Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттар медбике ісі нег 2курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.17 Кб
Скачать

4.Қолды жуып кептіріңіз.

5.Бірінші мензуркаға стерильді вазелин майын құйыңыз, екіншісіне фурациллин ерітіндісін құйыңыз.

6.Пинцеттің көмегімен дәкелі тампонды вазелин майына батырыңыз.

7.Тампонды оң қолға алып, бір қабақты сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз- іріңді қабықшаларды жұмсату үшін.

8. Құрғақ тампонмен сол бағытта сүртіңіз - жұмсарған қабықшаларды жою мақсатында.

9.Дәкелі тампонды фурациллин ерітіндісіне малып, сол бағытта сүртіп шығыңыз.

10.Қабақты 4-5 қайтара әртүрлі тампонмен өңдеңіз.

11.Екінші көзді де осы әдіспен өңдеңіз.

12.Қолғапты шешіңіз.

13.Қолданылған тампондарды, қолғапты КБУ қорапшасына салыңыз.

14.Пинцетті, мензуркаларды дезинфекциалық ерітіндіге салыңыз.

15.Қолды жуып кептіріңіз.

Мұрын қуысының күтімі

Мақсаты: Жеке гигиена сақтау, ауыр халдегі пациенттің мұрын қуысының күтімі.

Көрсеткіштері: пациенттің ауыр халі, мұрын қуысында қатып қалған қабыршақтардың болуы.

Әзірле: стерильді: мақта шиыршықтары, мензурка, пинцет, вазелин майы, лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, КБУ.

Іс-әрекет:

1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолды жуып кептіріп, қолғапты киіңіз.

3.Пациентті Фаулер қалпымен жатқызып, басын артқа аздап шалқайтыңыз.

4.Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойыңыз,бас бармақпен мұрын ұшын көтеріңіз,қарап шығыңыз.

5.Мензуркаға вазелин майын құйып, мақта шиыршықтарын пинцетпен ұстап малып алыңыз.

6.Мақта шиыршығын оң қолға алып, мұрын қуысына енгізіңіз, 2-3 минутқа қалдырыңыз.

7.Мақта шиыршықтарын айналдыра шығарып алыңыз.

8.Екінші мұрын қуысын осы әдіспен өңдеңіз.

9.Қолғапты шешіңіз.

10.Қолданылған мақта шиыршықтарын, қолғапты КБУ қорапшасына салыңыз.

11. Пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

12.Қолды жуып кептіріңіз.

Ауыз қуысының күтімі

Мақсаты: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, стоматит және басқа қабыну ауруларының алдын алу.

Көрсеткіштері: төсек тәртібіндегі, ауыр халдегі, әлсіз, қызба кезіндегі паценттедің ауыз күтімі.

Әзірле: стерильді- 2 лоток, 2 пинцет, дәкелі салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, Жане шприці, мензуркалар, вазелин, антисептикалық ерітіндісі бар ыдыс, сүлгі, стақан су, қолданылған материалға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, КБУ қорапшасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Пациенттің ауыз қуысын, қызыл иегін, тілін қараңыз.

3.Мензуркаға антисептикалық ерітінді құйыңыз.

4.Пациентті Фаулер қалпына келтіріңіз.

5.Басын бір жақ қырына бұрыңыз, мойны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз,иегін лотокқа қойыңыз.

6.Қолды жуып кептіріп,қолғап киіңіз.

7.Тіс протездері болса шешіңіз.

8.Шпательмен ұртты итеріп тұрып, пинцетпен антисептикке малынған дәкелі тампонды ұстап әр тісті сыртқы жағынан қызыл иектен бастап тампондарды ауыстыра отырып өңдеңіз.

9.Сол жақты да сол ретпен өңдеңіз.

10.Ауыз қуысының ішкі жағын сол жақтан бастап,сосын оң жақты тампондарды ауыстыра отырып өңдеңіз.

11.Тілді стерильді салфеткамен орап, сол қолмен тартыңыз. Шпательге дәкелі салфетканы орап тілді түбірінен ұшына қарай сүртіңіз, салфетканы 2-3 қайтара ауыстырып отырыңыз.

12.Салфетканы антисептикалық ерітіндіге малып тілді түбірінен ұшына қарай өңдеңіз.

13.Пинцетті, шпательді лотокка салыңыз.

14.Пациенттің аузын Жане шприці көмегімен шайыңыз.

15.Ауыз айналасындағы теріні салфеткамен құрғатып сүртіңіз, ерніне вазелин майын жағыңыз.

16.Құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәкелі салфеткаларды, тампондарды, қолғапты КБУ қорапшасына салыңыз.

17.Қолғапты шешіп, қолды жуып кептіріңіз.

Құлақ күтімі

Мақсаты: Жеке гигиенаны сақтау.

Көрсеткіштері: Пациенттің ауыр халі.

Кері көрсеткіштері: құлақ қалқанында, есту каналында қабыну болу.

Әзірле: стерильді: лоток, пипетка, пинцет, мензурка, мақта шиыршықтары, салфеткалар, қолғап, 3% сутегі асқын тотығы, сабынды ерітінді, дез ерітіндісі бар ыдыс, КБУ қорапшасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолды жуып кептіріп,қолғап киіңіз.

3.Сабынды ерітіндісі бар ыдысты дайындаңыз.

4.Пациенттің басын бір қырына еңкейтіңіз.

5.Салфетканы жылы сабынды ерітіндіге малып, құлақ қалқанын сүртіп шығыңыз, құрғақ салфеткамен кептіріңіз.

6.Мензуркаға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін құйыңыз.

7.Оң қолмен пинцетпен мақта шиыршығын алып, сутегі асқын тотығы ерітіндісіне батырыңыз, сол қолмен құлақ қалқанынартқа және жоғары тартыңыз, мақта шиыршығын есту каналына 1 см енгізіңіз, 2-3 минутқа қалдырыңыз.

8.Құрғақ мақта шиыршығын енгізіп 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9.Мақта шиыршығын айналдыра шығарып алыңыз.

10.Екінші есту каналын сол ретпен өңдеңіз.

11.Қолғапты шешіңіз.

12.Қолданылған мақта шиыршықтарын, салфеткаларды, қолғапты КБУ-ға тастаңыз, пинцет пен мензурканы дез ерітіндіге салыңыз.