Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттар медбике ісі нег 2курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.17 Кб
Скачать

13.Қолды жуып кептіріңіз.

Ауыр халдегі ер адамның жыныс мүшесін жуу

Мақсаты: жыныс мүшелерін таза сақтау, пациенттің жеке гигиенасын сақтау, зәр шығару мүшелерінің инфекциясының алдын алу.

Көрсеткіші: пациенттің ауыр халі

Әзірле: Стерильді: лоток,корцанг, жылы(37-38°С) су немесе калий перманганаттың әлсіз ерітіндісі немесе фурациллин ерітіндісі бар Эсмарх кружкасы, стерильді салфеткалар, клеенка, сабын, судно, қолғаптар, дез ерітіндісі бар ыдыс, КБУ.

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз.

2.Пациентті ширмамен оқшаулаңыз.

3.Пациенттің жамбасының астына клеенка, пеленка төсеңіз, судно қойыңыз.

4. Пациенттің аяқтарын аздап бүгіп , шат аралығын алшақ етіп жатқызыңыз.

5. Су немесе антисептикалық ерітіндісі бар Эсмарх кружкасын дайындаңыз.

6.Қолды жуып кептіріңіз. Халаттың сыртынан клеенкалы фартук, қолғап киіңіз.

7.Пациенттің оң жағына тұрыңыз

8. Жылы суға салфетканы батырып сығып алыңыз.

9.Жыныс мүшесінің басының терісін тартып тұрып салфеткамен айналдыра сүртіңіз.

10.Жыныс мүшесін зәр шығару каналынан қасағаға қарай салфетканы аустыра отырып сүртіңіз.

11.Жыныс мүшенің қалған жерін, аналь тесігін жуып кептіріңіз.

12. Судноны, клеенканы, пеленканы алып тастаңыз, дезинфекциялаңыз.

11.Қолданылған салфеткаларды, қолғапты КБУ қорапшасына тастаңыз, корцангты дез ерітіндіге салып қойыңыз.

12.Пациенттің төсегін түзеп, ыңғайлы етіп жатқызыңыз, көрпесін жабыңыз.

13.Қолды жуып кептіріңіз. Пациенттің функционалдық күйін бағалау.

Температураны өлшеу

Мақсаты: диагностикалық: ересек пациенттің температурасын өлшеу.

Көрсеткіштері: Ағзаның функционалдық күйін бағалау, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу.

Кері көрсеткіштері: пысынау, қолтық асты аймағының қабынуы, қолтық асты аймағындағы гиперемия.

Температураны өлшеу орындары: қолтық асты аймағы, ауыз қуысы, шатаралық қатпары (балаларда), тік ішек.

Әзірле: медициналық термометр, лоток, салфеткалар, температуралық парақ, қара қаламсап, сағат, температуралық журнал, дез ерітіндісі бар ыдыс, таза термометрлерді сақтайтын ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз.

2.Қолды жуып кептіріңіз.

3.Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4.Термометрді алып бүтіндігін тексеріңіз, сілкіп сынап резервуарын 35°С тан төмен түсіріңіз.

5.Қолтық асты аймағын қараңыз: жергілікті қабыну процестері болған жағдайда температура өлшенбейді.

6.Қолтық асты аймағын құрғақ салфеткамен сүртіңіз.

7.Темометрді сынаптық резервуарымен қолтық астына қойыңыз, барлық жағымен денемен жанасып тұруы қажет (пациентке иығын кеудесіне қысуын өтініңіз).

8.Температура өлшеу уақытын белгілеңіз.

9.10 минут өткен соң термометрді алып, көрсеткішін қараңыз.

10.Алынған нәтижені температуралық журналға сандық әдіспен, температуралық параққа сызықтық әдіспен белгілеңіз.

11.Нәтижені пациентке хабарлаңыз.

12.Пайдаланылған термометрді сілкіп сынап резервуарын түсіріңіз.

13.Пайдаланылған термометрді дезинфекциялаңыз.

14.Дез ерітіндінің иісі кеткенше ағынды судың астында шайыңыз, салфеткамен сүртіңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.

15.Қолды жуып кептіріңіз.

Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау

Мақсаты: Жүрек –қан тамыр жүйесінің жағдайын бағалау

Көрсеткіштері: пациенттің жағдайын бақылау.

Зерттеу орындары: кәрі жілік артериясы, шынтақ артериясы, ұйқы артериясы, самай артериясы, тізе арты артериясы, бөксе артериясы, табанның сртқы артериясы.

Пульстің параметрлері: ырғағы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі.

Әзірле: секундомер (сағат), қағаз, қызыл түсті қаламсап, температуралық парақ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз, пульсті анықтау орнын табыңыз.

2.Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.