Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика маман. кіріспе - Силлабус ПОк 61.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Н.4.02-01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

Студенттерге арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

Мамандығы: 5B012000 - «Кәсіптік оқыту»

оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Көкшетау 2016

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген және қолданысқа енгізілген, Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде 15.05.2012ж. хаттама №18, қарастырылып бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

Құрастырған: Асаров Мұрат Мұзарапұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

«31 » 08 2016 ж. хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі Наби Лиза

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

«01» 09 2016 ж. хаттама № 1

ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.

Глоссарии

  1. Автоматтану – сананың бақылауынсыз істелген іс–әрекет. Автоматтану көбінесе әдет пен дағдыға тән.

  2. Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.

  3. Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.

  4. Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық ұғымдарымен мағыналас).

  5. Адамгершілік тәрбиесі – балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.

  6. Азаматтық тәрбие – отансүйгіштік, басқа азаматтар мен мемлекетке деген сыйластық сезімді тәрбиелеу.

  7. Айқындаушы (анықтаушы) эксперимент – зерттеу обьектісінің бастапқы жағдайын анықтап көрсетеді.

  8. Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей) –адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.

  9. Аксиология (грек. құндылық) – адамның, топтың, ұжымның, қоғамның мәдени, рухани, материалдық, адамгершілік, психологиялық құндылықтары туралы ілім.

  10. Андрогогика – ересек адамдармен жұмыс істеу жолдары, мазмұны.

  11. Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі.

  12. Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту

  13. Ақпарат – басқарылатын жүйенің жай–күйін сипаттайтын, сондай–ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.

  14. Анализ - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу.

  15. Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру;

  16. Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.

  17. Анонимдік анкета – жауап беруші өзінің аты–жөнін жазбайды.

  18. Атаулы анкета – жауап беруші өзінің аты–жөнін жазады

  19. Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейін анықтау.

  20. Ашық анкета – зерттелуші сұрақтарға өз ойынан жауап береді.

  21. Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, тұрақты дағды.

  22. Әдіс (гр. «методос» - метод) - ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары.

  23. Әдіснама (методология) - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

  24. Әдістеме (методика) - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.

  25. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.

  26. Әлеуметтену – адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі

  27. Әлеуметтендіру – адамды әлеуметтік қарым–қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау.

  28. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар иен құндылықты игеру –негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

  29. Әлеуметтік бейімделу (адаптация) – индивидтің қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы.

  30. Әлеуметтік кемелдену – өзінің іс–әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым–қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз–өзіне баға беруі.

  31. Әңгіме - балалардың санасын қалыптастыратын тәрбие әдісі.

  32. Әңгіме – сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.

  33. Әрекет – адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі.Әрекет қажеттіліктен туындайды.

  34. Әскери педагогика - әр түрлі рангтегі әскери адамдардың тәрбиелік іс-әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейді.

  35. Бағалау – көрсетілген критерий бойынша студенттердің БІД-ның сапасын анықтау.

  36. Бағалау - бір нәрсенің сапасын анықтау.

  37. Бағалау формалары - бес баллдық, ауызша, жазбаша, тест, рейтинг.

  38. Бағыттылық – қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғалық қызметін бағыттайтын ұғым.

  39. Байқағыштық – адамның заттың, құбылыстың егжей–тегжейін аңғаратын қабілеті.

  40. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.

  41. Бақылау әдістері - ауызша, жазбаша.

  42. Бақылау түрлері - ағымдық, аралық, қорытынды.

  43. Бақылау формалары - фронталдық, топтық, дербес.

  44. Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.

  45. Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.

  46. Белсенділік – адамның күнделікті іс–әрекетте кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті.

  47. Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру;

  48. Бихевиоризм – жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын бағыт. Оның негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайк (1874-1949).

  49. Болжау әдісі - зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс

  50. Бригадалық-лабораториялық форма - ХХғ 20-шы жылдары россияда пайда болған. Оқушылар бригадаларға бөлініп, тапсырманы бірлесіп орындайды.

  51. Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.

  52. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.

  53. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

  54. Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.

  55. Білім берудің формальдық теориясы – оқытудың мақсаты оқушылардың танымдық қабілетінің дамуы, ес, ойлау қабілеттеріне көңіл бөлу. Бұл теорияны И.Песталоцци, А.Дистервег жақтаған.

  56. Білім беру жүйесі - білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығы.

  57. Білім беру стандарты – оқушылар меңгеретін міндетті білім деңгейін көрсететін құжат

  58. Белсенділік - адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайы.

  59. Генетика - тұқым қуалаушылық жайлы ғылым.

  60. Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.

  61. Гипотеза – тексеруді қажет ететін болжам.

  62. Гносеология (грек. gnosis – таным, logos – ғылым) – таным іс–әрекеті процесін, оның мазмұндық негізін зерттейтін таным теориясы.

  63. Гуманизм – адамға деген махаббат, сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қарым–қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау.

  64. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы формасы.

  65. Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.

  66. Дальтон-план – оқушылардың мұғалімнің тапсырмасымен үйде өздігінен дайындалуына негізделген оқыту формасы. ХХғ. басында АҚШ-та Е.Паркхерст деген мұғалім ойлап тапқан.

  67. Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).

  68. Даралық – бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы, оның ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән ерекшелігі.

  69. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

  70. Девиантты мінез-құлықты балалар, немесе «қиын балалар» - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

  71. Дедуктивтік ойлау - жалпыдан жекеге қарай ойлау.

  72. Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайту, сақтау, дененің дұрыс дамуын қалыптастыру.

  73. Дефектология - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойында табиғи кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы.

  74. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың саласы.

  75. Дидактика - гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - оқыту, үйрету. «Дидактика» терминін енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратхия) (1571-1635)

  76. Дидактикалық тест – оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.

  77. Дидактикалық жүйе – оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығы.

  78. Дискретті бақылау – белгілі уақытта үзіліп, артынан қайта жалғасатын бақылау.

  79. Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

  80. Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген дұрыс көзқарасты, еңбексүйгіштікті, еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетін қалыптастыру.

  81. Есте сақтау – материалдың жадыда сақталуын қамтамасыз ететін процесс. Есте сақтау жаңа білімнің кейін қалпына келтірілуінің маңызды шарты.

  82. Жабық анкета – зерттелуші алдын–ала ұсынылған бірнеше мүмкін жауаптарды таңдайды.

  83. Жалпы педагогика – педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

  84. Жас ерекшелік педагогика – әр түрлі жастағы топтардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.

  85. Жазалау - оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.

  86. Жаттықтыру - әр түрлі ситуацияларда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.

  87. Жарыс - балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.

  88. Жанама бақылау – басқа адамның көмегімен жүзеге асырылады.

  89. Жасырын бақылау – зерттеушілер өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді, техникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі.

  90. Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі.

  91. Жеке жұмыс - әр оқушының өздігінен тапсырманы орындауы

  92. Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.

  93. Жоспарлау – іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.

  94. Жылдық жоспар – жазғы каникулды қосқанда –мектеп іс–әрекетінің барлық жағын қамтитылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынып, бүкіл оқу жылына арналған жоспар.

  95. Заңдылық - жүйе ішіндегі бірліктердің байланысы.

  96. Заң - қалыптасқан обьективті шындық,

  97. Имандылық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы.

  98. Интервью (сұқбат) - алдын-ала дайындалатын сұрақ-жауап арқылы бір адамды зерттеу.

  99. Инновация - ағылшын сөзі, жаңалық деген мағынаны білдіреді.

  100. Инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.

  101. Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға қарай қозғалуы.

  102. Индивид (лат, жекелік) – адамзатттың еш қасиеттері ескерілмеген өкілі.

  103. Категория - ғылымның негізгі ұғымдары.

  104. Кәсіптік білім беру - әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жайлы біліммен оқушыларды қаруландыру.

  105. Кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар беру мақсатымен әрбір оқушыны зерттеу.

  106. Кәсіптік іріктеу - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамды не жарамсыздығын анықтау, профессиограмма жасау.

  107. Кәсіптік консультация - оқушының мамандыққа бейімділігін, мүмкіншіліктерін анықтау, сол мамандыққа жарамдылығы туралы шешім шығару.

  108. Кәсіптік адаптация - әр түрлі жоғары оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделуі.

  109. Классификация - топқа жіктеу.

  110. Компонент – жүйенің жеке дара бөлігі.

  111. Конвенция – арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт.

  112. Конкурс – оқушылардың ой–өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылатын шара.

  113. Конфессия - діни ұйым.

  114. Конференция – кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында қткізілетін сабақ түрі.

  115. Конспект - тексттің қысқаша мазмұны.

  116. Көзқарас – дүниетанымның бір бөлігі, адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы.

  117. Көңіл–күй – индивидтің құптайтын немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күйі.

  118. Креативтілік (лат. creatio – жасау) – адамның шығармашылық даму деңгейі, шығармашылық қабілеті.

  119. Күнделікті жоспарлау – мұғалімнің бір сабаққа тиянақты дайындығы.

  120. Қабілет – адамның белгілі бір іс–әрекет түріне икемділігі.

  121. Қажеттілік – организмнің ішкі күйі, бір нәрсеге, іске мұқтаж болуы.

  122. Қайта тәрбиелеу - оқушының тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған тәрбиелік ықпалдар жүйесі.

  123. Қалыптасу - даму мен тәрбие процесінде адамның жетілуі, яғни ақыл-ойының, мінез-құлқының жетілуі.

  124. Қалыптастырушы эксперимент – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталады.

  125. Қарама қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.

  126. Қарым–қатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.

  127. Қоғамдық пікір - ұжым мүшелерінің баға беруі.

  128. Құқықтық тәрбие – қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.

  129. Құзыр (компетенция) – қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.

  130. Қызығу – пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.

  131. Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.

  132. Лабораториялық жұмыстар - арнайы құралдарды пайдаланып, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құбылыстарды, заттарды зерттеуі.

  133. Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, оқушылардың белгілі бір тобымен өтеді.

  134. Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.

  135. Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін бүкіл әлем, космос.

  136. Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.

  137. Мангейм жүйесі – оқушыларды қабілетіне қарай саралап оқыту.

  138. Мәдениет – латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Мәдениет дегеніміз материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.

  139. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту, қорғау жайлы ғылым.

  140. Мезофактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың үлкен тобы: қала, ел, мемлекет, қоғам.

  141. Меланхолик – эмоциялық қозуы әлсіз тип. Сезімтал, жаны нәзік, тез ренжиді, жылауға бейім. Іске баяу кіріседі, бастаса, аяқтап шығады. Ұялшақ, жасқаншақ, өзіне сенімсіз.

  142. Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда басқару дегенді білдіреді.

  143. Менеджер – басқару функциясын жүзеге асыратын адам, кәсіби басшы.

  144. Микрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін отбасы, туыстары, ауласы, көшесі.

  145. Модельдеу әдісі - зерттелетін проблеманың көрнекі бейнесін жасау

  146. Модус - адамның қажеттіліктері, мақсат-мүдделері, наным-сенімдері, ынта-ықыластары

  147. Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.

  148. Мұрат - адам баласының жоғары мақсаты, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

  149. Міндет - мақсатқа жету жолдары.

  150. Мінез – адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның тұрақты және тұрлаулы жеке–дара қасиеті.

  151. Неотомизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт.

  152. Нысана (обьект) – ғылымның зерттеуге алатын саласы.

  153. Нышан – қабілеттің дамуына негіз болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшелік.

  154. Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі.

  155. Оқу – оқушының алдағы әс–әрекеті үшін қажетті білім, іскерлік, дағдыны мақсатты түрде меңгеру процесі.

  156. Оқырмандар конференциясы – оқушылардың танымдық қабілетін, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатымен өтілетін тәрбие шарасы.

  157. Оқыту - білім берудің негізгі жолы.

  158. Оқытудың педоцентристік жүйесі – басты роль оқуға, баланың іс–әрекетіне беріледі. Бұл жүйенің негізін Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі» (азаматтық тәрбие), В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» теориялары құрайды.

  159. Оқытудың дәстүрлі жүйесі – басты роль білім беруге, мұғалімнің іс–әрекетіне беріледі. Оның негізін Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарттың теориялары құрайды..

  160. Оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс.

  161. Оқыту процесінің функциялары - білім беру, тәрбиелік, дамыту.

  162. Оқыту принциптері - оқытуға қойылатын талаптар.

  163. Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандар мен демалыстырдың ұзақтығын, оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат.

  164. Оқу бағдарламасы - пәндер бойынша оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат.

  165. Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

  166. Оқыту әдісі – оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді.

  167. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті.

  168. Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.

  169. Парадигма (грекше paradeigma – үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктердің (теориялар, әдістер, концепциялар) жүйесі. Парадигма ұғымын енгізген американдық ғалым Т.Кун.

  170. Патриотизм - Отаншылдық, туған жеріне деген адал ниет, оны сүю және қастерлеу.

  171. Пән – нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі.

  172. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайлы ғылым.

  173. Педагогика - гректің «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу деген сөздерінен шыққан.

  174. Педагогика пәні - тұтас педагогикалық процесс.

  175. Педагогиканың обьектісі – педагогикалық іс-әрекет.

  176. Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

  177. Педагогикалық бақылау - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. П.б. ашық, жасырын, жанама, тікелей, үздіксіз, дискретті деген түрлері бар.

  178. Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.

  179. Педагогикалық шығармашылық – оқу–тәрбие процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларында балалармен қарым–қатынаста оқытушының оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.

  180. Педагогикалық–психологиялық диагностика – оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.

  181. Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХғ. екінші жартысы).

  182. Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.

  183. Педагогикалық менеджмент – оқу–тәрбие және оқу–танымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.

  184. Педология – «балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.

  185. Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).

  186. Перспектива - ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.

  187. Перспективалық жоспар – мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде алдағы бес жылға жасалған жоспар.

  188. Персонификация (лат. жеке тұлға) – ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.

  189. Полярлық анкета – зерттелуші сұрақтарға балл арқылы жауап береді.

  190. «Принцип» латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.

  191. Процесс (лат. «processus») - алға қозғалу дегенді білдіреді.

  192. Преформизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ролін айрықша бағалайтын бағыт. Баланың қабілеттері, мінез-құлқы анасының құрсағында жатқанда қалыптасады деп түсіндіреді.

  193. Прагматизм (грекше прагма – іс–әрекет, тәжірибе) - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын бағыт. Негізін салушы Джон Дьюи (1859-1952)

  194. Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.

  195. Психика – обьективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.

  196. Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы күрделі бейнелері.

  197. Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер.

  198. Психология - психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  199. Пікір – бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын не теріске шығаратын талас ой.

  200. Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.

  201. Ранжирлеу – құбылыстардың, сапалардың өсуін, не төмендеуңн анықтау үшін қолданылатын әдіс.

  202. Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.

  203. «Рейтинг» - ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді.

  204. Реферат - белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;

  205. Рефлекс – организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакциясы. Рефлекс шартты (туа біткен) және шартсыз (қалыптасқан) болып бөлінеді.

  206. Рефлексия – адамның өз іс–әрекеті мен күйіне талдау жасауға бағытталған ішкі психологиялық қызметі, өзін–өзі тану процесі.

  207. Руханилық – адамның жеке тұлғалық шығармашылық–тәлімдік мәдени–әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.

  208. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы.

  209. Сана – әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі.

  210. Сауықтыру педагогикасы - оқу-тәрбие процесәнен ұзақ уақыт қол үзген, ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру мәселесін зерттейтін педагогиканың саласы.

  211. Салауаттылық - ішкілік, темекі тарту, нашақорлық, т.б. зиянды, жаман қылықтардан аулақ болу.

  212. Салыстырмалы педагогика - әрбір елдердегі білім беру мен тәрбие жүйелерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

  213. Сангвинник – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң, бірақ тұрақсыз. Көңіл–күйі тез өзгереді. Бір істен екінші іске тез ауысады. Көңілді, белсенді. Кейде берген уәдесін орындамайды.

  214. Себеп-салдарлық әдіс - құбылыстың себебі мен салдарын анықтау.

  215. Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.

  216. Семинар - жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі. Семинар тақырыпты тереңдете оқып-үйренуге, талқылауға арналады.

  217. Синтез - заттың бөліктерін ойша біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

  218. Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.

  219. Сұқбат – әңгіменің бір түрі, обьектінің өзінің іс–әрекеті туралы баяндауына негізделген.

  220. Социометрия - ұжымдағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.

  221. Статистикалық әдіс - зерттеу нәтижесін формулалар мен есептеу арқылы анықтау әдісі.

  222. Сынып – жас ерекшеліктеріне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы.

  223. Сыныптық–сабақ жүйесі – жас мөлшері біркелкі топтан құралған, тұрақты құрамы бар, оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына негізделген, оқу кестесі арқылы өтетін оқыту.

  224. Сынып сағаты – барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара.

  225. Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін–өзі басқарудың жоғарғы органы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыруда оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау.

  226. Табиғи эксперимент – қалыпты жағдайда жүргізіледі.

  227. Тақырыптық жоспарлау – оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы не тарауы бойынша өтілетін сабақтардың мақсатын жүзеге асырудың қолайлы жолдарын анықтау.

  228. Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.

  229. Талант – арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.

  230. Тарихи-салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.

  231. Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.

  232. Тәрбие – тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс.

  233. Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.

  234. Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.

  235. Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.

  236. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

  237. Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.

  238. Тәрбие прициптері - тәрбие процесіне қойылатын талаптар.

  239. Тәсіл - әдістің құрамдас бөлігі

  240. Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ., қатаң бақылауда өтетін тексеру.

  241. «Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

  242. Технология - «техно» -өнер, шеберлік, «логос» - ғылым деген сөздерден құралған.

  243. Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара ерекшелігі. Темпераменттің холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик деген типтері бар.

  244. Теория – таным процесінің нәтижесі.

  245. Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жинағы.

  246. Теориялық зерттеу әдістері - әдеби көздерді зерттеу, талдау және жинақтау, абстракциялау және жалпылау, модельдеу, болжау, математикалық әдістер.

  247. Топ – уақытша әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы.

  248. Топтық жұмыс – оқушылар төрт-бес адамнан бірігіп тапсырма орындауы.

  249. Трамп-план – уақыттың 40%- лекцияға (100-150 адам), 20%- талқылауға, 40%- (10-15 адамнан топқа бөлініп) оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған оқыту формасы. ХХғ-шы жылдары ойлап тапқан американдық профессор, педагог Л.Трамп.

  250. Түсіндіру - тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.

  251. Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.

  252. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.

  253. Тікелей бақылау – зерттеуші өзі жүргізеді.

  254. Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.

  255. Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.

  256. Ұлттық мектеп - ана тілін, ұлтының тарихын, төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерді жүйелі түрде оқытатын мектеп.

  257. Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілі, ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы мен дамуы.

  258. Ұлттық мәдениет - кең мағынада - ұлттың рухани дүниетанымы, тар мағынада - ұлттық өнер, әдебиет, білім, т.б.

  259. Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықшылығы туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат.

  260. Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімі.

  261. Ұлттық әдет - жеке ұлт өкілінің күнделікті тұрмыста қалыптасып кеткен тұрақты іс-әрекеті.

  262. Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі ұлт ортасында, ұлт тобында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

  263. Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс-тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

  264. Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

  265. Ұлт – Аймақ бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

  266. Ұлттық сана–сезім – адамдардың өз этносына, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы.

  267. Ұлттық өзіндік сана–сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік–этностық қауымдастыққа жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, көңіл–күйде, эмоцияда көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

  268. Үйрету - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру.

  269. Үйірме – оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігіне қарай ұйымдастырылатын жұмыс түрі.

  270. Үздіксіз бақылау - оқу-тәрбие процесінде үзіліссіз жүргізіледі.

  271. Факультатив - оқушылардың қалауы бойынша пәнді тереңдетіп оқыту формасы.

  272. Фактор - әсер ететін күштер. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар ішкі (тұлғаның өз белсенділігі,іс–әрекеті) және сыртқы (орта, тәрбие) болып бөлінеді.

  273. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, тұрақты. Сырттай байсалды, бірқалыпты, сезімдерін сыртқа шығармайды, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, тиянақты, қимылы баяу.

  274. Формальды (ресми) топ – штат кестесі, жарғы т.б. ресми құжаттар негізінде құрылған топ.

  275. Формальды емес (ресми емес) топ – өзара ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы негізінде құрылған топ.

  276. Фронтальдық жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен бірдей тапсырма орындауы.

  277. Харизма (грекше–сый) – ерекше дарындылықты білдіретін ұғым. Діни наным бойынша харизма – құдайдан берілетін сый.

  278. Холерик – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң. Белсенді, пысық, батыл. Тез ашуланады, ұстамсыз. Істі тез бастап, тез аяқтайды. Ұйымдастырушылық қабілеті мол.

  279. Циклограмма – мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.

  280. Цитата - тексттегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру.

  281. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы.

  282. Шағын топ – біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір–бірімен тікелей қарым–қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі.

  283. Іс–әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Іс–әрекеттің үш түрі бар: ойын, оқу, еңбек.

  284. Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.

  285. Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

  286. Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.

  287. Эвристика – жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер.

  288. Эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу.

  289. Экскурсия - музейге, табиғатқа, өндіріске көшірілген сабақ түрі.

  290. Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.

  291. Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру

  292. Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

  293. Эмоция – қоршаған ортамен қарым–қатынас негізінде пайда болатын көңіл–күй.

  294. Эмпирика (гр. Empeiria) – тәжірибе деген мағынаны білдіреді.

  295. Эмпирикалық зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрау, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмыстарын зерттеу.

  296. Эмпатия – өзге адамдардың жан–дүниесінің сыры мен күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.

  297. Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру

  298. Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.

  299. Этнопсихология–адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

  300. Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

  301. Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

  302. Этнопедагогикалық білім - этнопедагогика ғылымының теориялық негіздері.

  303. Этнопедагогикалық іскерлік-этнопедагогикалық білімдерді практикада қолдану қабілеті.

  304. Этнопедагогикалық дағды-ұлттық тәрбие беруге қажетті этнопедагогикалық іскерліктердің қалыптасуы мен дамуы.

  305. Этнопедагогикалық дайындық - этнопедагогикалық білімдерді игеру, солар арқылы этнопедагогикалық іскерліктер мен дағдылардыің дамуы.

  306. Этностық топтар–тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

  307. Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

  308. Этнография-халықтардың пайда болуы, құрамы, мәдени-тарихи ерекшеліктерін зерттейтін тарих ғылымының саласы.

  309. Этнография - грек тілінен аударғанда «халық туралы жазу» деген мағынаны білдіреді.

СИЛЛАБУС