Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттар медбике ісі нег 2курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.17 Кб
Скачать

Қауіпсіз ауруханалық орта

Пациенттерді Фаулер қалпына жатқызу

Мақсаты: Пациентке ыңғайлы қалып тудыру

Көрсеткіштері: Ойық жара пайда болу қаупі,жеке бас гигиенасын іске асыру қажеттілігі,пациенттің енжар және мәжбүр қалпы,пациентті тамақтандыру ,тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесінің аурулары.

Әзірле: Жастықтар,валиктер,аяққа тіреуіш,қарапайым немесе функциональды кереует.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке іс әрекет жөнінде түсіндіріп,келісімін алу.

2.Кереуетті тежеуішке қою.

3.Қолды жуып,қолғап киіңіз.

4.Кереуетті көлденең қалыпқа келтіріңіз және пациентті бас жағына жылжытыңыз.

5.Пациенттің кереует ортасында жатқанына көз жеткізіп,жастығын алыңыз.

6.Кереуеттің бас жағын 45-65° бұрышпен көтеріңіз (90° жоғары фаулер қалпы,30° төмен фаулер қалпы) немесе 3 жастық салыңыз.

7.Шынтақ пен білезік астына жастықша қойыңыз (егер пациент өзі қозғала алмайтын болса ) шынтақ пен білезігі көтеріліп тұруы керек және алақаны төмен қарауы керек.

8.Пациенттің белінің астына жастық салыңыз.

9.Бөксесінің астына кішкентай жастықша немесе валик салыңыз.

10.Балтырының 1/3 төменгі бөлігіне кішкентай жастықша салыңыз.

11.Өкшенің астына валик немесе жастықша салыңыз.

12.Табан 90° бұрыш жасап тұруы үшін ,тіреуіш қойыңыз.

13.Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

14.Қолғаптарды шешіп қолды жуып кептіріңіз.

Пациентті Симс қалпына жатқызу

Мақсаты: Пациентке ыңғайлы калып тудыру.

Көрсеткіштері: Пациенттің енжар және мәжбүр қалпы,ойық жараны алдын алу.

Әзірле: 3 жастық,валик,аяққа тіреуіш(тіреуіш құма бар қап),функциональды немесе қарапайым кереует.

Іс – әрекет:

1.Пациентке іс әрекет жөнінде айтып, келісімін алу.

2.Қолды жуып,қолғап кию.

3.Кереуетті тежеуішке қойыңыз.

4.Кереуетті көлденең қалыпқа келтіріңіз.

5.Пациентті арқасына жатқызып,кереует шетіне жылжытыңыз.

6.Пациентті қырымен және жартылай ішімен қалпына келтіріңіз.

7.Пациенттің басының астына жастық салыңыз.

8. «жоғарғы» қолын шынтақта 90°бүгіп,астына жастық салыңыз, «астыңғы» қолын бүкпей төсекке қойыңыз.

9. «жоғарғы» аяғының астына жастық салу,аяқтарына түреуіш қойыңыз 90° бұрыш жасап.

10.Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

11.Қолғапты шешіп,қолды жуып кептіру.

Пациентті ішімен жатқызу

Мақсаты: Пациентке ыңғайлы калып тудыру.

Көрсеткіштері: Пациенттің енжар және мәжбүр қалпы,ойық жараны алдын алу.

Әзірле: функциональды кереует,шағын жастықшалар-8,жастықтар-2.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациенттің халін ,көмектесу мүмкіндігін бағалаңыз.

2.Қолды жуып,қолғап киіңіз.

3.Кереуетті тежеуішке қойыңыз.

4.Кереуетті көлденең қалыпқа келтіріңіз,пациенттің басының астынан жастықты алып тастаңыз.

5.Пациенттің қолын шынтақ буынында жазып,денесіне параллель қойып,қолдарын бөксесінің астына енгізіңіз,пациентті қолы арқылы аударыңыз.

6.Пациенттің денесін кереует ортасына жатқызыңыз.

7.Пациенттің басын бір қырына бұрып,астына төмен жастық қойыңыз.

8.Пациенттің ішінің астына диафрагмадан төмен жастың қойыңыз.

9.Пациенттің қолдарын,иық буынында бүгіп,жоғары көтеріңіз,алақандары басының жанында орналасуы қажет.

10.Шағын жастықшаларды шынтақ иық асты және қолдарының астына қойыңыз.

11.Аяқ табандарының астына жастықтар қойыңыз.

12.Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

13.қолғапты шешіп,қолды жуыңыз.

Пациентті арқасымен жатқызу.

Мақсаты: Пациентке ыңғайлы калып тудыру.

Көрсеткіштері: Пациенттің енжар және мәжбүр қалпы,ойық жараны алдын алу.

Әзірле: Функциональды кереует,валиктер-4,шағын жастықшалар-2,жастық-2,аяққа тіреуіш(құмы бар тіреуіш).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациенттің халін,көмектесі мүмкіндігін бағалау.

2.Қолды жуып,қолғап киіңіз.

3.Кереуетті тежеуішке қойыңыз.

4.Кереуетті көлденең қалыпқа келтіріңіз,пациенттің басының астынан жастықты алып тастаңыз.

5.Пациентті арқасымен жатқызыңыз.

6.Пациенттің бел аймағының астына валик салаңыз.

7.Шағын жастықшаны иықтың жоғарғы бөлігі астына ,басының астына салыңыз.

8.Бөксесінің астына валиктер салыңыз.

9.Бөксенің төменгі 1/3 бөлігінің астына шағын жастықша немесе валик салыңыз.

10.Табандарға 90 ° бұрыш жасап,тіреуіш қойыңыз.

11.Алақандарын төмен қаратып,денеге параллель етіп қойыңыз,шынтақ астына шағын жастықша қойыңыз.

12.Алақанның астына валик салыңыз.

13.Пациенттің ыңғайлы жастқанына көз жеткізіңіз.

14.Қолғапты шешіп,қолды жуып кептіріңіз.

Пациентті қырына жатқызу

Мақсаты: Пациентке ыңғайлы калып тудыру.

Көрсеткіштері: Пациенттің енжар және мәжбүр қалпы,ойық жараны алдын алу.

Әзірле: Функциональды кереует,жастықтар-3,аяқ тірегіш

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациенттің халін,көмектесу мүмкіндігін бағалау.

2.Қолды жуып,қолғап киіңіз.

3.Кереуетті тежеуішке қойыңыз.

4.Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

5.Арқасымен жатқан пациентті , кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

6.Егер пациентті оң жақ қырына аударатын болсаңыз,сол жақ аяқты тізе буынында бүгіп,оң жақ аяқтың бүгу ойысына енгізіңіз.

7.Бір қолды пациенттің иығына,екіншісін жамбасына қойып,өзіңізге қарап аударыңыз.

8.Бір қолды тізеде бүгілген жамбасқа қойыңыз,екіншісін медбикеге қарама қарсы иығына қойып,бір жақ қырына жатқызыңыз.

9.Пациенттің басының және мойынының астына жастық қойыңыз.

10.Екі қолғада аздап бүгілген қалып келтіріңіз.Үстіңгі қол иық және бас деңгейінде жату қажет .

11.Астыңғы қолды шынтақ буыныда бүгіп,бастың жанына жастыққа қойыңыз.

12.Пациенттің арқасының астына ұзыннан бүктелген жастық қойыңыз.

13.Пациенттің бүгілген жоғарғы аяғынаң астына жастықты салыңыз.

14.Астыңғы аяққа тіреуіш қойыңыз.

15.Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

16.Қолғаптарды шешіп,қолды жуу.