Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Физика-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.41 Mб
Скачать

Лекция №1

Механиканың физикалық негізі. Материалдық нүктенің кинематикасы. Физика пәні және оның зерттеу әдістері. Механикалық қозғалыс. Санақ жүйесі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.

Физика – материя қозғалысының ең қарапайым формалары туралы және оларға сай келетін жалпы табиғат заңдары туралы ғылым. Физика зерттейтін материя қозғалысының формалары (механикалық, жылулық, электрлік, магниттік және т.б.), материя қозғалысының күрделірек формаларының (химиялық, биологиялық және т.б.) құраушылары болып табылады, сондықтан физика басқа жаратылыстану ғылымдарының (астрономия, биология, химия, геология және т.б.) негізі болып табылады.

Физика инженерлерді дайындаудың іргелі негізі, техниканың жаңа салаларын жасау үшін база болып табылыды.

Өзінің негізінде физика – экспериментальды ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде анықталған ақиқаттарға сүйенеді. Эксперименталь ақиқаттарды жалпылау нәтижесінде физикалық заңдар анықталады. Физикалық заңдар дегеніміз физикалық шамалардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын, табиғатта бар орнықты қайталанатын объективті заңдылықтар.

Физикалық шамалар арасындағы сандық қатынастарды анықтау үшін оларды өлшеу керек, яғни оларды сәйкес эталондармен салыстыру қажет. Ол үшін бірліктер жүйесі енгізіледі, ол физикалық шамалардың негізгі бірліктерін постулаттайды және оның негізінде басқа физикалық шамалардың бірліктерін анықтайды, олар туынды бірліктер деп аталады.

Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ) (System International - SI).

Метр (м) – вакуумда 1/299792458 с уақытта жарықтың өтетін жолының ұзындығы.

Килограмм (кг) – килограмм үлгісінің массасына тең (Париждің қасындағы Северде өлшемдер мен таразылар Халықаралық бюросында сақталып тұрған Платина-иридий цилиндрі).

Секунд (с) – цезий –13.3 атомының негізгі күйінің аса жіңішке екі деңгейі арасындағы өтуге сәйкес келетін 9192631770 сәулелену периодына тең уақыт.

Ампер (А) – шексіз ұзын екі параллель түзу және көлденең қимасы елеусіз аз өткізгіш арқылы өтетін өзгермейтін токтың күші, олар вакуумда бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, бұл өткізгіштердің әр метр ұзындығына күш әсер етеді.

Кельвин (К) – судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі.

Моль (моль)12С көміртегі изотобының 12 г – да неше атом болса, сонша құрылымдық элементі бар жүйенің зат мөлшері.

Кандела (кд) – монохромат сәулелену жиілігі герц шығаратын, оның бұл бағыттағы энергетикалық жарық күші 1/683 Вт/ср болатын, жарық көзінің берілген бағыттағы жарық күші.

ХБЖ жүйесінің қосымша бірліктері:

Радиан (рад) – шеңбердің екі радиусы арасындағы бұрыш, олардың арасындағы доғаның ұзындығы радиусқа тең.

Стерадиан (ср) – төбесі сфера центріндегі денелік бұрыш, ол сфера бетінде қабырғасы сфера радиусына тең квадрат ауданына тең бет ойып алады.

Туынды бірліктер – негізгі бірліктермен байланыстылығы физикалық заңдар негізінде тағайындалады. Мысалы, жылдамдықтың туынды бірлігі (1 м/с) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс формуласынан алынады .