Жоспары:
Кіріспе.
I Қанға жалпы талдау
1.1 Лейкоциттер, Эритроциттер. Тромбоциттер
1.2 Қанның топтары
1.3 Қанның құрамындағы қант және темір
II Биохимиялық жалпы талдау
III Иммуналогиялық қан талдау
IV Зәрге жалпы талдау
4.1 Зәр құрамындағы блок
4.2 Зәр құрамындағы тұздар
Мінездеме:
Іс-тәжірибе Жамбыл облысы, Жуалы аудандық ауруханасының гемотология бөлімінде өтілді. Зертхана жалпы қан талдауын зерттеумен айналысады. Зертхана заманға сай құрылғылармен жабдықталған және онда тек білікті мамандар қызмет жасайды. Білімдері жетік мамандардың жетекшілігімен гемотология бөлімінде 16.01.17-18.02.17 күндері аралығында іс-тәжірибеден өтіп, көптеген пайдалы ақпарат алдым.
Зертханадағы алғашқы күн қауіпсіздік ережелерімен танысудан басталды. Гемотология бөлімінде міндетті түрде ақ халат, резинка қолғап, медициналық бас киім, маскада жүру керек. Бұл заттар зерттеуге жіберілген қанда болуы мүмкін түрлі аурулардан сақтану үшін жүргізілетін шаралар. Олардан бөлек бөлмеде ток көздері су ағу крандарынан алшақ және қауіпсіз жерлерде орналасуы керек.
Жеке бас гигиеналық ережелері зертханада жұмыс жасау барысында сақталуы керек. Одан бөлек зертхана іші күнделікті тазалаудан өтілуі міндетті. Жеке бас гигиенасының бірі - қол тазалығы. Қол жуу ережесі барлық медицина қызметкерлеріне бірдей.
Кіріспе
Қан – қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, қорғану, жылу реттеу және мүше функцияларының өзара байланыстылығы.Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары: 1. Тасымалдаушы қызмет — қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гормондар таралып, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қышқыл алынып кетеді; 2. Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет); 3. Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді; 4. Байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады. Қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі.
Бөлімде көптеген аппараттар және құралдар бар. Олардың әр қайсысының жұмыс істеу механизмі әртүрлі. Гемотология бөлімінде: SYSMEX-300 анализаторы, ФЭК аппараты, микроскоптар, СОЭ қоюға құралдар, Горяев камерасы, зертханалық грушалар және басқа да құрылғылар бар.
SYSMEX-300 анализаторы көк тамырдан алынған 5 жастан жоғары балалар мен ересектердің қан талдауын жасауға арналған аппарат. Ол Жапонияда жасалған, шағын зертханаларда талдау жасауға ыңғайлы құрылғы. Анализатор қандағы гемоглобин, эритроцит, түсті көрсеткіштер, тромбоцит, лейкоцит, нейтрофил мөлшерлерін есептейді.
5 жасқа дейінгі балалардан саусақтан қан алу арқылы талдау жүргізіледі. Ол кезде талдау микроскоп, ФЭК, Горяев камерасы арқылы қолдан жүргізіледі. ФЭК (фотоэлектроколориметр) қандағы гемоглобин мөлшерін анықтауға арналған. Микроскоп және Горяев камерасы арқылы лейкоцит мөлшері анықталады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ) қолдан қойылады, 1 сағаттан кейінгі мөлшері алынады.
Дайын болған сараптама бланкқа және зертхана журналына тіркелінеді. Бланк науқасқа беріледі, журнал зертханада сақтаулы тұрады.
Эритроциттер Эритроцит - (грекше erytros - қызыл, cytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0x1012 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау 3,7-4,5хЮ12. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз аз болуы (3,7-3,9хЮ12 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютты эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бap. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшандығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.
Эритроциттің құрылысы мен құрамы. Эритроцит - ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.
Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұксайды: оның диаметр 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.
