- •Инфекциялық қауіпсіздік
- •Қабылдау бөлімі
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •Пациенттің жеке гигиенасы
- •2. Қолды жуып кептіріңіз.
- •8. Қолды жуып кептіріңіз.
- •4.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз. Пациенттің функционалдық күйін бағалау.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •15.Қолды жуып кептіріңіз.
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2. Қолды жуып кептіріңіз.
- •6. Қолды жуып кептіріңіз.
- •Науқасты тамақтандыру
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •12.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •Қарапайым физиотерапия әдістері
- •6.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
- •5.Қолды жуып кептіріңіз.
- •11.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •11.Қолды жуып кептіріңіз.
- •3.Қолды жуып кептіріңіз.
- •10.Қолды жуып кептіріңіз.
- •2.Қолды жуып кептіріңіз.
- •13.Қолды жуып кептіріңіз.
Инфекциялық қауіпсіздік
Стерильді қолғап кию
Мақсаты: Медициналық қызметкерлер мен пациенттердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: инвазиялық процедуралар орындау кезінде, биологиялық сұйықтықтармен жанасу кезінде,пациенттің немесе қызметкердің тері қабатының бұзылуы кезінде, эндоскопиялық тексерулер кезінде, зертханаларда жұмыс істеу кезінде, инъекция жасау кезінде, пациентке күтім жасау кезінде.
Әзірле: Стерильді қаптамадағы қолғап, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Қолды жуып кептіріңіз.
2.Стерильді қаптамадағы қолғапты алып ашыңыз.
3.Оң қолдың қолғабын сол қолмен қайырылған жерінен алыңыз.
4.Оң қолдың саусақтарын қосып қолғапқа енгізіңіз.
5.Қайырылған жерін жазбай қолғапты киіңіз.
6.Сол қолдың қолғабының қайырылған жерінің астына оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын енгізіңіз,
7.Сол қолғапты оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен тігінен ұстап тұрыңыз.
8.Сол қолдың саусақтарын қосып қолғапқа енгізіңіз.
9.Қайырылған жерін жазбай қолғапты киіңіз.
10.Қолғаптардың қайырылған жерін жазыңыз.
Қолғапты шешу
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Оң қолдың саусақтарымен сол қолғаптың шетін қайырыңыз.
2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғаптың шетін қайырыңыз.
3.Сол қолдың қолғабын ішін сыртына қаратып шешіңіз.
4.Шешілген сол қолдың қолғабын оң қолда ұстаңыз.
5.Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырылған жерінен ұстаңыз.
6.Оң қолдан қолғапты ішін сыртына қаратып шешіңіз.
7.Екі қолғапты (сол қолғап оң қолғап ішінде) КБУ қорапшасына тастаңыз.
Медициналық құрал –саймандарды дезинфекциялау
Мақсаты: Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Әзірле:
-Дезинфекциялық ерітінді,
-2 ыдыс (қақпағы бар,дез ерітіндісі бар, маркеленген),
Дез ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал саймандар қаннан және биологиялық ерітіндіден жуылады,
Дез ерітіндісі бар №2 ыдыс медициналық құралдарды дезинфекциялауға арналған,
-Бирка,
-Арнайы киім (халат, маска, қолғаптар),
-қолданылған медициналық құралдар,
-лотоктар.
Іс-әрекет:
-Арнайы киімді киіңіз.
-2 ыдысқа дез ерітінді дайындаңыз, ыдыс маркерленеді (дез ерітінді аты, концентрациясы, дайындау күні, уақыты, медбике қолы).
-№1 ыдыс:
Қолданылған құралдардың ішін дез ерітіндіге толтырыңыз, 3 рет шайыңыз.
-№2 ыдыс:
Медициналық құралдардың ішін дез ерітіндіге толтырып, 60 минутқа батырып салып қойыңыз.
-ыдыстың қақпағын жабыңыз.
-биркаға дезинфекциялау уақытын қойыңыз.
-уақыт өткен соң құралдарды дез ерітіндіден шығарыңыз.
-№2 ыдыста 0,5 минут шайыңыз.
-құралдарды лотокка салыңыз.
-жылы ағынды судың астында 0,5 минут шайыңыз.
-қолғапты шешіп КБУ қорапшасына салыңыз, қолды жуып кептіріңіз.
-құралдарды ОЗБ-ға жіберіңіз.
Медициналық құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалау.
Залалсыздандыру алдындағы тазалау ОЗБ-да жүргізіледі.
Мақсаты:
-ақуыз, май, дәрілік заттар қалдықтарын, мехникалық ластануларды жою.
-медициналық құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасына бақылау жүргізу.
Әзірле: халат, маска, қолғаптар, жуғыш ерітіндісі бар ыдыс, сағат, ерштар немесе дәкелі тампондар, лотоктар, дистиллденген суы бар ыдыс, медициналық құралдар, азопирам ерітіндісі, пипеткалар, мақта, жуғыш заттар «Лотос», «Айна», 27,5 % сутегінің асқын тотығы ерітіндісі.
1.Халат, маска, қолғаптар киіңіз.
2.Жуғыш ерітіндіні 20-25° С жылытыңыз.
Жуушы ерітінділерді жасау:
қүрамында «Лотос» жуушы заты бар ерітінді:
- «Лотос» жуушы заты - 5 г
- пергидроль немесе сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5% - 17 мл
- натрий олеат - 1,4 г
- су - 1 л-ге дейін
3.Құрал-саймандарды бөлшектеп толықтай жуғыш ерітндіге батырып 15 минутқа қалдырыңыз.
4.Әр құралды ершпен немесе дәкелі тампонмен 0,5 минут ысқылап жуыңыз, каналдары арқылы жуғыш ерітіндіні өткізіңіз.
5.Құралдарды лотокка салыңыз.
6.Әр құралды ағынды судың астында 10минут шайыңыз.
7. Залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылауды азопирам сынамасымен жүргізіңіз. Бақылауға 1% құрал алынады.
8.Азопирам сынамасын дайындаңыз. Азопирамды сынамасы гемоглобиннің, тотықтырғыштардың, хлорқұрамдас заттардың, жуғыш ұнтақтың, тоттың бар-жоғына тексереді. Азопирамды сынамасын дайындау үшін бірдей қатынаста азопирамды және 3% сутектің асқын тотығын араластырады. Ластану индикациясы мен қан іздері 1 минутта көрінеді. Реакция оң болған жағдайда: қанға - көк-фиолет түске; хлорқүрамдас тотықтырғыштарға, тотқа - коңыр түске; жуғыш затқа - қызыл түске боялады.
9.Пипеткамен сынаманы алып құралға тамызыңыз.
10.Құралды мақтаның немесе салфетканың үстінен ұстап, аққан ерітіндінің түсін бақылаңыз.
11.Азопирам сынамасының нәтижесін бағалаңыз. Егер қанға оң нәтиже көрсетсе, жуғыш затқа салып қоюдан бастап қайта тазарту жүргізіңіз, жуғыш затқа оң нәтиже болса ағынды суда шаю сатысынан бастап тазалаңыз. Теріс нәтижеде ешқандай түс пайда болмайды.
12.Медициналық құралдарды дистиллденген суда 0,5 минут шайыңыз.
13. Медициналық құралдарды құрғақ ауалы шкафта 85°С температурада ылғал кеткенше кептіріңіз.
14.Құралдарды стерилизацияға дайындаңыз.
Медициналық құралдарды стерилизациялау.
Мақсаты:АІИ-ның алдын алу, құралдардан барлық микроағзаларды спораларымен қоса жою.
Материалға байланысты стерилизация әдісі және режимі таңдалады.
1.Құрғақ құралдарды қаптамаға салып стерилизаторға орналастырыңыз.
2.Стерилизацияға химиялық бақылау жүргізіңіз. Стерилизация индикаторларын булы стерилизаторға конверт әдісімен әр нүктеге, ауалы стерилизаторға қабатты әдіспен 3 нүктеге орналастырыңыз.
3.Стерилизацияның әр түрінде қажетті режимді ұстаңыз:
- автоклавта – t-132°C, 2атм., 20 минут;
t-120°C, 1.1атм., 45 минут;
-құрғақ ауалы шкафта- t-180°C, 60 минут;
t-160°C, 150 минут.
4.Термиялық стерилизациядан кейін индикаторларды тексеріңіз.
5.Стерильді құралдарды стерильді зонада шығарып алыңыз.
6.стерилизацияның химиялық әдісі қолданылғанда медициналық құралдарды стерилянттарға салып қақапағын жауып қойыңыз. Уақыт өткен соң құралдарды стерильді сумен жуыңыз, содан кейін қолданыңыз немесе қаптамаға салып асептикалық жағдайда сақтаңыз.
7.Стерилизаторлардың жұмысын есепке алу журналын толтырыңыз.
Аурухана палаталарын күнделікті тазалау.
Мақсаты: Санитарлы – гигиеналық талапты сақтау, АИІ алдын алу
Әзірле: шелек, швабра, тазик, жөке, таза шүберек,
0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері
халат, қалпақ, алжапқыш, резина қолғабы, өлшейтін ыдыс,
Іс-әрекет:
калпақ, халат, алжапқыш резика қоғаптарды кию
ертіндінен біреуін дайындау: 0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері
бөлмеде ылғалды тазалауды жүргізу: ертіндінің біреуіне малынған таза ветошьпен сүрту (заттар, терезе алды, раковина, еденді, қабырғаларды жуу).
тазалау инвентарін дезинфекциялау: жөке, ветошты 1 % кальций гипохлорид ертіндісіне 1 сағатқа салып қою немесе 0,1% диахлор ертіндісіне 1 сағатқа немесе 0,5% дезапреф 1 сағатқа, 1 % дезапрефке 30 мин немесе 0,25% лизоформин 3000 ертіндісіне 4 сағатқа немесе 2-3 % дезефект ертіндісіне 1 сағатқа салып қою соңынан шаю, құрғату
Егу бөлмесін генеральды тазалау
Әзірле: шелек, швабра, тазик, жөке, таза ветошь, гидропульт, сабын, кальцинирленген сода, өлшейтін ыдыс, халат, қалпақ, алжапқыш, резина қолғабы
Іс-әрекет:
калпақ, халат, алжапқыш резика қоғаптарды кию
2% сабын + содалы ертіндіні дайындау (200 гр сабын + 200 г кальцийнирленген сода + 10л ыстық су)
дез.ертіндіні дайындау: 1 % гипохлорид ертіндісі
бөлмені дайындау: барлық жихаздарды бөлменің ортасына жинау
2 % сабын + содалы ертіндіге малынған ветошпен сүрту: қабырғаларды, терезелерді, терезе алды, заттар, еден
таза сумен шаю
дәл осы рет бойынша 1 % кальций гипохлорид ертіндісімен жағып 1 сағатқа бөлмені жауып қаямыз
1 сағаттан соң таза халат, маска, қолғаптарды кию
барлық беткейлерді құрғақ сетошпен құрғатып сүрту
барлық жихаздарды орын – орына қою
бактерицидті лампаны 2 сағатқа жағу
бөлмені 15 минуттай желдету
тазалау жабдықтарды жұмыс соңында тазалау, шаю, құрғату, арнайы бөлмеде сақтау
Ескерту:
Генаральды тазалау терапия бөлімінде (палата, коридор, дәрігер бөлмесі, медқызметкерлер бөлмесі) кесте бойынша айына 1 рет жүргізіледі, хирургия бөлімінде (егу, таңу, операция, операпциядан кейінгі науқастардың палатасы, туу залы, жаңа туырған нәрестелер және шала туылған балалар палатасы, жұқпалы ауру боксы, бактериологиялық және вирусологиялық) – кесте бойынша аптасына 1 рет жүргізіледі.
