Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИФТ әдісі, оны иммуноглобулиндердің, цитокиндердің және ерігіш түрдегі рецепторлардың концентрациясын анықтау үшін қолдану ме...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

Ф-ОБ-012-016

Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

1 Медицина факультеті

Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы жалпы иммунология пәні

САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ №8

Тақырып: ИФТ әдісі, оны иммуноглобулиндердің, цитокиндердің және ерігіш түрдегі рецепторлардың концентрациясын анықтау үшін қолдану мен қою принциптері

051301 – «Жалпы медицина» 3-курс

Құрастырған: м.ғ.к., доцент м.а. А.С.Бабаева

2012 жыл

Кафедра мәжілісінде талқыланған

№___ хаттамасы ______2012 жыл

Кафедра меңгерушісімен бекітілген

М.ғ.к, доцент м.а. Бабаева А.С.

______________

1. Тақырып: ИФТ әдісі, оны иммуноглобулиндердің, цитокиндердің және ерігіш түрдегі рецепторлардың концентрациясын анықтау үшін қолдану мен қою принциптері

2. Мақсаты: иммуноферментті талдау әдісінің маңызын, түрлерін, қолдану аймақтарын түсіндіру, әдісті иммуноглобулиндерді, Т-лимфоциттерді бағалауда жүргізу тәсілі туралы білім беру.

3. Оқыту мақсаты.

Студент білуге тиіс:

  • иммуноферментті талдаудың анықтамасын;

  • ашылу тарихын;

  • иммуноферментті талдаудың түрлерін;

  • реакцияны қою тәсілдерін;

  • диагностика ерекшеліктерін;

  • иммуноферментті талдаудың қолданылуын;

  • иммуноферментті талдаудың артықшылықтарын.

Студент істей алуға тиіс:

  • иммуноглобулиндердің концентрациясын анықтау әдісін жүргізу;

  • спектрофотометр аппаратында жұмыс жасай;

  • ИФТ нәтижелерін бағалау;

  • диагностика жасау кезіндегі ерекшеліктерін ескеру;

  • Т-лимфоциттердің мембранасындағы маркерлерді анықтау әдісінің техникасы;

  • ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Иммуноферментті талдау әдісі дегеніміз не?

  2. Иммуноферментті талдау әдісін зерттеген және ашқан ғалымдар

  3. ELISA әдісі туралы түсінік

  4. ИФТ әдісінің принципі қандай?

  5. Ферментті белгілеу ретінде не қолданылады?

  6. Конъюгат дегеніміз не?

  7. Сэндвич-әдісі дегеніміз не және қалай жүргізіледі?

  8. Ферменттік реакция дегеніміз не және қалай байқалады?

  9. Спектрофотометр аппараты туралы түсінік

  10. Антиденелерді анықтауға арналған иммуноферментті сынама-жүйелерінің

түрлері

  1. Иммуноферментті талдаудың түрлері

  2. Иммуноферментті талдаудың қолданылуы

  3. ИФТ нәтижелерін бағалау

  4. ELISPOT әдісі туралы түсінік

  5. Иммуноферментті талдаудың артықшылықтары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмысты орындау (зертхана құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу, науқастардың иммундық статусына баға беретін лабораториялық тесттерді қою /немесе олардың нәтижелерін түсіндіру; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің олардың субпопуляцияларының абсолюттік салыстырмалы санын анықтау; лейкограмма иммунограмманы түсіндіру); оқытушымен бірге теориялық материалды талдау; оқу әдебиетімен жұмыс, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестелерді толтыру сызбаларды сызу, т.б.); тест жүргізу; ауызша сұрау; ситуациялық тапсырмаларды орындау; шағын топтарда жұмыс, ситуацияны моделдеу.