Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sadu_diplomdyk_zhumys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.94 Кб
Скачать

Құзыреттілік: түсінігі, мәні, құрылымы Мазмұны

Кіріспе

I. Қр Ішкі істер органдарының құрылу тарихы мен сипаты

1.1. ҚР ІІО пайда болу тарихы мен кезеңдері

1.2. ҚР ІІО құзыреттілігінің түсінігі, мәні

1.3. ІІО міндеттері, құзыреті және өкілеттіктері

II. Мемлекеттік органдардағы ііо құрылымы мен қызметі

2.1. ҚР Ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы мен құрылымы

2.2. ҚР Ішкі істер органдарындағы қызметті ұйымдастыру

2.3. ІІО басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Дипломдық жұмыс өзектілігі: Кейбір мемлекеттерде өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Біз бұл зерттеу жұмысымызда ішкі істер органдарының құзыреттілгінің тусінігі, мәні және олардың құрылымына толығырақ тоқталатын боламыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құзыреттілігінің түсінігін, мәнін, құрылымын меңгеру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Құзыретті тыңдаушы даярлау мақсатында тындаушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту». Ерекшелігі: тындаушы өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері есептелінеді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің құқықтық жағдайы мен сипатына, оның даму мәселелеріне қатысты жүргізген ғалымдардың зерттеу еңбектері қарастырылды. Жұмысты дайындау барысында логикалық талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, жинақталған тәжірибелерге сүйену тағы басқа да әдіс-тәсілдері қолданылды. Тараулардың атауы, құрылымы және мазмұны диплом жұмысының тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің қызметін реттейтін заңдар, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заңы, өзге де Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, сонымен бірге, ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер, құқықты қолдану тәжірибелері, мерзімді баспасөздерде жарияланған материалдар пайдаланылды.

Диплом жұмысының пәні. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің құқықтық жағдайы, құрылымы, құзіреттілігі, жауапкершілігі, сонымен бірге, ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылу тарихы, құқықтық жағдайы мен сипаты, ҚР Ішкі істер министрлігінің заманауи талаптарға сай мақсаттары мен міндеттері болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми - зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік - құқықтық пәндер бойынша тиісті арнайы шеңберінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]