Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bala_oyynny_1187_tili_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.42 Кб
Скачать

Мектеп жасына дейінгі балалардың

АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ

Ойын өсіп келе жатқан балалардың спецификалық іс-әрекеті болып саналады. Ол баланың тұлға ретінде түрлі жағынан «іске қосудың» қажетті механизмі ретінде жүзеге асады, сонымен қатар ол баланың тұлғалық мінез-құлықтарының дұрыс және өз уақытында «өсуі» үшін «құнарлы жер» ретінде және қоршаған адамдармен қарым-қатынаста әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытады. Мамандардың айтуы бойынша, кең ойын тәжірибесі бар мектепке дейінгі балалардың аз ойнайтын балаларға қарағанда, мектепке табысты бейімделеді және өсе келе өмірдің маңызды жағдайларын жақсы шешеді. Бүгінгі отбасында ата-аналар балалардың ойын мәдениетінде басты, кейде жалғыз трансляторлары болады.

Бала ойнай отырып, күнделікті өмір шеңберінде ата-аналарымен қарым-қатынасында рұқсат етілмейтін қиялдарын жүзеге асыру, ересектер сияқты өз ойын білдіру сияқты маңызды қажеттілігін қанағаттандырады.

Тек қана ойынға байланысты ол ересектер мен көптеген әлеуметтік нормалар және ережелер әлемінде өзінің тәуелділік жағынан шынайы еркіндігін сезінеді. Ол шынайы өмірде баланың қолынан келмейді, бірақ ойын рөлдері мен қарым-қатынастарында қолжетімді. Өзге сөзбен айтатын болсақ, ойын барысында алатын қанағаттануымен қоса, оған баланың дамуында қуатты импульс жинақталған эмоционалдық қанығу және жайлану сезімі келеді. Бірақ, егер ересектер әлемде қатынасу және байланысу ойын әдістерін меңгеруді ересектердің өздері балаға көрсетпесе, бала көбінесе оған тәуелді және өздігінен өмірлік жағдайларды табысты шешуге дайын болмайды.

Міне, сондықтан ата-аналардың балаларымен қатынасуда ойын инициативасын көрсетілуін қолдау маңызды, отбасында баламен ойнау іс-әрекеті – бұл оның дамуына, эмоционалдық және психологиялық денсаулығына деген қамқорлық, баламен сапалы өзара қатынасуды орнату үшін ой және директива деңгейінде шарттар ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық әрекеттесу тілі болып табылады.

«Баланың ойын тілі»

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ТАҚЫРЫПТАРЫ

«Кездесулер» топтамасының мазмұны мектепке дейінгі ұйымдар негізінде бала өмірінде ойынның маңыздылығын түсіну, қалыптастыру мақсатымен отбасыларда (ана, әке) тренингтік оқытулар жүргізуді болжайды.

«Кездесулер» жұмыс формасы ерекше сипаттамаға ие: бұл еске түсірулерге толығымен ену, бұл туған күндерді тойлау, бұл баланы ұйқыға жатқызу, бұл табиғатта серуендеу және т.б.

Осы кездесулердің қорытындысы ата-аналар мен балалар арасында ойындық және әлеуметтік өзара түсінісушіліктердің пайда болуын көрсетеді.

1 Кездесу. Өткен балалық шақтың есте қалған ойындары: олар несімен қымбат

Ата-аналарға өзінің балалық шағына саяхат жасап, ересектер бала шағында жақын достарымен, қатарластарымен және жақындарымен қандай ойындар ойнағанын есіне түсіру ұсынылады. Бала әкесінің, анасының немесе әжесінің ойындарын ойнай отырып, қандай тәжірибе алуына болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]