Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дип компас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.64 Mб
Скачать

2.4 Виртуалды аспаптарда жасалған мысалдар

ZETLAB бағдарламасындағы виртуалды көпканалды осциллограф.

Көпканалды осциллограф бағдарламасы сигнал пішінін бағалау және лездік мәндерді өлшеу үшін арналған. Синхронды түрде бір уақыт аралығында алынған бірнеше сигналдар өз өлшем бірліктерінде көрсетілуі мүмкін. Осциллограмаларының сигналдарын салыстыру үшін бір ось координатасында көрсетуге болады. Көпканалды осциллограф 3.1 және 3.2-суреттерде көрсетілген.

Бағдарламаның негізгі функциялары:

  • кіру каналдарынан келетін сигналдардың амплитудасы мен пішінінің көрсетілуі;

  • көрсетілетін сигналдардың жиілік диапазонын таңдау;

  • көрсетілетін сигналдардың санының икемді өзгеруі;

  • бір уақытта бірнеше және жекелей осциллограммалардың автоматты масштабталуы;

  • таңдалған канал бойынша синхронизация;

  • кадрлерді тоқтату режимін қосу / өшіру.

3.1-сурет – Көпканалды осциллограф

3.2-сурет – Көпканалды осциллограф

Енгізілген жиіліктік жолағында сигнал пішінін көрсету үшін сигналдарды сүзгілеу бағдарламасын пайдалану қажет. Бұл бағдарламада төменгі және жоғарғы сүзгілерді кесу жиілігін енгізуге болады және сигналдарды интегралдау немесе дифференциалдауды қосуға болады.

3.3-сурет – Көпканалды осциллограф

3.4-сурет – Көпканалды осциллограф

LabView бағдарламасындағы виртуалды жиілік генераторы. LabView бағдарламасының көмегімен виртуалды төмен жиілікті генератор құрастырылды (3.5-сурет). Электр сигналдарының генераторы өдшеу құралдарын бақылау, тексеру және калибрлеу кезінде қолданылатын негізгі аспаптардың бірі болып табылады. Бұл аспаптардың өнеркәсіптік түрлі типтері шығарылады - синусоидалық, тікбұрышты, ара тәрізді сигналдардың генераторлары, арнайы пішінді сигналдардың генераторлары.

3.5-сурет – Виртуалды төмен жиілікті генератор

Генератордың блок-сұлбасы 3.6-суретте көрсетілген. Ол келесі негізгі блоктардан тұрады:

  • сигнал генерациясы;

  • дыбыстық картаға сигналды шығару;

  • нәтижелерді файлға сақтау.

Генерация блогы сигнал генерациясына, сигнал типі, пішіні, жиілігінің өзгеруіне жауап беретін субвиртуалды аспап болып келеді. Сигнал пішіні мен жиілігі генерация блогының блок-сұлбасы 3.7-суретте көрсетілген.

3.6-сурет – Генератордың блок-сұлбасы

3.7-сурет – Сигнал пішіні мен жиілігі генерация блогының блок-сұлбасы

2.5 Примеры моделирования в программе Компас- 3d

Моделирование работы одноцилиндрового двигателя

Моделирование мотора на упругом основании