- •Байжұманова Айгерім Мажибекқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Cеминар сабақтарын өткізуге әдістемелік-нұсқау
- •Әдебиеттер:
- •Теориялық есептер
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
СИЛЛАБУС
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
Мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 1
семестр: 2
кредит саны: 2
барлық сағат саны: 90
барлық дәрісханалық сағат: 45
дәріс: 15
практикалық сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 60
Аралық бақылау 2
Емтихан: 2 - семестр
Талдықорған 2016 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет:
Байжұманова Айгерім Мажибекқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
байланыс телефоны: 87014268039,
87057268178
эл.почта: Nurai310707@mail.ru
сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – сәрсенбі күні 15.00 Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында 219 ауд. № 1 ғимарат.
Пән пререквезиттері: Бұл пәнді оқу үшін студенттерге мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «Мемлекет және құқық теориясы».
Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып, үйрену келесі пәнді оқу үшін қажет: «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы», «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы».
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Бұл пән «Мемлекет және құқық теориясы мен контституциялық-құқықтық» модулінің міндетті пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – мемлекет және жоғарғы өкілді органдар жіне жергілікті атқаршуы, құқық органдары туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы негізгі орындардың бірін алады, себебі ҚР конституциялық құқық негіздері түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар Қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы курсы жоғары оқу орындарында студенттердің міндетті компоненттерінің бірі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының коституциялық құқығын оқытуының, үйренуінің және зерттеуінің қажеттілігі – бұл тұлғаның дүниетану көзқарасының қалыптасуына, жеке басының үлкен жетістікке жетуіне және қоғамға қызмет етуіне, әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағыт беріп қалыптасқанына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы курсының мақсаттары: конституциялық құқықтың аса маңыздығылыми теориялық ережелері туралы, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілігі қалыптасу процессіндегі мемлекет және қоғамның Негізгі Заңы ретіндегі Конституцияның ролі және функциялары туралы, адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы және мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық жүйесі туралы студенттердің фундаменталды түсінігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық курсын оқытудың негізгі мақсаты студенттерді конституциялық құқық ғылымының негіздерімен, мемлекет және қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция ілімінмен, жеке адамның құқықтық жағдай негіздерімен, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларымен, Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару негіздерімен таныстыру және дербес дағдылық қызметке дайындау болып келеді. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының осы маңызды мәселелерін студенттердің түсінуі оларға саясат және мемлекеттік құқықтық аясында дұрыс бағдарлауға, мемлекеттік және конституциялық-құқықтық саясат және тәжірибе мәселелердің дұрыс шешілуіне жәрдемдеседі. Пәннің бағдарламалық мазмұны 5 модульге бөлінген.
Оқытудың мақсаты:
- Конституциялық құқықтың ұғымдары мен институттарын мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тармақтарын оқыту;
- Конституциялық құқықтың субъектіліерінің конституциялық-құқықтық мәртебесін, әкімшілік қызметтің нысандары мен әдістерін, мемлекеттік басқаруда жауапкершілікті қарастыру;
- Әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың салалары мен аумақтарындағы әкімшілік құқықтық реттеудің сараптамасы жасау.
Оқытудың міндеті:
- Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің негізін қалаушы саласы екендігі туралы;
- Конституциялық құқықтық институттар және қазіргі кезеңдегі мемлекеттік құқықтық тәжірибесіндегі жүзеге асырылатын реттеу әдістері туралы;
- Мемлекет және қоғамның Негізгі заң ретіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы мазмұны, мәні, қағидалар және функциялар туралы;
- Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері туралы;
- адам және азаматтың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын;
- мемлекет органдарының ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін, негізгі өкілеттіктерін;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері туралы түсінік беру.
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
Студенттер негізгі ұғымдар мен конституциялық құқықтық институты бойынша теориялық біліммен жабдықталуға, оларды игеруге тиіс және алынған білімдерді дұрыс қолдануды, конституциялық құқықтық нормативтік түпнұсқаларын оқуда тиісті бағыт-бағдар жасауды білуі қажет. Алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі қажет.
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу.
б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;
в) арнайы құзіреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Арнайы дағды |
|
|
100 балл |
8,15 |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
1 |
R1 |
100 |
8 апта |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
|
R2 |
100 |
15 апта |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Дифференциалды сынақ |
ДС-эссе |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+ДС*0.4 |
100 |
|
|
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3.67 |
90-94 |
|
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 |
|
B- |
2.67 |
75-79 |
|
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 |
|
C- |
1.67 |
60-64 |
|
D+ |
1.33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы |
100 10 25 25
30 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 Тапсырма 6 Тапсырма 7 Тапсырма 8 |
100 10 10 10 20 10 10 10 20 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 25 25 25 25 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 |
100 20 20 20 20 20 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 Тапсырма 5 |
100 20 20 20 20 20 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
8апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
