- •5В010300 -« Педагогика және психология»мамандығының студенттері үшін
- •1.2.Зертханалық сабақтардың тақырыптары
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Роршах әдістемесі
- •Розенцвейг әдістемесі
- •Зерттелуші жауабын белгілейтін кесте
- •Кестені толтыру мысалы
- •Саусақпен сурет салу әдістерінің диагностикалау аспектілері
- •Қозғалғыштық шектеулерден бостандық
- •Процессуалды және келесі кезеңді анализ
- •Эквивалетті формалар мәселесінің жоқ болуы
- •Керекті жабдықтар
- •Жалпы іс-әрекетті бақылау
- •3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылуы:
Ф. 4-43
С. БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
ОӘЖ жөніндегі проректор
___________ Кабиева А.А.
«Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәнінен
зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Актобе, 2016
С. БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика және психология»кафедрасы
Комарова Д.Т.
«Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәнінен
5В010300 -« Педагогика және психология»мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ақтөбе, 2016
Комарова Д.Т. «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқау «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәнінің оқу жоспары ментиптік/оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылды және мұнда пән бойынша зертханалық жұмыстардың тақырыптарының орындалуы бойынша барлық мәліметтер көрсетілген.
Әдістемелік нұсқау «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәнінен 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған.
Рецензенттер: Есенғұлова М.Н. психология ғылымдарының
кандидаты, доцент Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті
Миралиева А.Ж., психология ғылымдарының кандидаты
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
© С. Бәйішев атындағы АУ-нің әдістемелік қамтамасыздандыру және инновациялық даму бөлімі, 2016
1. КІРІСПЕ
Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы – негізгі пәндік мазмұны педагогикалық, психологиялық диагноз қою болып келетін психологиялық ғылым саласы мен психологиялық практиканың түрі. Сөйтіп, психодиагностика тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін бағалайтын және өлшейтін теорияны, принциптерді және құралдарды құрастырумен айналысады, бұл адам психологиясы туралы академиялық түсініктер мен оны зерттеу шынайылығы арасындағы айырмашылықты жеңуді қамтамасыз етеді. Психодиагностика негіздері бойынша білімдер психологиямен іргелес саладағы мамандарға, соның ішінде әлеуметтік жұмыскерге салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында тұлғаны, тұлғаралық қатынастарды, қандай да бір іс әрекет тиімділігін толықмәнді және сенімді зерттеу үшін, олардың дамуын болжау мен реттеу үшін қажет болып келетін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері, процесстері мен қалыптары туралы мәліметер алуға мүмкіндік береді.
Әр түрлі әлеуметтік өмір сферасын ескере отырып өз бетімен психология-педагогикалық диагностика жүргізу, сандық-сапалық анализ және интерпретация нәтижесін шығару, даму психологиясын, педагогикалық психология, тәжірибелік психология т.б.психологияның арнайы курстарын игерудің негізін кұрайды.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курс мақсаты:
Психологиялық диагностика теориясын меңгеру және практика жүзінде әдістемелерді қолдану дағдысына ие болу.
Курс міндеттері:
Болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарын жүзеге асыру;
Тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық – педагогикалық әдістерді қолдануға үйрету;
Маманның практикалық дайындығын және кәсіби дағдыларын игеру
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
БІЛУІ тиіс:
- тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің құрылуы мен тарихы жайлы білімдер;
- тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің қазіргі жаңа мәселелері;
- тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің құбылыстары мен процестерінің негізгі заңдылықтары жайлы білімдер;
ІСТЕЙ БІЛУІ тиіс:
- теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары;
ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАНУЫ тиіс:
Қазіргі психодиагностиканың концептуалды және методологиялық қағидаларымен студенттерді таныстыру;
Тесттерді құрастыру тәсілдерін іс жүзінде меңгеру
Психодиагностикалық әдістемелермен жұмыс істеумен дағдыларын меңгеру.
Кәсіби дағдылар мен іскерлікті меңгеру.
Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнін игеру үшін студенттердің төмендегі пәндерден теориялық және практикалық білімдері болуы қажет:
1. Адам дамуы және психологиясы
2. Әлеуметтік психология
3. Эксперименталды психология
