- •5В010300 -« Педагогика және психология»мамандығының студенттері үшін
- •1.2.Зертханалық сабақтардың тақырыптары
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Роршах әдістемесі
- •Розенцвейг әдістемесі
- •Зерттелуші жауабын белгілейтін кесте
- •Кестені толтыру мысалы
- •Саусақпен сурет салу әдістерінің диагностикалау аспектілері
- •Қозғалғыштық шектеулерден бостандық
- •Процессуалды және келесі кезеңді анализ
- •Эквивалетті формалар мәселесінің жоқ болуы
- •Керекті жабдықтар
- •Жалпы іс-әрекетті бақылау
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылуы:
Нәтижелерді өңдеу
О.К.Тихомиров (1984 ж) соңғы мақсат тапсырсаға қарап, аралық мақсат үлкен роль атқарады. Бұл мақсаттар зерттелушіге арналғанда деңгейлерге бөлінеді.
Бірінші деңгей – объект вербалзациясы – зерттелуші элементпен жұмыс істегенде; бұл жұмыс вербалдыға арналады, бірақ аралық мақсат әлі де қалыптаспаған, сондықтан ол бұл ізделу этабында регулятор бола алмайды. Бұл деңгейде нақты әрекет элемент типімен « 10 таяқшаны ауыстырып 9 таяқша жалғастыру» зерттелушімен белгіленбеуі мүмкін. Сөздік ой білдіруі жетілмеген болады. Мысалы, зерттелуші айтады: « Мына таяшаларды, таяқшалар 11 және 7 . . .»
Екінші деңгей шешу процесіндегі вербалды көрінісі аралық мақсат қалыптасқан және нақты регулятор әрекеттерде болып табылатын аралықта орын алады.
Үшінші деңгей – аралық мақсат қалыптасқандағы сөздік баға – болған өзгерістермен өзіндік сәйкестендіу.
Мысал ретінде мынаны келтіруге болады:
Бұл үзінді мынадай болмақ: «4, 8, 13 таяқшаларды былай қоюға болады, сонда үлкен квадрат пайда болады. 4, 8, 13 таяқшалары, біреулерін жоғары, 9 жалғастырып қоямыз. Бірақ, онда төрт кішкентай квадрат пен бір үлкен квадрат пайда болады, артық квадрат үлкен болады ». Сәйкестендіру нәтижесінде берілген тұжырым жоққа шығарылады.
Зерттелуші мен шыққан аралық мақсат өз мінездемесі бойынша ерекшеленеді.Аралық мақсатының үш типін бөліп көрсетуге болады. Бірінші типке зерттелуші мен қалыптасқан мақсаттың жалпы мінездемесі жатады, яғни олар соңғы мақсаттардың қалыптасуына әсерін тигізіп, бірақ элемент талдауына қосылмайды.
Мысалы, зерттелуші мынадай тұжырым айтады: «Мұнда соңғы элементтерді ауыстыру керек, өйткені егер ортаңғыларын тисе онда көп таяқша алу керек, сонда үш таяқша шықпайды.» Бұл мақсатқа сәйкес жалпы мінездеме одан әрі оданда анық аралық мақсат келесі шешу этабында қалыптасады.
Екінші тип нақты қалыптасқан мақсаттар мен элементтер өзгеруі мен олардың ауыстырылуының белгіленуімен өтеді.
Үшінші типке толықсыз, яғни дұрыс қалыптаспаған аралық мақсаттар жатады. Мұнда зерттелуші аз ауыстырады, элементтер сандарын ауыстыру қажет.
Мысалы зерттелуші былай дейді: « Егер 16 мен 12 – таяқшаны алсақ 4 кішкентай таяқша қалады, бірақ бұл таяқшаларды тағы бір квадрат құру үшін қайда жіберуге болады?Тек бір таяқша артық қалады.» Нәтижесінде зерттелуші бұл қиындықтарды жеңеді. Вербалды активтілікті қарастыра келе вербалды – қалыптасқан аралық мақсаттар қарастырылады, зерттелушінің сөздік бағасы бұл мақсатты жалпы мақсатпен сәйкестендіру, қайтадан қайталау.
Зертханалық жұмыс №6
М.Люшердің түстерді таңдау әдісі
М.Люшер түстерді таңдау тесті – жеке адамды зерттеуге бағытталған проективті әдістеме, ол түстік стимулдарды субъективті түрде таңдауға негізделген.
Түстер адамдар бойында физиаологиялық немесе психологиялық эффект қалыптастыратындығы анықталған. Бұл жағдай мәдениет, эстетика, тазалық өндірістерінде бұрыннан ескеріліп келеді. Түстерге деген эмоционалды қатынас түсті қабылдаумен немесе жағымсыз бағамен сипатталады, әрі психодиагностикада да ескеріледі.
Люшер тесті адамның түсті таңдау барысында оның іс-әрекет, көңіл-күй, функционалды күні, жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтындығын көрсетеді. Люшер бойынша түстер сипаты негізгі 4 және қосымша 4 түстерге негізделген (қазіргі таңда Люшер әдістемесінің 8, 16, 32, сонымен қатар, компьютерлік бағыттары белгілі)
Негізгі түстер:
Көк - тыныштықты білдіреді.
Жасылды көк – сенімділік сезімін, қайсарлықты, кейде қырсықтылықты білдіреді.
Қызғылт сары, қызыл – ерік-күш, жігерді, агрессивтілікті, қызбалықты білдіреді.
Ақшылт сары – белсенділікті, қарым-қатынасқа талпынысты, ашық жүзділікті білдіреді.
Конфликттіліктің жоқтығы кезінде аталған негізгі түстер, алғашқы бес позицияда орналасуы тиіс.
Қосымша түстер: 5) күлгін 6) қоңыр 7) қара 8) сұр. Бұл түстер жағымсыз түстер: стресс,, мазасыздық, қорқыныш, ренжуді білдіреді. Өзара бірегей орналасқан жағдайда олардың позиция бойынша реттелуі жоғары деңгейде болады.
Зерттеуді жүргізіп отырған психолог, барлық карточкаларды араластырады да, зерттелушінің алдына қояды. Зертттелуші алдында тұрған карточкалардың ішінен ең ұнамдысын таңдап алады. Зерттеуші зерттелінушінің түстерді таңдау барысында ұқандай да бір затқа ұқсастырмауы керектігін ескертуі керек. Таңдалған карточканы аударып бөлек қою қажет. Осылайша карточкаларды таңдаған соң, психолог қойылған ретте карточка номерлерін жазып алады.
2-3 минуттан соң, зерттелуші әдісті қайталайды, бірақ алғашқы таңдауы еске түсірмеуі қажет, түстерді таңдау барысы алғашқы рет жасалғандай орындалуы тиіс.
Алғашқы таңдау ықылас, күй, ал екінші шынайы күй ретінде сипатталады. Зерттеу мақсатына сәйкес, тесттің нәтижесін клесідей талдауға болады.
Тестілеу нәтижесінде келесі позициялар алынады:
1 және 2 таңдау – (+ + белгіленеді)
3 және 4 таңдау – (х х белгіленеді)
5 және 6 таңдау – (= = белгіленеді)
7 және 8 таңдау – (- - белгіленеді)
М. Люшер зерттеулердің 36000 нәтижелеріне негізделіп, таңдалған позицияларға төмендегідей талдау жасады.
Алғашқы позиция мақсатқа жету тәсілдерін білдіреді, (мысалы: көк түс іс-әрекетті) екіншіден, байсалды, артық қиналусыз орындау ниетін көрсетеді.
Екінщі позиция зерттелушінің бағытталған мақсатын көрсетеді.
Үшінші позиция және төртінші позиция. Түсті қабылдау мен шынайы жағдайды түйсіну көрсетеді. Немесе жапғдайға байланысты іс-әрекет образды айқындайды.
5 және 6 позиция түске деген немқұрайлылықты немесе нетралды қатынасты көрсетеді.Яғни, зерттелуші өзінің көңіл-күйін, мотивтерін аталған түспен байланыстырмайды. Әдетте, кейбір жағдайда аталған позиция түстің резервті сипатына ие болады, мысалы көк түс (тыныштық түсі) аталған жағдайда жарамсыз болып табылады.
7 және 8 позиция түске деген жағымсыз қатынасты білдіреді. Таңдалған түспен байланысты көңіл-күйді, мұқтаждықты, мотивті тежеуге талдпынумен байланысты.
Таңджалған түстерді жазу барысында олардың реттік номерімен таңдалған позициясы ескеріледі. Мысалы: қызыл, сары, көк, сұр, жасыл, күлгін, қоңыр түстер таңдалды.
+ + х х = = - -
3 4 10 2 5 6 7
(++; хх;==; --) зоналары 4 функционалды топтарды құрайды.
Таңдау барысында келесі аспектілер ескеріледі:
Алғашқы және 2 топтамада түстерді таңдау реті.
Негізгі түстер, негізгі және қосымша түстердің өзара орналасуы.
Алғашқы және соңғы позицияда түстердің орналасу реті ескеріледі.
Негізгі түстердің орналасуын бағалау барысында , оларды бесінші позициядан кейін орналасуы, мұқтаждықтың қанағаттанбауынан, яғни мазасыздық, жағымсыз көңіл-күйдің бар екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, негізгі түстердің өзара орналасуы қарастырылады. Мысалы: 1 мен 2(көк пен сары) қатар тұрса, бұл «жеке» субъективті бағыттылықты көрсетеді. 2 мен 3(жасыл және қызыл) шешімге келуде өзбеттілік автономдылықты көрсетеді. 3 пен 4(қызыл және сары) «сырттан» бағытталғанды көрсетеді. 1 мен 4 (көк пен сары) зерттелінушінің сыртқы ортаға тәуелділігңн көрсетеді. 1 мен 3 (көк пен қызыл) жағымды балансты білдіреді.
М. Люшер бойынша негізгі түстер төмендегі психологиялық мұқтаждықтарды білдіреді.
№1 (көк) – қанағаттануға деген мұқтаждық, тыныштық, тұрақты жағымды құштарлық.
№2(жасыл) – өзін-өзі танытуға деген мұқтаждық.
№3(қызыл) – жетістікке ұмтылу, іс-әрекетті белсенді орындауға деген мұқтаждық.
№4(сары) – армандау, жақсылыққа сену.
Егер, негізгі түстер бірінші-бесінші позицияда орналасқан болса, зерттелінушінің мұқтаждығы қанағаттандырылған деуге болады, жақсы деп қабылданады, егер алтыншы-сегізінші позицияда орналасқан болса, жағымсыз жағдайлардың салдарынан қанағаттандырылмаған болып есептеледі енмесе мазасыздық, конфликттік жағдайлар болуы мүмкін. Шеттелген негізгі түстер стресс ретінде бағаланады. Мысалы: көк түс, тыныштықтың болмауын білдіреді.
Люшер зерттелушінің түстерді таңдау барысында төмендегідей талдады.
Жасыл түс күрделі іс-әрекет жағдайында зерттелушінің епік-жігердің икемділігі байқалады.
Қызыл түс мақсатқа жетуге деген ұмтылыс сезімі мен ерік күшін көрсетеді.
Сары түс жетістікке деген үміт сезімін көрсетеді.
Аталған үш түс алғашқы қатарда бірге тұрған жағдайда, іс-әрекеттің жоғары өнімділігімен жұмысқа қабілеттілікті көрсетеді. Егер екінші қатарда және бөлек тұрса, нәтиже жағымсыз.
Мазасыздық көрсеткіштері. Егер негізгі түс алтыншы орында тұрса «- « деп белгіленеді, бұдан кейін тұрған 7-8 позицияларда осылайша белгіленеді. Негативті күй, мазасыздық себебі ретінде қарастырылады.
Люшер тестінде мұндай жағдайларда позициялар түс номерімен белгісі үстінен А әрпі қойылады. Мысалы : А/1 А/6 А/0
Компенсация көрсеткіштері. Стресс, мазасыздық көрсеткіштері бар болған жағдайда , бірігші тұрған таңдау түсі компенсация деп қабылданады. Бұндай жағдайда бірінші орында тұрған санның үстінен С әрпі қойылады. Егер алдыңғы орынға негізгі түстердің бірі қойылса жағымды құбылыс ретінде қабылданады. Әрине, стресс пен компенсацияның көрсеткішінің бар болуының өзі оптимальді күйдің жетіспеушілігін көрсетеді.
Егер компенсация қосымша түстер арқылы жүзеге асырылса, тест нәтижесі жағымсыз күйдің, мотивтердің және қоршаған ортаға деген жағымсыз қарым-қатынастың көрсеткіші ретінде талқыланады.
Интенсивті мазасыздық көрсеткіші негізгі түстердің орналасу позициясымен сипатталады. Егер негізгі түс алтыншы орында тұрса, мазасыздықты қалыптастыратын фактор әлсіз болып саналады. (бұл лепті белгісімен белгіленеді) ! ; егер негізгі түс 7 позицияда тұрса, !!! лепті белгісі қойылады. Сонымен, стресс, мазасыздық бастамасын сипаттайтын 6-ға дейін белгі қойылуы мүмкін.
! !! !!!
А/2 А/1 А/4
Жағымсыз компенсация жағдайы да осылай бағаланады. Компенсация негізгі түстер немесе күлгін түстен белгіленсе, белгі қойылмайды. Егер қоңыр , қара түстер, сұр түстер үшінші позицияда тұрса, 1 лепті белгісі қойылады, екінші позицияда болса, 2 лепті белгісі қойылады. Бірінші позицияда болса, 3 леп белгісі қойылады. Осылайша, алты белгі болуы мүмкін.
!!! !! !
С С С
+ + +
6 0 7
Егер, «!» белгісі көп болса, болжам жағымсыз болып есептелінеді.
Жинақталған нәтижелерді ескере отырып, психикалық күйді регуляциялау және өзіндік регуляциялау, аутогенді жаттығулар іс-шараларын ұйымдастыру керек. Қайта жүргізілген тесттен кейінгі мазасыздықтың төмендегендігін көруге болады. Тестілеу нәтижелерін талдау барысында соңғы сегізінші позициядағы түсті бағалауға мән берген жөн. Бірінші және сегізінші позицияның өзара қатынасына көңіл аудару керек.
Люшер тест нәтижелерін талдау барысында, алынған психодиагностикалық мәліметті анкета, бақылау, құжаттарды зерттеу нәтижелерімен сәйкестендіру керек. Осындай жан-жақты тұлғалық зерттеу, жеке адамның психологиялық ерекшеліктері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Зертханалық жұмыс №7
