Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика маман. кіріспе - Силлабус ПОк 61.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика

Курсқа қойылатын талаптар:

Сабаққа кешікпеу және босатпау;

Оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият орындау;

Аудиторияда ұялы телефонды пайдаланбау;

Белгілі себептермен босатылған сабақтардың тапсырмасын орындау;

Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу;

Этика нормаларын сақтау: тәртіптілік, тәрбиелік, адалдық, жауапкершілік;

Қарама-қайшылықтарды топта, оқытушымен шешу

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

БЕКІТЕМІН

Факультет ОӘК шешімімен

Төраға

Құрманова А.Қ.

«28» 08 2015ж.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Асаров Мұрат Мұзарапұлы

5В01000 педагогикалық мамандықтар

студенттері үшін __Педагогика_

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Көкшетау, 2015

Әдістемелік нұсқаулар педагогика пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс практикалық сабақтарға арналған талаптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

«27 » 08 2015 ж. хаттама №1

Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 28 » 08 2015 ж. хаттама №1

ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.

Педагогика пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:

  1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

  2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтар-мен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

  4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

  5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Практикалық сабақтарда барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.

Практикалық сабақтарда теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі педагогикалық әдебиеттердегі негізгі, жалпы теориялық білімдер нақтыланады.

Кейбір практикалық тапсырмалар педагогикалық практика өтілетін мектепте орындалады. Онда студенттер белгілі бір педагогикалық процесті бақылап, оған талдау жасайды. Мектеп тәжірибесін жан-жақты және мақсатты түрде зерттеп үйрену ұйымдастырылады.

Практикалық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, педагогикалық міндеттер шешіледі, оқу-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың әртүрлі варианттары талқыланады. Студенттер оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдануды, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.

Практикалық сабақтарға дайындалу барысында әр студент:

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

  • реферат, баяндама дайындауға;

  • практикалық тапсырманы орындауға;

  • тәжірибелік жұмысты (мектепте қатысқан сабақтың, тәрбие жұмысының барысын жазу және оған талдау жасау) орындауға міндетті.