- •Инфекциялық қауіпсіздік
- •Қабылдау бөлімі
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •Пациенттің жеке гигиенасы
- •2. Қолды жуып кептіріңіз.
- •8. Қолды жуып кептіріңіз.
- •4.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз. Пациенттің функционалдық күйін бағалау.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2. Қолды жуып кептіріңіз.
- •6. Қолды жуып кептіріңіз.
- •Науқасты тамақтандыру
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •Қарапайым физиотерапия әдістері
- •6.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •5.Қолды жуып кептіріңіз.
- •11.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •11.Қолды жуып кептіріңіз.
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •10.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
2.Қолды жуып кептіріңіз.
3.Дайын суық суға салфетканы малып сығып алыңыз.
4.Салфетканы қажетті дене бөлшегіне қойыңыз. Салфетканы 2-3минут сайын ауыстырып отырыңыз.
5.Салфетканы ауыстырып отырыңыз.
Ылғал қыздырғыш компресс қою алгоритмі.
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ уақыт кеңейту, тіндердегі қан айналымды жақсарту, ауру сезімін басу әсері.
Көрсеткіштері: инъекциядан кейінгі инфильтраттар, бұлшықет пен буындардағы қабыну процесстері, ЛОР аурулары, жарақаттардың екінші тәулігі.
Кері көрсеткіштері: қызба, қан құйылу, терідегі жаралы, іріңді аурулар, тері бүтіндігінің бұзылуы, ісіктер, жарақаттың алғашқы сағаттары.
Асқынулары: мацерация (тіндердің былжырауы), күйіктер.
Әзірле: 8 қабатты дәкелі салфетка, компресстік қағаз немесе клеенка, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінді, 20-25°С температурадағы су, қайшы, қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп келісімін алыңыз.
2.Қолды жуып кептіріңіз, қолғап киіңіз.
3.Компресс қойылатын дене бөлшегін қараңыз.
4.Ерітінділердің біреуіне салфетканы малып, аздап сығыңыз.
5.Қажетті дене бөлшегіне салфетканы қойыңыз. (салфетка қажетті дене бөлшегінен 2см үлкен болу қажет).
6.Салфетканың үстіне компресстік қағаз немесе клеенка қойыңыз, ол 2см үлкен болу қажет.
7.Компресстік қағаздың үстіне мақта салыңыз, ол 2см үлкен болу қажет.
8.Компрессті бинтпен жақсылап бекітіңіз.
9.Компрессті 6-12 сағатқа қалдырыңыз.
10.Қолғапты шешіп, қолды жуып кептіріңіз.
11.2 сағат өткен соң компресстің дұрыс қойылғанын тексеріңіз, яғни саусақты компресстің астына енгізіп компресстің ылғал, ал терінің жылы екендігін тексеріңіз.
12.Компрессті шешіп, жылы сумен сүртіп салфеткамен кептіріңіз, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қою орнын жылы жауып қойыңыз.
13.Қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту:
-егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса компресс дұрыс қойылмаған,
-спирттік компресстер тез кеуіп қалады, сондықтан әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырып отыру қажет;
-компрессті қайталап 1 сағаттан соң қоюға болады;
-сумен араластырылмаған спирт күйік тудыруы мүмкін.
Тазалау клизмасы
Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау.
Көрсетпелер: іш қатқанда, уланғанда; операция, босану алдында; науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін рентгенологиялық зерттеуге дайындау; тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау; дәрілік және қоректік клизма жасар алдында;
Қарсы көрсетпелері: тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы, ас қорыту жолдарынан қан кету; тік ішектің қатерлі ісіктері; жедел аппендицит және перитонит, ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері, жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі
Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив, залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы алжапқыш.
Міндетті шарттар:
Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты:
-атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С;
-спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С;
-іш қатуда- 20˚-25˚С.
Іс -әрекеттер:
1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.
2. Мейірбике қолын тазалап жуып, қолғап киеді, алдына клеенкадан жасаған алжапқыш кию керек.
3. Эсмарх кружкасына 1-1,5л 18-20˚С температурасы әзірлеген суды құйып штативке ілу керек;
4. Вентильді ашып, судың ағынымен ішіндегі ауаны шығарыңыз;
5. Ұштықтың басына вазелин майын жағыңыз;
6. Клеенка төселген кушеткаға сырқатты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызыңыз;
7. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, құйрықты ашыңыз, оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып, тік ішекке алдымен кіндікке қарай, содан соң омыртқаға қатарласып 8-10см тереңдікке енгізіңіз;
8. Ішекке су ақырын баратындай болып, тиегін ақырын ашыңыз, науқастың босаңсуын және ішімен дем алуын сұраңыз.
Ескерту: науқас спастикалық ауырсынуға шағымданған кезде ауырсыну басылғанға дейін процедураны тоқтатыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге хабарлаңыз.
9. Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдыр, тиегін жауып, ұштықты шығарып алыңыз;
10. Сырқатты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз;
11. Дәретке унитазға, егер палатада жасалған болса дәрет ыдысына отырғызыңыз; ішек босағаннан соң шат аралығын жуыңыз.
12. Дәрет ыдысын қолданып болған соң, ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек;
13. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;
14. Клеенкадан жасалынған алжапқышты пен төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;
Бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс жасалған болып саналады.
Сифонды клизма
Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау.
Көрсетпелері:
• Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;
• Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін;
• Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде;
• Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін;
• Динамикалық ішек өткізбеушілігінде;
• Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін;
Қарсы көрсетпелері: Тік ішектің іріңді қабынуы, ішектерге операция жасағанда, жедел аппендицит, перитонит тік ішектің түсуінде, геморройда, тік ішектің қатерлі ісігі, асқазан, ішектен қан кеткенде.
Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш, 10-12литр бөлме температурасындағы су, сиымдылығы 1литр ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка, залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын қолғап, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс (тазик);
Іс -әрекеттер:
1. Науқасты процедура мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.
2. Халат, клеенка алжапқыш, қолғап кию. Кушеткаға клеенка жайып, оның шетіне су құятын ыдыс немесе шелек қойылады;
3. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу;
4. Түтіктің ұшынан бастап 20-30см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.
5. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, 1-2-ші саусақтармен құйрықты ашыңыз, оң қолға резеңке зондты ұстап, кіндікке қарай 3-4см енгізіңіз, сегізкөз омыртқа бойымен ішекке 20-30см тереңдікке енгізіңіз;
6.Түтікке шыны құйғышты кигізіп құйғышты қисайтып кушетканың деңгейінен төмен ұстаңыз;
7.Әзірленген құйғышты 1л сумен толтырыңыз;
8. Құйғышты біртіндеп сырқаттың денесінен жоғары етіп ұстап су құйғыштың сағасына жеткенше көтеріңіз /ішекке ауа кетпеуін қадағалаңыз/;
9. Құйғышты бұрынғы қалыпқа дейін төмендетіңіз;
10.Құйғыштың жуылған суға толуын күтіңіз;
11.Құйғышқа толған сұйықты ыдысқа немесе шелекке төгіңіз;
12.Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы тәсілмен жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз;
13. Құйғышты шығарып алып, іште қалған судың төгілуі үшін түтікті 15-20 минутқа дәрет ыдысына салып қойыңыз;
14.Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз;
15. Клеенкадан жасалынған алжапқышты және төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;
16. Дәрет ыдысын қолданып болған соң ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;
Сифон клизмасы ауыр манипуляция, сондықтан процедураның кезінде сырқаттың жағдайына көңіл бөлу қажет.
Гипертониялық клизма
Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық транссудациясын жасау.
Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде;
Қарсы көрсетпелер:
Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; жедел аппендицит; ішектерге операция жасағанда; тік ішектің түсуінде;
Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний
сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын қолғап, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.
Іс-әрекеттер:
1.Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
2.Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.
3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) босататын ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.
4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;
5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.
6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;
7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);
8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;
9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып, сұйықты ішінде 20-30 минутқа ұстап қозғалмай жатуын айтамыз (транссудат әсерінен нәжіс массалары жұмсарып, перистальтика күшейтеді).
10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;
11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста (арнайы медициналық шкафта) сақтау керек;
12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;
13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.
14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.
Майлы клизма
Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау.
Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде, босанудан кейін.
Қарсы көрсетпелер:Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; жедел аппендицит; Ішектерге операция жасағанда; Тік ішектің түсуінде;
Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.
Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек, сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс.
Іс-әрекеттер:
1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.
3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) майлы ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.
4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;
5. Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.
6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;
7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);
8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;
9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып бірнеше сағат жатуды айтамыз;
10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;
11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);
12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;
13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.
14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.
Дәрілік клизма
Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету.
Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда
Қарсы көрсетпелер:Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; Қатерлі ісіктер; Ішектерде операция жасағанда; Тік ішектің түсуінде;
Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.
Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет.
Іс-әрекеттер:
1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.
3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) дәрілік затты (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз (дәрілік ерітіндінің температурасы 37˚С-тан төмен болған жағдайда дефекацияға алып келеді);
4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;
5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.
6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;
7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);
8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;
9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.
10. Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;
11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);
12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;
13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.
14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың
реакциясы туралы белгілеңіз.
