Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bala_oyynny_1187_tili_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.42 Кб
Скачать

2 Кездесу. Асханада (асхана бөлмесінде) туындаған ойындар

Тақырып атауы кейбіреулердің таңдануын тудыруы мүмкін: «Ас бөлмесі бала ойынына арналған орын емес!». Сондықтан бала ересектерден әрдайым: «Ас бөлмесінде біреу ас мәзірлегенде оған кедергі келтірме...», «Мен пештің қасында тұрғанда аяқ астына оратылма...» сияқты сөздерді жиі естиді. Әрине, құрметті ата-аналар осы нұсқамаларда өзінің мақсатқа лайықтылығы бар. Дегенмен өз балаларын табысты тәрбиелеп жүрген тәжірибелі мамандардар, педагог тәрбиешілер сіздерге ұсынатын «ас үй» ойындарының тағы бір көзқарастарымен таныстырады.

3 Кездесу. Ойын «көздерімен» отбасында өткізілетін дәстүрлі туған күндер

Сабақтар әрбір отбасында периодты түрде қайталанатын туған күн иелеріне құрмет көрсету салт жағдайына (атмосферасына) толығымен енуіне мүмкіндік береді. Осындай жағдайлар баланың маңызды мақұлдау мен қатыстық қажеттіліктерінің арасында байланысты көруге мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда ойын – жақсы көмекші болып табылады.

Ата-аналар мен балаларды міндетті түрде қызықтыратын музыкалық тосын сыйлықтар күтіп тұр.

4 Кездесу. Ұйқыға жатар алдында баламен кешкілік ойындар ойнау

Кейде балалар ұйқыдан бас тартады? Оны тыныштандыру үшін не істеу керек? Осы күнделікті салтты қалай түзетуге болады? Осындай жағдайларда сіз ойыншықтар мен ойынның көмегіне жүгінесіз бе?

Баланың және оның денсаулығына күнделікті кешкі уақыттарды қалай пайдалы өткізу үшін, сонымен қатар баланың отбасында қабылданған тәртіпке маңызды келісімдік тәжірибе алуы үшін ересектермен ойындық практикаларды қолдану құндылығы туралы ата-аналарды әңгімелесуге шақыртылады. Ата-аналарға ұйқыға жатуды «шарасыздық алдында мойынсыну актісі» күнделікті кешкілік қажеттілігі ретінде қарауға ұсынылады.

5 Кездесу. Ойын мен еңбекті бірге қолдану (кезінде)

Ата-аналарға балаларымен бірге қажетті емес заттарды ойыншықтарға және қызықты ермекке айналдыруға ұсынылады. Ата-аналармен және балалармен қосымша білім беру педагогі жұмыс жасайды.

6 Кездесу. Дене денсаулығына арналған ойындар — балалар үшін басты «дәрі-дәрмек»

Ересектерді де, балаларды да дене қуанышына, дененің масаттану және қанағаттану сезімдеріне толтыратын белсенді қозғалмалы көңілді ойындарда ата-аналар мен балаларға ат салысуға ұсынылады. Мұндай ойындар жолда, жалықтыратын кезекте тұрғанда, жауын-шашынды және өзге күндері жиі көмектеседі.

Ата-аналар «тентектерге», «еркелерге», «бастаушыларға», сонымен қатар «момын» және басқа балаларға арналған «ойын дәрі дәрмектері» туралы біле бастайды.

7 Кездесу. Математиктер мен сауатты адамдардың сиқырлы әлемі туралы ойындар

Әрбір ата-ана балаларының сауатты және мәдениетті адам болуын армандайды! Балаға математика мен ана тілін оқытуда көмектесу көңілді және қызықты болуы мүмкін. Математика мен сауатты ашу бойынша қосымша білім беру педагогтері «Математиктер мен сауатты адамдардың сиқырлы әлеміне» саяхаттауға шақырады. Ата-аналар балаға қалай дұрыс оқыту керектігін және ойындар ойнау оның дамуына, ақылын жаттықтыруына көмектесетіндігін түсенеді.

Алған ойындық тәжірибелерді ұғыну және байсалды талдау мақсатымен түрлі жастық топ балаларының ата-аналарына арналған арнайы жадынама ұсынылады.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Үйде бүгін ересектермен және балалармен қатынасуда алған өзініңіздің әсерлеріңізді толтырыңыз (баяндаңыз).

1. Балаларды ойынға араластыру үшін сіз не істедіңіз: балалармен әңгімелестіңіз; өзіңізге ойын рөлін жүктедіңіз; Сізді ойынға қосуына сұрандыңыз; ойыншыларға өзіңіздің ойын сюжетін ұсындыңыз; ойыншықтар арқылы ойынға араластыңыз (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)? ______________________________________________________

2. Сіздің ойынға араласу ойыңызды балалар қалай қабылдады: қуанышпен; таңданумен; сақтанумен; ересектің беделіне жол бере отырып, тілексіз; рұқсат берген жоқ (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?________________________________________

3. Ойыншылар арасында өрбіген ойын сюжеттерін еске түсіріңіз._________________________________

Сізге қандай ойындарда және қандай рөлдерде ойнаудың сәті түсті?______________________________________________

4. Сіздің балаңыз қандай ойын рөлдерін сомдады?_______ Қандай ойындық іс-әрекеттер жасады?__________

5. Сізге ойындық рөлдерді сомдау, рөлдердің мінез-құлқын көрсету, қатынасу үшін ойын кеңістігін қолдану оңай немесе қиын болды ма?

__________________ ____________________________________

6. Ойын серіктесi рөлдерінде өзіңізді қалай сезіндіңіз: жайлы; еркін; жеңілтекті; сасқалақтау; алаңдаушылық; ыңғайлылықсыз; бөгеліп қалушылық; кекесіндік (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

7. Сіздің ойыңызша, ересектер балалардың ойынына араласуы: оның дамытушылық4. әсерін жоғарлатады; баланың ойынмен рахаттануына кедергі келтіреді; баланың ойнау қажеттілігіне әсер етпейді (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

8. Егер балаңыз үйде бүгінгі ересектердің қатысуымен ойындық қатынасу туралы пікірін айтса, оның айтқандарын белгілеп қойыңыз. _______________

9. Ересектер мен балалар ойындарында өзіңіздің қатынасу себептеріңізді құрастырыңыз: тәрбиешінің өтініші; баланың ойын қызығушылықтары туралы бірдеңе білу тілегі; балаға берген уәде; оң эмоциялар алу тілегі; ойнап үйрену тілегі; (керектінің астын сызыңыз, қажет болса қосымшамен толықтырыңыз)?

______________________________________________________

Сізге ойынға қатысқаныңыз үшін, адал және шапшаң жауаптар бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Ата-аналарға балаларымен ойында ойын серіктесі ретінде олардың сенімдіктерін қолдау үшін жадынаманы ұсыну керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]