«Өзін-Өзі Тану» Әлеміне Саяхат
Адамның жүрегі сүйіспеншіліктің
алтын ұясы.
Халық даналығы
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінік беру.
Міндеттері:
-Өзін-озі тану пәні туралы түсінік беру;
-өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру;
-өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы,
дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек
пішіні, ойыншық журекше.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады.
-Балалар, бііз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып
тұрмыз. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,
үлкен шеңбер құрып көрейікші!? Қандай тамаша!
Шеңбер күн сияқты жылы, дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет-жүзін, көзін, күлкісін көре алады.
Қараңдаршы! Біз шеңберде тұрғанда барлығымыз бір-
біріміздің қуанышты бет-жүзімізді анық көріп тұрамыз!
Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз!
Сондықтан бұл шеңберді жылулық, қуаныш, шаттық шеңбері деп атаймыз.
Ал қазір біз «шаттық шеңберімізді» бірінші рет өткізіп
тұрмыз! Қанеки! Осы шеңберде бір-бірімізге қарап,
күлкімізді сыйлайық!
Балалар төмендегі өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Жарайсыңдар, балалар!
Әңгімелесу
-Балалар, біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды
бастаймыз. «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлықтар дайындап қойыпты. (Тәрбиеші балаларға «Өзін-өзі тану» хресто-
матиясын көрсетеді.)
Бұл барлығымызға ортақ-«Ақылды кітап». Бұл біз кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, өнегелі сөз-
дермен танысамыз. Шығарма кейіпкелері бізді жақсылық жасауға, мейірімді, қайырымды, кешірімді, адал болуға
үйретеді.
-Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемі тағыда сендерге сыйлық
дайындапты. Қане, сыйлығымызды қолымызға алып көрейікші! Қандай тамаша!
Бұл сыйлық «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхаттағы ақылды
көмекшіміз-«Дәптер».
Тәрбиеші балаларды отырғызып, дәптердегі «Өзін-өзі
тану» әлемінің картасына назар аудартады.
«Балалар! Біз саяхатымызда бірнеше аялдамаларға тоқталамыз. «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы
аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Суретте бейнеленген бақытты балалардың
әрқайсысының өз отбасы, достары, қоршаған әлемі,
Отаны бар екен.
Біз бүгіннен бастап «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастаймыз.
Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып, үйренеміз.
Бұл жақсы қасиеттер адамның құнды қасиеттері деп
аталады.
Бұлар – сүйіспеншілік, мейірімсділік, әдептілік, қамқорлық, шыншылдық, тазалық, достық, бірдік деген адами қасиеттер.
-Сүйіспеншілігі мол, мейірімді адамды жақсы адам деп атаймыз.
-Әдепті, қамқор адамдар- жақсы, құрметті адамдар.
-Шыншыл, тазалықты сүйетін адамдар - олар да
сыйлы, құрметті.
-Осындай жақсы адамдар достықты да, бірлікті де
қадірлей біледі.
Ойын. «Сиқырлы қоржын»
Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бьірнеше бөлікке қиып
бөлінген. Әрбір балаға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан осы бөлііктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек
пішінін құрастырады.
Қандай тамаша! Біздің құрастырған үлкен жүрегіміз-
сүіспеншіліктің менені. Біз осы жүрегіміз арқылы айналамызға мейірім мен сүйіспеншілігімізді сыйлаймыз!
Дәптермен жұмыс
Тәрбиеші балаларға дәптердің бірінші бетін ашып, ондағы жүректің суретіне назарларын аудартады. Осындай
жүрек біздің әрқайсысымызда бар екенің түсіндіреді.
Балалар өздерінің жүректерінің тұсына алақандарын қойып жүрек қағысын байқайды.
Балалар, егер біз қуансақ, ашулансақ жүрегіміз қалай қағады деп ойлайсыңдар?
Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал қуанғанда күлімдеп, ерекше суйкімді куйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы
жүрегіміздің соғуы да өзгеріп тұрады екен.
Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да,
қуаныш,бақыт, суіспеншілік, мейірім, қамқорлық, достық
сияқты сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді!
«Адамның жүрегі-сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деп
халық бекер айтпаған.
Тәрбиеші балаларға дәптердегі екі жүректі салыстырып, қандай көніл күйде екенің әңгімелеп,ашық
тұрған жүрекке өз көңіл күйлерің бейнелеуді тапсырады.
Дәйексөз
Тәрбиеші «Адамның жүрегі – сүіспеншіліктің алтын ұясы» деген даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен көрсету.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Тыныштық сәті
Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары кө-
теріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да
болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бахытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініңдер. Ал енді көздерііңді ашсандар да болады.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап
айтады.
Адам бойындағы жақсы қасиеттер – құнды қасиеттер.
Мейірімді, айналаға сүйіспеншілікпен қарайтын бала-
лар – жақсы балалар.
«Шаттық шеңбері» - ол жылулық, қуаныш сыйлайтын шеңбер.
Қорытындылау
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күнді біз неге ерекше деп атаймыз?
Балалардың жауаптары.
Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі күн өте сәтті болды.
Себебі:
Біз бүгін алғаш рет «шаттық шеңберіне» жиналдық.
Біз бір-бірімізге әдемі, жылы, сүйкімді күлкімізді сыйладық!
Біз «Өзін-өзі тану әлеміне» саяхатымызды бастадық.
Бұл ғажайып әлемінің картасымен, дәптермен таныстық.
«Өзін-өзі тану» әлемінде ғажайып жылы сөздерді айтып
үйренеміз!
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші күлімдеген ойыншық жүрекше бейнесін көрсетіп, оның «сүйіспеншілік жүрегі» екенін айтады. Балалар оны кезекпен бір-біріне ұсынып тұрып, бір-бірін жақсы
көретіндіктерін айтады.
Айнұр, мен сені жақсы көремін.
Рақмет.
Әсет, мен де сені жақсы көремін.
2-сабақ
Адам Болам Десеңіз...
Мақсаты: «адамгершілік» «жақсы адам» ұғымдарының
мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:
адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту;
бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия.
Шаттық шеңбері
Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, оны төмендегідей мазмұнда бастауы мүмкін:
-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей
сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы,
бәрің сондай қуанышты, бір-біріне күліп қарап, жайдары,
ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздерінен мейірім-
діліктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. «Жақсы сөз жанды жадыратады»,
-демекші біз бүгін бір-бірімізге мақтау айтайық.
Балалардың жауаптарытөмендегідей болуы мүмкін:
Қарлығаш сен өте тапқырсың, қиналған сәтте жол тауып
кетесің.
Аяулым, сен өте төзімдісің. Ылғида барлығын байыппен
шешесің, асықпайсың.
Ғазиз, сен тамаша адамсың. Сен адамдарға көмектесуге дайын тұрасың.
Әңгімелесу
Қандай адамды «жақсы адам» деп атаймыз?
«Жақсы адам» болу үшін не істеу керек?
Күтілетін жауаптар:
сыйласу керек;
адамдарды құрметтеу керек;
көмектесу керек;
қамқорлық көрсету керек;
барлығын жақсы көру керек.
Дұрыс айтасыңдар, балалар, әрқашан үлкендерге, доста-
рыңа көмектесіп, қолғанат болсаңдар, сыйласаңдар, сендер-
ден тәрбиелі, мейірімді жақсы азамат шығады.
Әңгімелеу
Тәрбиеші В. Осееваның «Үш ұл» әңгімесің оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.
Үш ұл
В. Осеева
Екі әйел құдықтан су тартып тұр екен, бұлардығ қасына
тағыда бір әйел келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қарт кісі де дем алмақ болып, таяп келіп, құ-
дықтың маңындағы тасқа отырыпты.
Әйелдердің біреуі:
Менің ұлым батылда күшті. Төбелесе қалса, ешбір бала
оған шақ келмейді,-депті.
Екінші әйел:
Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрады. Ешбір
баланың дауысы дауысына жетпейді,-депті.
Ең соңынан келген әйел үндемей тұра беріпті.
Сен неге өз ұлың туралы бірдеңе айтпайсың? – деп
сұрапты екі әйел.
Не айтайын, баламның ешқандай ерекшілігі жоқ, -
деп жауап беріпті ол.
Әйелдер шелектерін суға толтырып, үйлеріне қарай беттейді. Әлгі қартта бұлардың соңынан жүріп отырады.
Жолда әйелдер шаршаған соң, шелектерін жерге қойып,
әңгімеге кірісіпті. Қарт бұларды сыңай қарап, бақылап тұрыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келеді.
Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата
ұшырып келе жатады. Мұны көрген шешесі қатты қуанып,
көңілі көтеріліпті.
Екіншісі бұлбылдай сайрап, өлең айтып, өзінен-өзі құ-
тырып келе жатады. Оның шешесі де баласының мұнысына шаттанып, көңілі өсірті.
Үшінші бала болса, жүгіріп келіп шешесінің қасына барыпты да:
Апа, әкел, маған бер – деп, шешесінің қолындағы су толы шелекті алып, үіне қарай жүре беріпті.
Әйелдер қатқа бұрылып:
Қалай біздің балаларымыз сізге ұнай ма, қария? –
деп сұрапты.
Қайдағы балалар? Мен тек бір-ақ баланы көріп тұрмын,-
деп, қарт шешесінің қолынан шелекті алып, өзі көтеріп бара жатқан баланы нұсқапты.
Сендерге осы балалардың қайсысы ұнады? Неліктен?
Өздерің аналарыңды қалай сыйлайсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Дәйексөз
Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала – қуаныш» деген
мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Жақсы бала жақсы істерімен ата-анасын, туған-туыстарын,
ел жұртын, жақындарын, достарын қуантады.
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары кө-
теріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерінің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойла-
рына толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да
болады.
Ойын. «Белсенділік жаттығуы»
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен берген тапсырма-
ларын әр түрлі қимылмен, ымммен көрсетеді.
Тапсырма:
Улпілдек мақта.
Ақша қар.
Піскен, ыстық картоп.
Ыстық тәрелкедегі сорпа.
Кесе толы су.
Бір уыс тары.
Сабағы піскен райхан гүлі.
Домалақ жіп.
Темір ыдыстағы ыстық кофе.
Сулы сабын.
Нәресте.
Қозы.
Дәптермен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қай-
талап айтады.
Жақсылық отбасынан басталады.
Жақсы бала – отбасының, Отанының уанышы.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта біз адамдардың бір-біріне деген ыстық
ықыласын, сүйіспеншілігін, мейірімділігін, қамқорлығын
сөз еттік. Адамдарға сүйіспеншілік танытып, табиғатқа,
қоршаған ортаға қамқорлық көрсету нағыз жақсы адамға
тән қасиет екендігін ұғындық.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер бойына жиналып, тәрбиешімен бірге
төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Атамның өсиеті
Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,
Әрбір адал адамға, Ықылас қой досыңа.
Жасасаң бір жақсылық, Ар – мақсатың нық болсын,
Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.
Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,
Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.
Адамдағың көрінсін, Намысты боп өссең сен,
Анадай жансаянда. Нағыз адам боласың!
3-сабақ
Мен Қандай Баламын?
Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы ұл – аспандағы жұлдыз.
Мақал
Мақсаты: әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру;
өзін-өзі тануғадеген қызығушылықтарын арттыру;
өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы,
дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына
қарай айна.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.
Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме
қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші!
Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық! Шын
жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.
Әңгімелесу
Айна
Ертегі
Бір күні кірпі, қоян, керік (жираф) орманда келе жатып,
ағаштың артынан бір нәрсенің жылтырағаның байқады.
Олар сол затқа қарай жақындап келіп, мұқият қарайды.
Өзінің үсті басы тікенек, - дейді қоян.- Жоқ, оның мүлде
тікенегі жоқ, құлағы ұзын, көзі қызыл, мойыны қысқа ғой.
Мене де көрейінші, - деп керік килікті.
Жоқ, оның мойыны қысқа емес ұзын, құлағы тікірейген,
бойы биік,- деп таңғалыпты.
Балалар, кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?
Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?
Балалар, айнаға қараңдаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар?
Ал, енді бір-біріңе қарап, ұқсастықтарың мен айырма-
шылықтарыңды айтыңдаршы.
Балалардың жауаптары.
