Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституцилық құқық+++.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
759.3 Кб
Скачать

Жоспар:

1. Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі.

2. Мәслихаттар - жергілікті өкілді органдар.

3. Әкіматтар - жергілікті атқарушы органдар.

4. Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі.

Негізгі ұғымдар: жергілікті мемлекеттік басқару, жергілікті өзін өзі басқару, мәслихат, әкім, әкімиаттар, өкім.

        Қазақстан Республикасы Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды  2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.

Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң мәслихаттар мен әкімияттар үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларға төмендегілер жатады:

1. мәслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы мен инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге тиіс;

2. мәслитаттар мен әкімияттар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауға тиіс;

3. мәслихаттар мен әкімияттар өз құзыреттерінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

4. мәслихаттар мен әкімияттарға қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға тиіс;

5. мәслихаттар мен әкімияттарға Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капитал, қаржы нарқын қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады;

6. мәслихаттар мен әкімияттар өз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуға тиіс.

         Жергілікті өкілді орган (маслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы смайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Мәслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында бес жыл мерзімге сайлайды.

         Мәслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады; заңды тұлға болып табылмайды, яғни қандай-бір шаруашылық әрекеттер жасамайды. Мәслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарға кірмейді. Ол мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және т.б. жай күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.

         Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

         Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне мыналар жатады:

1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

2. өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

3. заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының есебінен тыңдау;

4. мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

5. Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында – елуге дейін; қалалық мәслихатта – отызға дейін, аудандық мәслихатта – жиырма беске дейін белгілейді.

         Мәслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы болып табылмайды. Мәслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Мәслихпттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейдейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Колнституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

        Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

  1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

  2. коммуналдық меншікті басқару;

  3. жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

  4. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарым,ен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен Қазақстан Республикасының Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.        

Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғарғы тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

Әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.- Алматы: «Жеті Жарғы», 2005ж.

2. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Астана, Фолиант, 2001.-174б.

3. Сагандыкова А.Н. Конституционное право РК. Алматы, 1999г.

4. Баишев Ж. Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы: Жеті Жарғы. 2001.

5. Комментарий Конституции Республики Казахстан. Алматы, 2004г.

6. Ащеулов А.Т. Конституционное право РК: Учебник. Алматы, 2001г.

7. А.М. Байжуманова Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. –Талдықорған, 2013. -256 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура.- Алматы: Оркениет, 2000.- 400с.

2. Аюпова З., Сабикенов С. Концепция правового государства.- Алматы: НИ и РИО АВСШ ГСК РК.- 1996.- 104 с.

3. Нурпеисов Е.К. Котов А. Государство Казахстан: от ханской власти к презид. республике.- Алматы: Жетi Жарғы, 1995.- 127 с.

4. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм, 1998.- 336с.

5. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости.- Алматы: Казахстан, 1996.- 211с.

6. Назарбаев Н. На пороге ХХI века.- Алматы, 1996.- 272 с.

7. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК.- Алматы: Жетi Жарғы, 1996.- 352 с.

8. Котов К.А. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. - Алматы: Жетi Жарғы, 1997.- 288 с.

9. Юридический энциклопед. словарь.- М., 1984.- 700 с.

10. Сапаргалиев С., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан.- Алматы: Жетi Жарғы, 2000.- 312с.

11. Алибаев Г.А. Местные исполнительные органы в системе государственной власти.- Алматы: Жеті Жарғы, 1999.- 64с.

12. Бекбергенов Н.А. Правоохранительные органы в РК.- Астана: Фолиант, 2000.- 216с.

13. Конституция, закон, подзаконный акт.- Москва: Юридическая литература, 1994.- 136с.

14. Котов А.К. Казахстан наше Отечество: Власть. Общество. Конституция.- Алматы: Казак энциклопедиясы, 1998.- 127с.

15. Малиновский В. Глава государства суверенного Казахстана.- Алматы: ВШП Адилет, 1998.- 242с.

16. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право Республики Казахстан: теоретико-правовые вопросы.- Алматы: Жеты Жарғы, 2001.- 176с.

17. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.- 168с.

18. Кудайбергенов М. Права ребенка в казахстанском и международном праве.- Алматы: Данекер, 2001.- 238 с.

19. Жанузакова Л.Т. Конституционно-правовые проблемы организации и деятельности местных представительных органов в Республике Казахстан.- Алматы: СаГа, 2003. -340 с.

20. Шеретов С.Г. Конституционное право Республики Казахстан.- Алматы: Данекер,2002. -174 с.

21. Сабикенов С. Н. Национальный и народный суверенитет. В чем отличие? // Мысль.- 1994. № 4.- С.-9.

22. Нарбинова М.М. Характеристика элементов становления государственной независимости РК. // Сб.н.тр. Менеджмент в рыночной экономике региона.- Усть-Камен.: Изд-во ВКГУ, 1999.

23. Нарбинова М.М. Обоснование роли и места в правовой системе РК конституционного закона «О гос.независимости РК». // Региональный вестник Востока. 1999.- № 3.

24. Нарбинова М.М. Система юридических источников конст. права РК // Региональный вестник Востока. 2000.- № 1.

25. Нарбинова М.М. К вопросу о конституционном реформировании в Казахстане // Региональный вестник Востока. 2000.- № 3.

26. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. -Астана, 2001. -236 б.

27. Veiled Political Questions: Islamic Dress, Constitutionalism, and the Ascendance of Courts. Author(s): Goldenziel, Jill I. Source: AMERICAN JOURNAL OF COMPARATIVE LAW Volume: 61 Issue: 1 Pages: 1-50 DOI: 10.5131/AJCL.2012.0015 Published: WIN 2013.

28. Cosmic Constitutional Theory: Why Americans Are Losing Their Inalienable Right to Self-Governance. Author(s): Skinner, Karen. Source: LAW LIBRARY JOURNAL Volume: 105 Issue: 1 Pages: 105-107 Published: WIN 2013.

Нормативтік құқықтық актілер:

1.Қазақстан Республиасының Конституциясы 30.08.1995ж. қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» 25 қазан 1990ж. қабылданған Декларация.

3. 16 желтоқсан 1991ж. Қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

4. 24 қазан 1996ж. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

5. 26 желтоқсан 1995ж. «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституцияялық Заң //«Параграф» ақпараттық жүйесі.

6. 20 шілде 2000 ж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

7. 16 қазан 1995 ж. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының құқықтық мәртебесі туралы» конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

8. 16 желтоқсан 1995 ж. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

9. 29 желтоқсан 1995 ж. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

10. 25 желтоқсан 2000 ж. «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

11. 28 қыркүйек 1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

12. 2 қараша 1995 ж. «Республикалық референдум туралы» конституциялық Заң // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

13. 31 мамыр 1996 ж. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

14. 20 желтоқсан 1991 ж. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

15. 20 шілде 2002 ж. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

16. 23 қаңтар 2003 ж. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

17. 8 желтоқсан 1993 ж. «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

18. 28 мамыр 2001 ж. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

19. 11 шілде 2001 ж. «Мамандандырылған әділет алқасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

20. 24 мамыр 1998 ж. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

21. 19 маусым 1995 ж. «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.