Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 + Зертх жум ор Ф. 4-43.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.77 Кб
Скачать

Саусақпен сурет салу әдістерінің диагностикалау аспектілері

Бұл методиканы қазіргі кездегі ең әйгілі деп санауға болады. Методика теориялық және практикалық талаптарды қанағаттандыра алады. Фрэнктің айтуы бойынша өте жақсы проективті методика субьектіге келесі мүмкіншіліктерді ұсыну керек: «Іс-әрекетке арналған алаң аз структурланған және аз мөлшердегі мәдени паттерндерімен болу керек. Бұл жеке тұлғаның осы пластикалық алаңда, өмірге деген көзқарасын, өзінің ойларын, символдарын, паттерндерін және ең бастысы сезімдерін проектілеп түсінуі керек. Сонымен қатар субьект өзінің өмірлік жазықтығын өзі құруы қажет».

Жаңа әдістерді құру барысында психологтың мақсаты әр түрлі факторларды, яғни эмоция, тартымдық және импульстерді тежейтін факторларды жою немесе қоспауы керек ететін және тежейтін негізгі факторларға механикалық қозғалмалы шектеулер, мәдени паттерндер, әлеуметтік қысым алдында қорқыныш сезімі және жас ерекшелігіне байланысты шектеулер.

Қозғалғыштық шектеулерден бостандық

Саусақпен сурет салу ұсақ моторика функцияларын орындайтын бұлшықет тобын көп жағдайда қажет етпейді. Сондықтан бұл методика физиологиялық жетіспеушілігі бар адамдардың өз-өзін бейнелеуге әсері мол. Графикалық шығармалардың басқа түрлері хабарлы болғанымен, көбінесе бұлшықетті координацияны талап етеді. Саусақ арқылы сурет салу барысында ешқандай қиыншылық байқалмайды, бүкіл әрекеттер қалапайсыз және қарапайым болуы мүмкін. Физиологиялық жетіспеушіліктері бар адамдарға бұл методика өзіңн-өзі бейнелеуге көп әсерін тигізеді. Бұл олардың шектеулерін компенсациялайды. Көз көрмеу, естімеу, спастикалық жағдайларда жағдайларда өте маңызды және эфектісі бар деп есептеуге болады. Мәдени ықпалдан бостандық. Сурет салуды, жазу сияқты белгілі – бір стильге (салуды) жатқызуға болмайды. Субьектке өзінің салған суреттерін жақсы немесе жаман, дұрыс-дұрыс емес деп санауға да болмайды. Себебі суретсалу өз-өзін бейнелеу болып табылады.

Әлеуметтік қысымнан бастандық. Әлеуметтік қысымды мәдениеттің жекелік аспекті ретінде анықтауға болады және бұл индивидтің өз-өзін бейнелеу бостандығын бұзады. Ал саусақпен сурет салу – бұл әлеуметтік – санкционалды «балшықпен ойнау». Бұл индивидке агрессивті импульстерін сыртқа шығаруға көмек береді. Бұл методика деструктивті тартымдылықты қанағаттандыруға әкеліп соғады. Сурет салу барысында субьектте болатын қорқыныш сезіміән минималды етуге болады.

Процессуалды және келесі кезеңді анализ

Методиканың бір жақсы қасиеті – тест өткізіп жатқан адамның, өтіп жатқан процесті және субьектінің кейін қандай шешімге келетінің бақылауға мүмкіншілігінің бар болуы. Фрэнктің айтуы бойынша: «проекті әдістің мақсаты тұлғаны, оның ішкі жан дүниесі мекемесінің процессі ретінде көру суреттерді анализ дегенде субьект іс-әрекетінің күрт өзгеруіне көңіл аудару керек. Бақылаушы субьектінің қандай түсті таңдағанын және өзінің таңдауын сурет салу барысындағы бастапқы және соңғы уақытында өзгертуіне мән беруі тиіс. Осы анализ типін процессуалды анализ деп жатқызамыз».

Процессуалды анализді келесі кезеңді анализден, өте жақсы айыра білу қажет. Біріншісі – сурет ішіндегі өзгерістерге арналған болса, екіншісі суретті суреттен өзгертуге арналған, яғни 2-ші анализ тек қана бірнеше сурет болған жағдайда жүзеге асады. Ереже бойынша психолог бір сеанс ішінде 3 сурет салуды талап етуі керек. Бірақ Напаш 8 суреттің бар болуы дұрыс деп айтқан.