- •Глоссарии
- •Титул беті
- •.Оқытушы туралы мәліметтер
- •5. Қысқаша сипаттама:
- •6. Сабақ жоспары
- •6.2. Соөж оқу-тақырыптық жоспары
- •Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •8.Баға бойынша ақпарат
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
- •5В01000 педагогикалық мамандықтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Көкшетау, 2015
- •Педагогика пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:
- •1 Бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Көкшетау, 2015
- •Кеңес беру функциясы:
- •Бақылау функциясы:
- •Соөж-дың тақырыптары бойынша тапсырмалар
- •7 Тақырып Кеңестік Ресей педагогтары.
- •8 Тақырып Жаңашыл педагогтар
- •9 Тақырып Орта ғасырдағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер
- •10 Тақырып Қазақстанда педагогиканың хХғ. Дамуы
- •11 Тақырып Әлеуметтендіру, дамыту, тәрбие, оқыту, қалыптастыру ұғымдарының ара қатынасы
- •12 Тақырып Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
- •13 Тақырып Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі
- •14 Тақырып Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу
- •15 Тақырып Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру
- •16 Тақырып Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы
- •17 Тақырып Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •18 Тақырып Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құрудағы іс-әрекеті
- •19 Тақырып Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі ролі
- •20 Тақырып Тұлғалық-бағдарлы білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы
- •21 Тақырып Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі
- •22 Тақырып Инклюзивті білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны
- •29 Тақырып Мектептегі әдістемелік қызмет
- •30 Тақырып Педагогикалық практикада мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Рефераттардың тақырыптары:
- •Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •2 Курс, 3 семестр
- •І аралық бақылау материалдары
- •Көкшетау, 2015
- •2 Курс, 3 семестр
- •Емтихан сұрақтарының тізбесі
- •5В01000 Педагогикалық мамандықтар
- •2 Курс, 3 семестр
Н.4.02-01
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК
Студенттерге арналған пән
БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пән: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
Мамандығы: 5B012000 - «Кәсіптік оқыту»
оқыту түрі: күндізгі, сырттай
Көкшетау 2016
Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген және қолданысқа енгізілген, Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде 15.05.2012ж. хаттама №18, қарастырылып бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Құрастырған: Асаров Мұрат Мұзарапұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы
Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған
«31 » 08 2016 ж. хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі Наби Лиза
Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«01» 09 2016 ж. хаттама № 1
ОӘК
төрағасы
Құрманова
А.Қ.
Глоссарии
Автоматтану – сананың бақылауынсыз істелген іс–әрекет. Автоматтану көбінесе әдет пен дағдыға тән.
Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.
Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық ұғымдарымен мағыналас).
Адамгершілік тәрбиесі – балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие – отансүйгіштік, басқа азаматтар мен мемлекетке деген сыйластық сезімді тәрбиелеу.
Айқындаушы (анықтаушы) эксперимент – зерттеу обьектісінің бастапқы жағдайын анықтап көрсетеді.
Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей) –адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.
Аксиология (грек. құндылық) – адамның, топтың, ұжымның, қоғамның мәдени, рухани, материалдық, адамгершілік, психологиялық құндылықтары туралы ілім.
Андрогогика – ересек адамдармен жұмыс істеу жолдары, мазмұны.
Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту
Ақпарат – басқарылатын жүйенің жай–күйін сипаттайтын, сондай–ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.
Анализ - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу.
Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру;
Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Анонимдік анкета – жауап беруші өзінің аты–жөнін жазбайды.
Атаулы анкета – жауап беруші өзінің аты–жөнін жазады
Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейін анықтау.
Ашық анкета – зерттелуші сұрақтарға өз ойынан жауап береді.
Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, тұрақты дағды.
Әдіс (гр. «методос» - метод) - ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары.
Әдіснама (методология) - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Әдістеме (методика) - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтену – адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі
Әлеуметтендіру – адамды әлеуметтік қарым–қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар иен құндылықты игеру –негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) – индивидтің қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы.
Әлеуметтік кемелдену – өзінің іс–әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым–қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз–өзіне баға беруі.
Әңгіме - балалардың санасын қалыптастыратын тәрбие әдісі.
Әңгіме – сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.
Әрекет – адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі.Әрекет қажеттіліктен туындайды.
Әскери педагогика - әр түрлі рангтегі әскери адамдардың тәрбиелік іс-әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейді.
Бағалау – көрсетілген критерий бойынша студенттердің БІД-ның сапасын анықтау.
Бағалау - бір нәрсенің сапасын анықтау.
Бағалау формалары - бес баллдық, ауызша, жазбаша, тест, рейтинг.
Бағыттылық – қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғалық қызметін бағыттайтын ұғым.
Байқағыштық – адамның заттың, құбылыстың егжей–тегжейін аңғаратын қабілеті.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.
Бақылау әдістері - ауызша, жазбаша.
Бақылау түрлері - ағымдық, аралық, қорытынды.
Бақылау формалары - фронталдық, топтық, дербес.
Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.
Белсенділік – адамның күнделікті іс–әрекетте кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті.
Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру;
Бихевиоризм – жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын бағыт. Оның негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайк (1874-1949).
Болжау әдісі - зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс
Бригадалық-лабораториялық форма - ХХғ 20-шы жылдары россияда пайда болған. Оқушылар бригадаларға бөлініп, тапсырманы бірлесіп орындайды.
Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.
Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.
Білім берудің формальдық теориясы – оқытудың мақсаты оқушылардың танымдық қабілетінің дамуы, ес, ойлау қабілеттеріне көңіл бөлу. Бұл теорияны И.Песталоцци, А.Дистервег жақтаған.
Білім беру жүйесі - білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығы.
Білім беру стандарты – оқушылар меңгеретін міндетті білім деңгейін көрсететін құжат
Белсенділік - адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайы.
Генетика - тұқым қуалаушылық жайлы ғылым.
Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.
Гипотеза – тексеруді қажет ететін болжам.
Гносеология (грек. gnosis – таным, logos – ғылым) – таным іс–әрекеті процесін, оның мазмұндық негізін зерттейтін таным теориясы.
Гуманизм – адамға деген махаббат, сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қарым–қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы формасы.
Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.
Дальтон-план – оқушылардың мұғалімнің тапсырмасымен үйде өздігінен дайындалуына негізделген оқыту формасы. ХХғ. басында АҚШ-та Е.Паркхерст деген мұғалім ойлап тапқан.
Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).
Даралық – бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы, оның ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән ерекшелігі.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Девиантты мінез-құлықты балалар, немесе «қиын балалар» - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Дедуктивтік ойлау - жалпыдан жекеге қарай ойлау.
Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайту, сақтау, дененің дұрыс дамуын қалыптастыру.
Дефектология - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойында табиғи кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы.
Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Дидактика - гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - оқыту, үйрету. «Дидактика» терминін енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратхия) (1571-1635)
Дидактикалық тест – оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.
Дидактикалық жүйе – оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығы.
Дискретті бақылау – белгілі уақытта үзіліп, артынан қайта жалғасатын бақылау.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген дұрыс көзқарасты, еңбексүйгіштікті, еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетін қалыптастыру.
Есте сақтау – материалдың жадыда сақталуын қамтамасыз ететін процесс. Есте сақтау жаңа білімнің кейін қалпына келтірілуінің маңызды шарты.
Жабық анкета – зерттелуші алдын–ала ұсынылған бірнеше мүмкін жауаптарды таңдайды.
Жалпы педагогика – педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика – әр түрлі жастағы топтардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Жазалау - оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.
Жаттықтыру - әр түрлі ситуацияларда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.
Жарыс - балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.
Жанама бақылау – басқа адамның көмегімен жүзеге асырылады.
Жасырын бақылау – зерттеушілер өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді, техникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі.
Жеке жұмыс - әр оқушының өздігінен тапсырманы орындауы
Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.
Жоспарлау – іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.
Жылдық жоспар – жазғы каникулды қосқанда –мектеп іс–әрекетінің барлық жағын қамтитылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынып, бүкіл оқу жылына арналған жоспар.
Заңдылық - жүйе ішіндегі бірліктердің байланысы.
Заң - қалыптасқан обьективті шындық,
Имандылық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы.
Интервью (сұқбат) - алдын-ала дайындалатын сұрақ-жауап арқылы бір адамды зерттеу.
Инновация - ағылшын сөзі, жаңалық деген мағынаны білдіреді.
Инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.
Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға қарай қозғалуы.
Индивид (лат, жекелік) – адамзатттың еш қасиеттері ескерілмеген өкілі.
Категория - ғылымның негізгі ұғымдары.
Кәсіптік білім беру - әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жайлы біліммен оқушыларды қаруландыру.
Кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар беру мақсатымен әрбір оқушыны зерттеу.
Кәсіптік іріктеу - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамды не жарамсыздығын анықтау, профессиограмма жасау.
Кәсіптік консультация - оқушының мамандыққа бейімділігін, мүмкіншіліктерін анықтау, сол мамандыққа жарамдылығы туралы шешім шығару.
Кәсіптік адаптация - әр түрлі жоғары оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделуі.
Классификация - топқа жіктеу.
Компонент – жүйенің жеке дара бөлігі.
Конвенция – арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт.
Конкурс – оқушылардың ой–өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылатын шара.
Конфессия - діни ұйым.
Конференция – кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында қткізілетін сабақ түрі.
Конспект - тексттің қысқаша мазмұны.
Көзқарас – дүниетанымның бір бөлігі, адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы.
Көңіл–күй – индивидтің құптайтын немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күйі.
Креативтілік (лат. creatio – жасау) – адамның шығармашылық даму деңгейі, шығармашылық қабілеті.
Күнделікті жоспарлау – мұғалімнің бір сабаққа тиянақты дайындығы.
Қабілет – адамның белгілі бір іс–әрекет түріне икемділігі.
Қажеттілік – организмнің ішкі күйі, бір нәрсеге, іске мұқтаж болуы.
Қайта тәрбиелеу - оқушының тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған тәрбиелік ықпалдар жүйесі.
Қалыптасу - даму мен тәрбие процесінде адамның жетілуі, яғни ақыл-ойының, мінез-құлқының жетілуі.
Қалыптастырушы эксперимент – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталады.
Қарама қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Қарым–қатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.
Қоғамдық пікір - ұжым мүшелерінің баға беруі.
Құқықтық тәрбие – қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.
Құзыр (компетенция) – қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Қызығу – пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.
Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.
Лабораториялық жұмыстар - арнайы құралдарды пайдаланып, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құбылыстарды, заттарды зерттеуі.
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, оқушылардың белгілі бір тобымен өтеді.
Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін бүкіл әлем, космос.
Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.
Мангейм жүйесі – оқушыларды қабілетіне қарай саралап оқыту.
Мәдениет – латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Мәдениет дегеніміз материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.
Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту, қорғау жайлы ғылым.
Мезофактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың үлкен тобы: қала, ел, мемлекет, қоғам.
Меланхолик – эмоциялық қозуы әлсіз тип. Сезімтал, жаны нәзік, тез ренжиді, жылауға бейім. Іске баяу кіріседі, бастаса, аяқтап шығады. Ұялшақ, жасқаншақ, өзіне сенімсіз.
Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда басқару дегенді білдіреді.
Менеджер – басқару функциясын жүзеге асыратын адам, кәсіби басшы.
Микрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін отбасы, туыстары, ауласы, көшесі.
Модельдеу әдісі - зерттелетін проблеманың көрнекі бейнесін жасау
Модус - адамның қажеттіліктері, мақсат-мүдделері, наным-сенімдері, ынта-ықыластары
Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.
Мұрат - адам баласының жоғары мақсаты, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Міндет - мақсатқа жету жолдары.
Мінез – адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның тұрақты және тұрлаулы жеке–дара қасиеті.
Неотомизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт.
Нысана (обьект) – ғылымның зерттеуге алатын саласы.
Нышан – қабілеттің дамуына негіз болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшелік.
Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі.
Оқу – оқушының алдағы әс–әрекеті үшін қажетті білім, іскерлік, дағдыны мақсатты түрде меңгеру процесі.
Оқырмандар конференциясы – оқушылардың танымдық қабілетін, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатымен өтілетін тәрбие шарасы.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы.
Оқытудың педоцентристік жүйесі – басты роль оқуға, баланың іс–әрекетіне беріледі. Бұл жүйенің негізін Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі» (азаматтық тәрбие), В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» теориялары құрайды.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі – басты роль білім беруге, мұғалімнің іс–әрекетіне беріледі. Оның негізін Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарттың теориялары құрайды..
Оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс.
Оқыту процесінің функциялары - білім беру, тәрбиелік, дамыту.
Оқыту принциптері - оқытуға қойылатын талаптар.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандар мен демалыстырдың ұзақтығын, оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат.
Оқу бағдарламасы - пәндер бойынша оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқыту әдісі – оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті.
Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.
Парадигма (грекше paradeigma – үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктердің (теориялар, әдістер, концепциялар) жүйесі. Парадигма ұғымын енгізген американдық ғалым Т.Кун.
Патриотизм - Отаншылдық, туған жеріне деген адал ниет, оны сүю және қастерлеу.
Пән – нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі.
Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайлы ғылым.
Педагогика - гректің «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу деген сөздерінен шыққан.
Педагогика пәні - тұтас педагогикалық процесс.
Педагогиканың обьектісі – педагогикалық іс-әрекет.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Педагогикалық бақылау - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. П.б. ашық, жасырын, жанама, тікелей, үздіксіз, дискретті деген түрлері бар.
Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.
Педагогикалық шығармашылық – оқу–тәрбие процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларында балалармен қарым–қатынаста оқытушының оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.
Педагогикалық–психологиялық диагностика – оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.
Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХғ. екінші жартысы).
Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.
Педагогикалық менеджмент – оқу–тәрбие және оқу–танымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.
Педология – «балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.
Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).
Перспектива - ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.
Перспективалық жоспар – мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде алдағы бес жылға жасалған жоспар.
Персонификация (лат. жеке тұлға) – ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.
Полярлық анкета – зерттелуші сұрақтарға балл арқылы жауап береді.
«Принцип» латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.
Процесс (лат. «processus») - алға қозғалу дегенді білдіреді.
Преформизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ролін айрықша бағалайтын бағыт. Баланың қабілеттері, мінез-құлқы анасының құрсағында жатқанда қалыптасады деп түсіндіреді.
Прагматизм (грекше прагма – іс–әрекет, тәжірибе) - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын бағыт. Негізін салушы Джон Дьюи (1859-1952)
Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.
Психика – обьективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.
Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы күрделі бейнелері.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер.
Психология - психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Пікір – бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын не теріске шығаратын талас ой.
Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.
Ранжирлеу – құбылыстардың, сапалардың өсуін, не төмендеуңн анықтау үшін қолданылатын әдіс.
Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.
«Рейтинг» - ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді.
Реферат - белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;
Рефлекс – организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакциясы. Рефлекс шартты (туа біткен) және шартсыз (қалыптасқан) болып бөлінеді.
Рефлексия – адамның өз іс–әрекеті мен күйіне талдау жасауға бағытталған ішкі психологиялық қызметі, өзін–өзі тану процесі.
Руханилық – адамның жеке тұлғалық шығармашылық–тәлімдік мәдени–әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы.
Сана – әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі.
Сауықтыру педагогикасы - оқу-тәрбие процесәнен ұзақ уақыт қол үзген, ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру мәселесін зерттейтін педагогиканың саласы.
Салауаттылық - ішкілік, темекі тарту, нашақорлық, т.б. зиянды, жаман қылықтардан аулақ болу.
Салыстырмалы педагогика - әрбір елдердегі білім беру мен тәрбие жүйелерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Сангвинник – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң, бірақ тұрақсыз. Көңіл–күйі тез өзгереді. Бір істен екінші іске тез ауысады. Көңілді, белсенді. Кейде берген уәдесін орындамайды.
Себеп-салдарлық әдіс - құбылыстың себебі мен салдарын анықтау.
Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.
Семинар - жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі. Семинар тақырыпты тереңдете оқып-үйренуге, талқылауға арналады.
Синтез - заттың бөліктерін ойша біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.
Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.
Сұқбат – әңгіменің бір түрі, обьектінің өзінің іс–әрекеті туралы баяндауына негізделген.
Социометрия - ұжымдағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.
Статистикалық әдіс - зерттеу нәтижесін формулалар мен есептеу арқылы анықтау әдісі.
Сынып – жас ерекшеліктеріне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы.
Сыныптық–сабақ жүйесі – жас мөлшері біркелкі топтан құралған, тұрақты құрамы бар, оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына негізделген, оқу кестесі арқылы өтетін оқыту.
Сынып сағаты – барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін–өзі басқарудың жоғарғы органы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыруда оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау.
Табиғи эксперимент – қалыпты жағдайда жүргізіледі.
Тақырыптық жоспарлау – оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы не тарауы бойынша өтілетін сабақтардың мақсатын жүзеге асырудың қолайлы жолдарын анықтау.
Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.
Талант – арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Тарихи-салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.
Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.
Тәрбие – тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс.
Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.
Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.
Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.
Тәрбие прициптері - тәрбие процесіне қойылатын талаптар.
Тәсіл - әдістің құрамдас бөлігі
Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ., қатаң бақылауда өтетін тексеру.
«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.
Технология - «техно» -өнер, шеберлік, «логос» - ғылым деген сөздерден құралған.
Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара ерекшелігі. Темпераменттің холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик деген типтері бар.
Теория – таным процесінің нәтижесі.
Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жинағы.
Теориялық зерттеу әдістері - әдеби көздерді зерттеу, талдау және жинақтау, абстракциялау және жалпылау, модельдеу, болжау, математикалық әдістер.
Топ – уақытша әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы.
Топтық жұмыс – оқушылар төрт-бес адамнан бірігіп тапсырма орындауы.
Трамп-план – уақыттың 40%- лекцияға (100-150 адам), 20%- талқылауға, 40%- (10-15 адамнан топқа бөлініп) оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған оқыту формасы. ХХғ-шы жылдары ойлап тапқан американдық профессор, педагог Л.Трамп.
Түсіндіру - тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.
Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.
Тікелей бақылау – зерттеуші өзі жүргізеді.
Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.
Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Ұлттық мектеп - ана тілін, ұлтының тарихын, төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерді жүйелі түрде оқытатын мектеп.
Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілі, ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы мен дамуы.
Ұлттық мәдениет - кең мағынада - ұлттың рухани дүниетанымы, тар мағынада - ұлттық өнер, әдебиет, білім, т.б.
Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықшылығы туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат.
Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімі.
Ұлттық әдет - жеке ұлт өкілінің күнделікті тұрмыста қалыптасып кеткен тұрақты іс-әрекеті.
Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі ұлт ортасында, ұлт тобында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.
Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс-тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.
Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлт – Аймақ бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.
Ұлттық сана–сезім – адамдардың өз этносына, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы.
Ұлттық өзіндік сана–сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік–этностық қауымдастыққа жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, көңіл–күйде, эмоцияда көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.
Үйрету - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру.
Үйірме – оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігіне қарай ұйымдастырылатын жұмыс түрі.
Үздіксіз бақылау - оқу-тәрбие процесінде үзіліссіз жүргізіледі.
Факультатив - оқушылардың қалауы бойынша пәнді тереңдетіп оқыту формасы.
Фактор - әсер ететін күштер. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар ішкі (тұлғаның өз белсенділігі,іс–әрекеті) және сыртқы (орта, тәрбие) болып бөлінеді.
Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, тұрақты. Сырттай байсалды, бірқалыпты, сезімдерін сыртқа шығармайды, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, тиянақты, қимылы баяу.
Формальды (ресми) топ – штат кестесі, жарғы т.б. ресми құжаттар негізінде құрылған топ.
Формальды емес (ресми емес) топ – өзара ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы негізінде құрылған топ.
Фронтальдық жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен бірдей тапсырма орындауы.
Харизма (грекше–сый) – ерекше дарындылықты білдіретін ұғым. Діни наным бойынша харизма – құдайдан берілетін сый.
Холерик – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң. Белсенді, пысық, батыл. Тез ашуланады, ұстамсыз. Істі тез бастап, тез аяқтайды. Ұйымдастырушылық қабілеті мол.
Циклограмма – мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.
Цитата - тексттегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру.
Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы.
Шағын топ – біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір–бірімен тікелей қарым–қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі.
Іс–әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Іс–әрекеттің үш түрі бар: ойын, оқу, еңбек.
Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.
Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.
Эвристика – жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер.
Эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу.
Экскурсия - музейге, табиғатқа, өндіріске көшірілген сабақ түрі.
Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.
Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру
Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Эмоция – қоршаған ортамен қарым–қатынас негізінде пайда болатын көңіл–күй.
Эмпирика (гр. Empeiria) – тәжірибе деген мағынаны білдіреді.
Эмпирикалық зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрау, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмыстарын зерттеу.
Эмпатия – өзге адамдардың жан–дүниесінің сыры мен күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.
Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру
Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.
Этнопсихология–адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогикалық білім - этнопедагогика ғылымының теориялық негіздері.
Этнопедагогикалық іскерлік-этнопедагогикалық білімдерді практикада қолдану қабілеті.
Этнопедагогикалық дағды-ұлттық тәрбие беруге қажетті этнопедагогикалық іскерліктердің қалыптасуы мен дамуы.
Этнопедагогикалық дайындық - этнопедагогикалық білімдерді игеру, солар арқылы этнопедагогикалық іскерліктер мен дағдылардыің дамуы.
Этностық топтар–тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.
Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.
Этнография-халықтардың пайда болуы, құрамы, мәдени-тарихи ерекшеліктерін зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Этнография - грек тілінен аударғанда «халық туралы жазу» деген мағынаны білдіреді.
СИЛЛАБУС
