- •Глоссарии
- •Титул беті
- •.Оқытушы туралы мәліметтер
- •5. Қысқаша сипаттама:
- •6. Сабақ жоспары
- •6.2. Соөж оқу-тақырыптық жоспары
- •Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •8.Баға бойынша ақпарат
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
- •5В01000 педагогикалық мамандықтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Көкшетау, 2015
- •Педагогика пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:
- •1 Бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Көкшетау, 2015
- •Кеңес беру функциясы:
- •Бақылау функциясы:
- •Соөж-дың тақырыптары бойынша тапсырмалар
- •7 Тақырып Кеңестік Ресей педагогтары.
- •8 Тақырып Жаңашыл педагогтар
- •9 Тақырып Орта ғасырдағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер
- •10 Тақырып Қазақстанда педагогиканың хХғ. Дамуы
- •11 Тақырып Әлеуметтендіру, дамыту, тәрбие, оқыту, қалыптастыру ұғымдарының ара қатынасы
- •12 Тақырып Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
- •13 Тақырып Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі
- •14 Тақырып Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу
- •15 Тақырып Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру
- •16 Тақырып Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы
- •17 Тақырып Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •18 Тақырып Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құрудағы іс-әрекеті
- •19 Тақырып Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі ролі
- •20 Тақырып Тұлғалық-бағдарлы білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы
- •21 Тақырып Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі
- •22 Тақырып Инклюзивті білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны
- •29 Тақырып Мектептегі әдістемелік қызмет
- •30 Тақырып Педагогикалық практикада мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Рефераттардың тақырыптары:
- •Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •2 Курс, 3 семестр
- •І аралық бақылау материалдары
- •Көкшетау, 2015
- •2 Курс, 3 семестр
- •Емтихан сұрақтарының тізбесі
- •5В01000 Педагогикалық мамандықтар
- •2 Курс, 3 семестр
5. Қысқаша сипаттама:
Пәнді оқытудың мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби–педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру
Пәнді оқытудың міндеттері:
Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру;
студенттерді болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі ретіндегі кәсіби іс–әрекет теориясы туралы білімдермен қаруландыру;
болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс–әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру;
болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық, т.б.) дамыту;
түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) дамыту;
студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
6. Сабақ жоспары
6.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
р/с |
тақырыбы |
Күндізгі бөлім |
Сырттай бөлім |
Оқу және әдіст. Әдебиет тер |
||
Дәріс саб сағ. |
Прак саб сағ. |
дәріс |
практ |
|||
1 |
1 бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері Педагогика тарихы ғылым ретінде.Оқу пәнінің мақсаты, міндеттері, әдіснамасы. Әр түрлі тарихи кезеңдерде педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденциялары |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.7 Қ.ә.7,12,13,28 |
2 |
Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы Алғашқы қауым, Кайназой эрасы, Тас ғасырындағы тәрбие. Ежелгі Шығыстағы тәрбие және оқыту. Антикалық дәуірдегі білім беру ерекшеліктері. Орта ғасырдағы оқыту мен тәрбие. Орта Азиялық Ренессанс |
1 |
|
|
|
Н.ә.7 Қ.ә.7,12, 13, 19,28 |
3 |
Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар.ХҮІІ-ХҮІІІғғ. Еуропалық елдердегі ағартушылық. В.Ратке, Я.Коменский..ХІХ-ХХғ мектеп және ағартушылық. И.Песталоцци. А.Дистервег. Шетелдегі білім берудің қазіргі тенденциялары |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.7 Қ.ә.7,11, 12,13,28 |
4 |
Ресейде педагогиканың дамуы Ежелгі Русьтегі білім беру.ХҮІІ-ХҮІІІғ педагогикалық теориялар.Кеңестік дәуірдегі білім беру жүйесі мен педагогика |
1 |
|
|
|
Н.ә.7 Қ.ә.7,11, 12,13,28 |
5 |
Қазақстанда педагогиканың дамуы Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ой-пікірлер. Ағартушы-демократтардың педагогикалық көзқарастары Алашордалықтардың педагогикалық көзқарастары.Мұғалім кадрларды даярлау |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.7 Қ.ә.7,12, 13 |
6 |
ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары Педагогика ғылымының жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. |
1 |
|
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10 |
7-8
|
Қазіргі педагогиканың әдіснамасы. Философиялық заңдар, заңдылықтар Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдістері |
2 |
1 |
|
|
Н.ә.5,6 Қ.ә.1,2, 7,32 |
9 |
Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі Тұлға туралы ұғым. Тұлғаның дамуы, әлеуметтенуі. Тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға әсер ететін факторлар Оқушылардың жас ерекшелік кезеңдері |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 12,30 |
10 |
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні мен құрылымы. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің техноллогиясы. |
1 |
|
|
|
Н.ә.5,6 Қ.ә.1,2, 7,32 |
11 |
ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы ТПҮ мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары ТПҮ – педагогикалық қызмет пен мұғалім іс-әрекетінің обьектісі. ТПП компоненттері, қозғаушы күштері, құрылымы, заңдары мен заңдылықтары. ТПҮ принциптері. |
1 |
1 |
1 |
|
Н.ә. 5,6,15,16 Қ.ә.9,10,30,31 |
12 |
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты. |
1 |
|
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10 |
13 |
Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі Дүниетанымның негізгі компоненттері, құрылымы, қалыптастыру жолдары. Тұлғаның құндылық бағдары. Дүниетанымды қалыптастырудың қазіргі кездегі мәселелері. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10,17 |
14 |
ТПҮ тәрбиенің мәні мен мазмұны ТПҮ тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Кәсіптік бағдар беру жұмысы. Толеранттылыққа тәрбиелеу. Әлеуметтендірудің педагогикалық сипаттамасы. |
1 |
|
1 |
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10, 17,22,23 |
15-16 |
Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі Тәрбиелік жұмыс формалары. Тәрбие әдістері. Тұлға тәрбиелілігінің диагностикасы. |
2 |
1 |
|
1 |
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10 |
17 |
Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі. «Ұжым» ұғымы. Ұжымның қалыптасу кезеңдері. Ұжымдық дәстүр. Ұжымға педагогикалық басшылық жасау. Тұлға және ұжым. Балалар ұжымының мониторингі. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10 |
18
|
Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы. Сыныптың тәрбие жүйесі. Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы. Тәрбие үдерісінде АКТ қолдану. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі. |
1 |
|
|
|
Н.ә.15, 16 Қ.ә. 14,23,25,35,36 |
19 |
Отбасы тәрбиесінің негіздері Отбасының қызметтері мен типтері. Отбасы тәрбиесінің нормативтік құқықтық негіздері. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері. Отбасы тәрбиесінің этникалық ерекшеліктері. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.1,2, 6,8,11 Қ.ә.2,6, 9, 10 |
20 |
ТПҮ құрылымындағы оқыту. Дидактика туралы түсінік. Оқыту- ТПҮ негізгі бөлігі. Оқыту процесінің мәні, психологиялық негіздері, қызметі. Оқыту процесінің құрылымы, заңдылықтары, принциптері. Тұлғалық бағдарлы оқыту. Электронды оқыту. Дидактикалық құзыреттілік |
1 |
|
1 |
|
Н.ә.4,8,9,10 Қ.ә. 6,18, 20, 24 |
21 |
Қазіргі мектептегі білім мазмұны. «Білім мазмұны» ұғымы. Білім берудің құрылымы, түрлері. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.4,8,9,10 Қ.ә. 6,18, 20, 24 |
22-23 |
Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері Оқыту формалары туралы түсінік. Оқытуды ұйымдастырудың тарихи формалары. Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері мен құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар. Сабаққа талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Оқыту әдістері. Инновациялық және интербелсенді әдістер. |
2 |
|
1 |
1 |
Н.ә.4,8,9,10 Қ.ә. 6,18, 20, 24 |
24 |
Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру, бақылау және бағалау.Бақылау мен бағалаудың қызметі, түрлері, қазіргі замандағы формалары. Тестілік және рейтингілік бақылау. Бағалау жүйесі. Оқушылардың портфолиосы. ҰБТ. |
|
1 |
|
|
Н.ә.4,8,9,10 Қ.ә. 6,18, 20, 24 |
25 |
Оқушылардың ТПҮ-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушыларды оқыту мотивтері. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеттері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің дәстүрлі және инновациялық әдістері. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.4,8,9,10 Қ.ә. 6,18, 20, 24 |
26 |
Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар. Инновация туралы түсінік. Педагогикалық инновацияның обьектісі мен пәні. Инновациялық мектептер. Педагогикалық технологиялардың түрлері мен жіктемесі. |
1 |
|
1 |
1 |
Н.ә.8,9, 10,14 Қ.ә. 33,34 |
27 |
ІҮ бөлім. Мектептің ТПҮ басқару. ТПҮ ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Педагогикалық менеджмент ұғымы. Басқарудың мәні, қызметі, негізгі қағидалары. Мектеп әкімшілігінің қызметі. Мектептегі алқалық ұйым мен әдістемелік қызмет. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолдары. Мұғалімдерді аттестациялау. |
1 |
1 |
|
|
Н.ә.11, 15,16 Қ.ә. 8,26,33, 36 |
28-29 |
Мектептің ТПҮ диагностикалау және жоспарлау. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері. Мектепішілік бақылаудың түрлері мен формалары. Мектеп жұмысын жоспарлау түрлері. Мектеп құжаттарының сипаттамасы. Электрондық құжаттар. |
2 |
|
|
|
Н.ә.11, 15,16 Қ.ә. 8,26,33, 36 |
30 |
ҚР-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері Білім беруді басқарудың әр түрлері. ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары. 12-жылдық білім беруді басқару моделі. |
1 |
1 |
1 |
|
Нормативті құжат тар |
|
барлығы |
30 |
15 |
6 |
3 |
|
