көппіз.

«Шамдарды жақ» ойыны. (Ә.табылдиев)

  • Бұл өлең не туралы?

Балалар, дәптердегі бағдармашның суретіне қараңдар.

  • Суретте неше бағдаршам бар?

  • Оның неше көзі бар екен?

  • Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

  • Олардың түстері қандай?

Балалар суретке мұқият қарайды. Сандықтардың бір-бірінен айырмашылығын табады.Сол жақтағы сандық оюланған, ал оң жақтағы сандықтың аяғы бар, сол жақтағысында жоқ.Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын кезек-кезек бүгеді.

-Бағдаршам туралы.

Балалар суретті қарастырады.

-Бір.

-Көп.

-Шеңберге.

Тәрбиеші.

  • Балалар, бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.

  • Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?

  • Онда тәрелкедегі дөңгелектерді (сары, қызыл, жасыл) алып бағдаршамның төменгі көзінен бастап жағамыз.

Балалар жапсырмаларды бағдаршамның көздеріне жапсырады.

-Иә!

Балалар бағдаршамның көздерін жапсырады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Тәрбиеші:

  • Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

  • Тәрбиеші балалардан алдымен солға бұрылып сол жақтағы көршісін, содан соң оңға жақтағы көршісінің атын атауды сұрайды.

Сұраққа жауап береді:

-Таңертең, күндіз, кеш, түн.

Балалар басын алдымен солға бұрып сол жақтағы көршісін атайды. содан соң оңға бұрылып, оң жақтағы көршісінің атып атайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды:таң, күндіз, кеш, түн – тәулік мезгілдерін:

түсінеді: қағаз бетінде оң жақты, сол жақты бағдарлауды:

қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.

ІІ кші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]