- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •5В050300-Психология мамандығының студенттері үшін
- •Әдістемелік нұсқау Тараз 2014
- •Пән бойынша практикалық сабақтардың тақырыптары
- •1. Практикалық сабақ. Саяси психология ғылымы
- •2. Практикалық сабақ. Саяси психология және саясаттану психологиясы
- •3. Практикалық сабақ. Саяси психология пәнінің объектісі, міндеттері мен принциптері
- •4. Практикалық сабақ. Саяси психологияның әдіснамалық негіздері.
- •6. Практикалық сабақ. Хiх мен хх ғасырдың саяси психологиясы.
- •7. Практикалық сабақ.Тұлғанын саяси психологиясы
- •8. Практикалық сабақ. Саяси процестердегі психологиялық феномендер
- •9. Практикалық сабақ. Биліктің психологиялық детерминанттары
- •10. Практикалық сабақ. Еркіндік психологиясының негізгі заңдылықтары
- •11. Практикалық сабақ.Саяси психологиядағы қақтығыстар және бұқара психологиясы
- •12. Практикалық сабақ. Көшбасшылықтың саяси психологиясы
- •13. Практикалық сабақ. Көшбасшылықтың түрлері
- •14. Практикалық сабақ. Саяси-психологиялық типологиялар
- •15. Практикалық сабақ. Көшбасшылық феноменіне қазіргі көзқарастар
6. Практикалық сабақ. Хiх мен хх ғасырдың саяси психологиясы.
1.ХIХ ғасырдың саяси психологиясы
2. ХХ ғасырдың психоанализі
Көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде топтық психологияның сұрақтарына назар салған, бірақ, кәсіби – психологиялық көзқарастан, «топтар» феномені және жеке алғанда, топтың әрекеті тек ХIХ ғасырдың аяғында ғана зерттелді. Бұл түсінікті: тарихи тәжірибені ғылыми санадан өткізуіне және алапат ғылыми шайқалуларды түсіну үшін уақыт қажет болды. Бұл зерттеу енді үш классикалық аттар – Г. Тард, Ш. Сигеле және Г. Лебонның аттарымен байланысты. Г. Тард топты «жандандырылған бір нәрсе» деп зерттеген және оған осындай ерекше қасиеттер: «тым артық шыдамсыздық,...» өз керемет билігінің және топта болатын адамдардың «қозғыштығы» деп жазған. Ол саясатта кездесетін екі типті топты кездестірген: а) «назар салатын және күтетін» топ; ә) «әрекет ететін және белгілі талаптарды көрсететін» топ. Сол кезде әйгілі психологиялық теориялармен сәйкестендіріліп және рөлін біраз арттырып, әсіресе, «топтық инстинктер» рөлін, Г. Тард топты демондандырды және ең алдымен оның осы «жануарлық-демондық» қасиеттері, топтық әрекетті анықтайтын, қасиеттер арқылы жалпы саясаттағы психология рөлін түсінгісі келді. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл тым сыры ашық қиынның тым жеңілге өтудің редукционистік позициясы болды. Міне сондықтан Г. Тардтың аты саяси психологияның «негізін қалаушылардың» қатарында болса да, уақыт өтісі мен оның көзқарастары мен пікірлерінің айтылуы қысқарып бара жатыр. Дәл сондай тағдыр ғылымда Ш. Сигелені де күтті. Бұл тіпті ойға қонымсыз, бірақ оның есімі барлық дерлік әлеуметтік және саяси психологияларға белгілі, бірақ, оның нақты жұмыстары, ешкімге мәлім емес және де, ол басқаға қарағанда, өте қызықты көзқарастармен ерекшеленеді. Мысалға, бұдан басқа, Ш. Сигеле «топтың интеллектуалдық тәртіпсіздігі және сан-сезімдік орташа деңгейлілігі ойлар мен сезімдерге өте алады». Оның пайымдауынша, топтағы барлық саяси-психологиялық үрдістер алғашқы кезекте «жеке тұлғаны өзінің көрінісіне ұқсатуға бағыттайтын және сезімдерді аятатын, адамдардың үлкен санына бағынышты». Ол өте нақты жағдайларды да білген, мысалы, егер, «сөйлеуші топты сабырға келтіремін десе, онда, нәтиже тіптен қарама-қарсы болады, қуылып шыққандар сөздерді естімейді, ал айқай, белгі, әрекет дұрыс түсіндірілмеуі мүмкін». Сәйкесінше, топтың әрекетін мақсатты түрде бақылау және басқару, мүмкін емес, деп санады Ш. Сигеле. Оның қорытындылауы бойынша, саясатта, «онымен тек келісу ғана қажет». Г. Лебон бойынша, осындай анық және логикалық теорияға қарағанда өзімен «ақылдың күйін» көрсететін, социалистік ойлардың жұқпалылығы, артынан топты бұрынғы құрылысқа қарсы қоя алатын, бірақ оларды өз конструктивті құрылымды күшімен ұстай алмады. Осыдан өз кезінде КСРО-ны да шапшыған, социализмнің негіздік пародоксы туындайды. Топтың көтерілісі – бұл көбінде эмоциялар мен көңіл-күйдің жарылысы, олардың сипаты ұзақ емес деп санады Г. Лебон, және де ол өте дұрыс ойда еді. Петроградта 1917 жылы болған төңкерістің белсенді қатысушысы С. Д. Лестивславский былай деп жазған: «Кеңес жиынында орныққан көңіл-күй басылған жоқ және депутаттар резолюцияны ақыры қабылдап, көп адам болып күтіп жатқан топқа, Екатериналық төрге араласқанның өзінде де. Сол кеште Таврикалық сарай көтерілістің бірінші күніндегідей дәл сондай дәрежеде толы еді және көзге өте анық түрде «сол кездегі» және «қазіргі» көңіл-күйдің үлкен айырмашылығы көрінген. Саяси психологияның дамуына З. Фрейдтың психоаналитикалық теориясы, кейіннен оның шәкіртері де әсерін тигізді. Адамның әрекетіне психоаналитикалық көзқарасы бойынша, көптеген адамдардың әрекеттері инстинктивті мақсаттар (Эрос және Танатас), және адам эпосы (Мен), Супер-Эго (жоғары Мен) З. Фрейд бойынша құрылыстың негізінен компоненттері арасындағы күрес нәтижесі. Г. Лебон және басқа да оның «топтық жанға» замандастарының пікірлерімен әсерімен З. Фрейд жеке тұлға мен топтың саяси әрекетінің проблемасында психоанализ тұрғысынан келді. З. Фрейд әлеуметтік, және жеке алғанда, саяси өмірдегі топтың феноменін «қарапайым жан әрекетіне регресс жағдайы деп аталады» және мұнда адамдар ежелгі қарабайыр ордаға тән психологиялық сипаттамалар кенеттен оянады. Адам топта гипноз жағдайында болады, гипнозда оның психикасының түбінен қарабайыр Ид («Ол») шығады және ол супер – эгоның сананы бақылаумен басқармайтын және олардың арасында тепе-теңдікте болатын, өте нәзік Эгомен ұсталынбайтын. Осы жағдайда саналы жеке тұлғаны жоғалуы, ойлар мен сезімдердің басқа, бірақ басқа адамдармен бірдей бағытта қайтаориентация дамиды, рухани сфераның эффективтілігі басым болады, бұл нәтижесінде кенеттен ойларды тез арада орындауға жоғары бейімділігін құрайды. З. Фрейд саяси психологияға тағы бір ірі жаңалық енгізді: ол жаңа жанр – психобиографияны (психоөмірбаянды) жасады, негіз ретінде АҚШ Президенті Вудро Вильсонның өмірін алып, детальді психоаналитикалық зерттеуге ұшыратты. Басынан Фрейд бұл Президентке өзінің антипатиясын жасырған жоқ, оның ойынша, В. Вильсонның «әлемді зұлымдықтан босатамын» деген ойы тек фанатиктің адамдарға әкелетін тағы бір қауіптің бір дәлелі еді. Зерттеу саяси – психологиялық инфонтилизмнің мәселесін және оның ұстаушыға, барлық қоғамға жалпы алғанда, және де саяси психологияның әсерін, кейін саяси психологияның жаңа мүмкіндіктерін ашты.
