Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А силлабус3.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

«Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы ( 3 кредит )

Мамандық: 5В011400 - Тарих

3 курс

2016 -2017 оқу жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы ( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орны

оқытушы

байланыс тел.

email

Дәріс: жұма Тарих фак-ті 8.30-10.30

магистр аға оқытушы Сағындықова С.С.

87471446276

sandu_74@bk.ru

Семинар: жұма

10.30-11.20

Сугурбаева Б.К.

87058369135

bibinur_8484@bk.ru

Оқу пәнінің сипаты:

Жоғарғы оқу орыңдары үшін бүгінгі таңда Қазакстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын жаңаша көзкарастағы ғылыми ой-пікірлер негізінде оқыту студенттер үшін аса қажет. Тәуелсіздік жолыңда ұзак күрескен халқымыздың «Қазакстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын» пәнінің оқытылуы да, оқытушыларға жүктелген міңдеттің де женіл еместігі белгілі.

Қазақстан Республикасында білім берудегі түбегейлі өзгеріс те осыны қажет етеді. Қазақстанның халықаралық катынастар жүйесінде алар орны, Ресей империясының отарына айналу кезендері, Ресейлік метрополияның отарлық саясатының мәнін ашу арылы қазақ даласында капиталистік қатынастардың қалыптасып, дамуы сияқты елеулі тарихи процестердің негізгі мазмүнын саралап түйіндеу - Қазақстан тарихы курсын өз кезеңдерімен оқытудағы күн талабындағы дайекті мәселе.

Оқу пәнінің мақсат-міндеттері:

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи кезеңінің методологиясынан, деректемелері мен тарихнамасынан кең түрде таныса отырып, мол мағлұмат алуымен бірге, оны талдау, оны тұжырымдау мәселелері курсты окудағы басты міндеттер болмақ. Және де айтылғаңдарды белсенділікпен шешуде маңыздырақ көмегі болары айтпай-ақ түсінікті.

Студенттер Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы курсын тыңдай отырып, дәрістік, практикалык сабақтарда, СӨЖ (окытушымен бірлескен) сабақтар барысында белгілі деректерді конспектілейді.

Сондай-ақ курс бойынша алып отырған білім негіздерін өздерінін ғылыми ізденістерінің нәтижесінде шыңдай түседі және де мектептерде сабак беру кезінде жан-жакты қолдануға мүмкіндік алады. Соның барысыңда студенттер:

- Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы курсы бойынша тарихи деректер, тарихнамалық мағлұматтар алады.

-Тарихи танымдылықпен тарихи сананы қалыптастыру мен бірге тарихи тұжырымдарды жасауды үйренеді.

Тарихи деректер мен тарихи тарихнамалық аспектілерді нақтылауды үйренеді. т.б.

Оқу пәнінің қысқаша мазмұны:

- Әлемдік тарих тенденциялар негізінде адамзаттың тарихи рухани мәдениетінің дамуының кезеңдері туралы ғылыми негізінің болуы.

- халық ауыз творчествосында, музыкалық, әдеби, философиялық, тарихи шығармаларда көрніс тапқан халықтың рухани мұрасын білу, қазақ ұлттық мәдениетінің мәдени эволюция заңдарын, оның өзгешілігі мен мәнін тусіну;

- өркениет, мәдениеттің әр түрлілігі туралы білімді игеру;

-бяандама жасауға және ауызша материалды дұрыс жеткізуге дағдылану, семинарларға дайындық барысында қолда бар ғылыми әдебиеттерге дербес сыни тұрғыдан қарай талдау жасауы тиіс.

- Қазақ халықының мәдениетін зерттеуге біртұтас концептуальді келуді білу.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: отан тарихының тарихи үрдістері мен оқиғаларын оқып-үйрену арқылы білім қорын игеруге

Біліктілігі болуы: семинар, реферат, баяндама, ғылыми конференцияларға және өзіндік ғылыми жұмыстың басқа формаларына дайындалу барысында ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі және тәжиребесімен таңысып оңы қолдану

Дағдысының болуы: отан тарихының тарихи үрдістері мен оқиғаларын оқып үйрену арқылы білім қорын игере отырып, тарихи таңымыңызды қалыптастыруға.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Қазақстан тарихы, Әлем тарихы, Қоғамтану

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Қазақстан тарихы, Әлем тарихы

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ситуацияларды талдау, ғылыми деректерді, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және СӨЖ, ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша студенттен семестрде екі рет ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]