Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__М____-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.87 Кб
Скачать

Технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Үлкен-кіші.Биік –аласа.Ұзын-қысқа».

Мақсаты:таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру

Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай ( үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыру үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Әр балаға бір ойыншық аюдан ,таспалар (қысқа,ұзын) салынған жәшік 4 үлкен және 5 кішкентай қызыл текшелер,жай қарындаш.

Сөздік жұмыс:үлкен ,кіші.

Билингвальді компонент:үлкен-большой,кішкентай-маленький.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Ғажайып сәт.

«Бір қорап таспасы бар аю»

Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабыбар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетеді.-Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік.Ол бізге сыйлық әкеліпті.Қорапты ашып көрейік.Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояды. Аю қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды.

«Қайсысы көп?» ойыны.

Тәрбиешінің үстелінде 4үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр.

Олар бір-бірімен араласып кеткен.

Тәрбиеші қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды:

-Бұл не?

-Олардың түсі қандай?

-Текшенің қайсысы үлкен?

-Қайсысы кішкентай?

-Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білуге болады.

Қызығушылық танытады.Қораптан таспаларды алады.Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.

-Текше

-Көк және қызыл.

-Көк текше үлкен

-Қызыл текше

-Бір-бірінің үстіне қойып тексереміз.

Ұйымдастырушылық -

ізденістік

-Дұрыс, кішкентай текшені үлкеніне қойып тексереміз.

Тәрбиеші бір баланы тақтаға шақырады.

Одан үлкен текшелерді бір қатарға қойып шығуды тапсырады. Содан соң екінші баланы шақырып, кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қойып шығуды өтінеді.-Текшелерді қай қолмен алу керек?

-Оларды қай жақтан бастап қою керек?

Балалардың жауабын тыңбап болғаннан кейін тәрбиеші:

-Үлкен текшелер жетті ме?

-Кішкентай текше көп пе, әлде үлкен текше көп пе?

-Қайсысы аз?

Содан соң тәрбиеші кішкентай текшені алып тастайды да, балалардан сұрайды:

-Енді текшелер теңесті ме?

-Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойласыңдар?

Тәрбиеші балалардың назарын шыршалардың суретіне аударады.

Бірінші шыққан бала үлкен текшелерді бір қатарға қатарластырып қойып шығады. екінші бала кішкентай текшелерді үлкен текшелерді үлкен текшелердің үстіне қояды.

-Оң қолмен.

-Солдан оңға қарай.

-Жоқ

-Кішкентай

Текшелер көп.

-Үлкен аз.

-Сендердің дәптерлеріңде қандай шыршалардың суреті салынған?

Сөздік жұмыс:үлкен ,кіші.

Билингвальді компонент:үлкен-большой,кішкентай-маленький

Сергіту сәті. «Аю».

-Енді теңесті

-Өйткені артық текше жоқ.

Көздерін ашқаннан кеін қайсысының көп, қайсысының аз екенін айтады.

-Биік және аласа

Балалар тапсырманы орындайды.

Қайталайды.

Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Аю оқу іс-әрекеті өте ұнағанын, олардың барлығы белсенді болғанын, оның достарына шыршаның түбіне орын тауып бергендеріне және тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рахметін айтып қоштасады.

Балалар аюдың тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанады.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: әр түрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне (үлкенғ кішкентай), ұзындығына (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстыруды;

түсінеді: заттарды санына, ұзындығына, биіктігі мен көлеміне қарай салыстыруды;

қолданады: әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]