Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__М____-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.87 Кб
Скачать

Іі кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «ҚМҰҚ»

Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен- кіші. Бір-көп».

Мақсаты:таңертең (таң) –тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең (таң)- тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен -кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:ойыншық кірпі- 1дана,шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер:үстел,күн,ай,орындық және көп заттар:орындықтар,қасықтар,кітаптар,дәптер,таңертеңгілік бейнеленген сурет.

Сөздік жұмыс: таңертең, үлкен,кіші.

Билингвальді компонент:таңертең-утро, үлкен-большой,кішкентай-маленький.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,бүгін бізге қонаққа кірпі келгенін білесіңдер ме?Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар:таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

-Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз,кешке,түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

-Таңертең үлкендер жұмысқа,ал балалар балабақшаға, мектепке барады.Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды.Кешке бәрі ұйықтайды.

Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар.

«Таң»

Қызығушылық танытады.

Айтқанын мұқият тыңдайды.

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.

-Балалар,тақпақта тәуліктің қай мезгілі туралы айтылған?

-Біз таңертең не істейміз?

-Бала не істеп жатыр?

«Үлкен және кішкентай » ойыны.

Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Кірпілер бірдей ме?

-Олар қандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе береді:үлкен кесе үлкен кірпіге ,ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.

-Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?

-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді?

Сөздік жұмыс: таңертең (таң), үлкен, кішкентай.

Билингвальді компонент:таңертең-утро, үлкен-большой,кішкентай-маленький.

Сергіту минуты.

-Ұйқыдан тұрамыз,төсегімізді жинаймыз,жаттығу жасаймыз,жуынамыз,таңғы асымызды ішеміз.

-Бала оянып,жуынып,жаттығу жасап,таңғы асын ішіп отыр.

Балалар,кірпілерді көріп тұрмыз.

-Әртүрлі

-Үлкен және кішкентай.

Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Үлкен кеседен ішеді.

-кішкентай кеседен ішеді.

Рефлексиялық- түзетушілік

«Картинаны тап» ойыны.

Қорытындылау, балаларды бағалау.

Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып айтады.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін –таңды атайды;

түсінеді: заттарың көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) және саны бойынша(біреу-көп) болатынын;

қолданады:қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.

7 «Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]