Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

Гемоглобин жоғарылау себебі:

  • Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);

  • Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;

  • Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;

  • Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)

  • Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);

Гемоглобин төмен болу себептері:

  • Анемия,

  • Лейкоз;

  • Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары (талассемия, орақ тәрізді анемия);

  • Темір жетіспеу;

  • Дәрумендер жетіспеу;

  • Ағаза шектен тыс ару (истощение);

  • Қан жолғалту;

Қалыпты гемоглобин мөлшері Әйелдерде – 120-140 г/л; ерлерде – 135-160 г/л. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер: бауыр; ет. Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/1452/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.

Гемостаз (грек. haimatas — қан, stasis — тоқтау) алғашында қанның тамыр сыртына шығуының тоқтауын көрсететін түсінік болып қалыптасса, қазіргі күні одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады.

Гемостаз — деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіңдігін сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы қансыраудан сақтаңдыруға және айналымдағы қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің гомеостаздық тетіктерін айтады. Бұл тетіктер қан тамырларының қабырғаларының, қан жасушаларының (әсіресе тромбоциттердің) және қан сұйығындағы (кан ұйытқыш, ұюға қарсы, фибринолиздік, калликқеин-кинин жүйелері ферменттерінің) ферменттердің катысуымен қамтамасыз етіледі.

Қан тамырлары қабырғаларының бүліністеріне ең алдымен олар жиырылып, бүлінген жердің жоғары жағында жаңа тамыр аралық қосылымдары ашылып, тромбоциттердің белсенділігі көтеріліп, жауап қайтарады. Сол себептен қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын гемостазды біріншілік гемостаз дейді. Ары қарай қанның плазмалық қан ұю факторларының әсерленуінен дамитын қанның ұюын коагуляциялық, екіншілік гемостаз деп атайды.

Гемостаздың бұзылу түрлері.

Гемостаз жүйесіндегі бұзылыстар оның барлық (қан тамырлық, тромбоциттік және қан ұюлық) сатыларында байқалады. Олар қанауға бейімділікпен, тромбоздық синдромдармен және тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромымен (ТШҚҰ-синдромымен) көрінуі мүмкін 

Гемолиз — қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарының бұзылуы.

Оның салдарынан гемоглобин сыртқа шығады. Гемолиз екіге бөлінеді: арнайы және арнайы емес.

Арнайы емес гемолиз әр түрлі физикалық немесе химиялық факторлардыц әсерінен пайда болады. Арнайы гемолиз комплементтің қатысуымен болатын антиген мен антидене байланысы кезінде пайда болады.

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Қан топтары

Эритроциттерде болатын антигендер

Қан плазмасында болатын антиденелер

О (I)

A (II)

B (III)

AB (IV)

болмайды

A

B

AB

α және β

β

α

болмайды

Қан тобы

Оның қанын қабылдайтын топтар

Оған  қанын беретін топтар

  1.  

  2.  

  3.  

  4.  

I, II, III, IV

II, IV

III, IV

  1.  

  1.  

I, II

I, III

I, II, III, IV

 

Қан сарысуы осмолярлығын есептеу (орташа 285-295 мосмоль/л):  2 (Na+, ммоль/л + K+, ммоль/л) + глюкоза, ммоль/л  Лактатацидоздың диагностикалық критерийлері 

Зерттеулер атауы

Диагностикалау критерийлері

Қанның биохимиялық сараптамасы

Лактат > 4,0 ммоль/л, сирек 2,2 – 4 ммоль/л Гликемия: кез-келген, гипергликемия жиі Креатининнің жоғарылауы, гиперкалиемия жиі

КЩС

Декомпенсирленген зат алмасу акцидозы: рН  <  7,3, қан сарысуындағы бикарбонаттың деңгейі ≤  18 ммоль/л,  аниондық айырмашылық  ≥ 10–15  ммоль/л  (гипоальбуминемияға өзгеруімен)

Қанның биохимиялық талдауы – iшкi ағзалардың (бауырдың, бүйректiң, өт қалтасының және басқаларының) жұмысын бағалауға, метаболизм (липидтер, ақуыздар, көмiрсулар алмасуы) туралы ақпарат алуға, микроэлементтерге қажеттiлiктердi анықтауға ерiк беретiн зертханалық нақтылау тәсiлi. 

Қандағы глюкоза – қант диабетiн (сусамырды) диагностикалаудағы негiзгi тест. Бұл талдау сусамырды терапиялауды таңдау мен ем ықпалдылығын бағалауда аса маңызды.

Жалпы билирубин – қанның сары пигментi гемоглобиннiң, миоглобиннiң және цитохромдардың ыдырау нәтижесiнде түзiледi. Қандағы жалпы билирубин санының көбеюiнiң негiзгi себептерi: бауыр торшаларының зақымдануы (гепатиттер, цирроз), эритроциттердiң арта түскен ыдырауы (гемолитикалық анемиялар), өт құйылуының бұзылуы (мысалы, өтке тас байлану). Сондай-ақ қаннан тура, жанама билирубин, АСТ, АЛТ, жалпы холестерин, жалпы (белок) және т.б. көрсеткiштер талданып, кесел түрлерiн анықтауға бұл зерттеулердiң жәрдемi тиедi. 

Тексеруге жолданған науқастардың мына жайттарды есте ұстаулары қажет.

Қанды биохимияға алардан бұрынғы бiр тәулiкте алкогольдi қабылдамау, 1 сағат бұрын - темекi шекпеу. Қанды ашқарында, таңертеңгi сағаттарда алдырған дұрыс. Асты соңғы қабылдау мен қан алу арасындағы үзiлiс 12 сағаттан кем болмауы тиiс. Шырын, шәй, кофе iшуге, сағыз шайнауға болмайды. Су iшуге рұқсат етiледi. Сондай-ақ арта түскен психоэмоционалдық және денелiк жүктемелердiң болмағаны жөн.

 

Биохимиялық қан анализі

Компоненттер

Нәтижесі

Қалыпты

Бірліктер

Жалпы белок

60-80

г/л

Мочевина

9,0

2,5-8,3

ммоль/л

Креатинин

80-150

мкмоль/л

Железо

15,50

6,6 – 28,0

мкмоль/л

АЛТ

36,00

0,0 – 33,0

Ед/л

АСТ

26,20

0,0 – 32,0

U/L

Билирубин (общий)

15,28

0,0 – 21,0

U/L

ГГТП

56,00

6,0 – 42,0

U/L

ЩФ

140,00

35,0 – 105,0

U/L

Холестерин

6,0

3,0-5,0

ммоль/л

Гамма-глобулиндер

12,8-19,0

%

Жалпы зәр анализі

Түсі – тұнық емес сарғыш

Т ұнықтығы – тұнық емес.

Салыстырмалы тығыздығы – 1010

Реакция – қышқыл

Белок – 0,099 г/л

жалпақ эпителий – 0 – 2 в п/зр

Лейкоцит – 12-13 в п/зр

шырыш +++

тұзды оксалат ++

Бактерии ++

Нечипоренко бойынша зәр анализі:

-лейкоцит – 6 000,

-эритроцит -2000,

-цилиндр- 50

Зимницкий сынамасы:

Тәуліктік диурез-1500 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы-1008-1024,

Күндізгі диурез-700 мл

Түнгі диурез-800 мл

Жалпы зәр анализі

Компоненттер

Нәтиже

Көлемі

100 мл

Түсі

сары

Түнықтығы

тұнық

Салыстырмалы тығыздығы

Реакция

кислая

Белок

0,75 г/л

Қант

теріс

Жалпақ эпителий

0 – 1 к.а.

Лейкоциттер

0 –1 к.а.

Эритроциттер

Жаңа 6-7 к.а.

ПЦР – зерттеудің нәтижесі

Инфекция

Нәтижесі

 

HCV RNA (сапалық)

Оң

 

HCV RNA (сандық)

1,0×105

МЕ/мл

Генотипирлеу

1b

 

Эритроциттер тұну жылдамдығы

ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) қанның плазмаға және эритроциттерге бөліну жылдамдығын анықтайтын лабараторлы анализ. Кейбір қазақ тілді материалдарда орысша СОЭ сөзін ЭТЖ (эритроциттер тұну жылдамдығы), ал басқа жерде ЭШЖ деп (эритроциттер шөгу жылдамдығы) деп аударады.

Зерттеу мақсаты: эритроциттер плазмадан және лейкоциттерден қарағанда ауыр болып келеді, сондықтан жердің тартылыс күшінен олар пробирка түбіне түседі. Сау адамдарда эритроциттер мембранасы теріс зарядта болып, бір бірінен тебіледі (алшақтайды). Бұл олардың тұну жылдамдығын баяулата түседі.Бірақ кейбір ауруларда қанда келесідей өзгерістер туындайды:

  1. Фибриноген мөлшері көбейеді. Сонымен қатар альфа- және гамма-глобулин және С-реактивті белок жоғарылайды. Бұлар эритроциттер бетіне жабысып, олардың салмағы жоғарылауына алып келеді.

  2. Альбумин концентрациясы төмендеу. Мұндай жағдайда эритроциттер жабысуына кедергі туады.

  3. Қанның электролиттік балансы жоғарылайды. Соның әсерінен эритроциттер заряды өзгеріп, олар бір бірінен тебілмейтін болады.

Осындай өзгерістер нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктері бір бірімен жабысады. Біріккен және ауырлаған эритроциттер пробирка түбіне жылдам түсетін болады. Нәтижесінде ЭТЖ жоғарылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]