Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел гастрит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.25 Кб
Скачать

Стол №8

Стол N 8. Семіздік жеке ауру ретінде  немесе арнайы диета қажет етпейтін, басқа аурулармен қосымша ауру ретінде болса.

Жалпы мінездеме: — көмірсу әсерінен рацион энергиялық құнарлығын төмендету, әсіресе тез сіңірілетін, жартыла майларды азайту, ал ақуыз қалпында қалады, — бос сұйықтықты азайту және тәбетті коздыратын заттарды азайту.

Химиялық құрамы және энергиялық құнарлығы (бір күндік рацион):

  • ақуыз — 90-110 г

  • майлар- 80 г

  • көмірсу — 150 г

  • энергиялық құнарлығы- 1700-1800 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер:

  • қара бидайлы нан, ақуыз — бидайлы және ақуыз — кебекті нан (100-150 г күніне);

  • көкөністі сорпа аз мөлшерде дақылдар қосумен, борщ, окрошка;

  • аптасына 2-3 рет аздаған етті және балық сорпасында көже ( 250-300г дейін);

  • еттің майлы емес түрлері, құс еті,суға қайнатылған балық, теңіз тағамдары —  150-200 г дейін күніне; сүт және қышқыл сүт өнімдері, ірімшік, сыр –майлы емес түрлері.

  • Жемістер мен көкөністер кең түрде қолданылады, жиі шикі ретінде.

Тиым салынатын тағамдар:

  • бидай ұнынан жоғары және 1-ші сорт түрлер;

  • картоп, дақылды сорпа,ірі бұршақ, макарон көжелері;

  • еттің майлы түрлері, балық және құс еті;

  • шұжық, қақталған тағамдар,етті және балықты консерв тағамдары;

  • майлы ірімшік, сыр, қаймақ, күріш, манка ботқасы, сұлы жармасы, макаронды  тағамдар, ірі бұршақ, тәтті жидектер;

  • қант, кондитерлік өнімдер, тоспа, бал, тәтті шырындар, какао;

  • етті және кулинарлық май;

  • майлы және ашты қоспа, соус, майонез, барлық дәмдеуіштер мен тағамдық қоспалар.

Стол №9

Стол N 9. Орташа және жеңіл дәрежедегі қант диабеті.

Химиялық құрамы және энергиялық құнарлығы (бір күндік рацион):

  • ақуыз — 90-100 г

  • майлар- 75-80 г (30% өсімдік тектес)

  • көмірсу — 300-350 г (полисахаридтер)

  • энергиялық құндылығы  — 2300-2500 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер:

  • қара бидайлы нан,бидайлы, ақуыз-кебекті нан;

  • әртүрлі көкөністі көжелер, майлы емес ет және балық сорпасы;

  • еттің майлы емес түрлері, құс және балық еті;

  • сүт, қышқыл сүт өнімдері,майлы емес ірімшік және сыр;

  • дақылдар, қарақұмық, сұлы жармалы; ірі бұршақ, картоп және көкөністер;

  • жеміс – жидектер қышқыл – тәтті түрлері

Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер:

  • қою және  майлы сорпа;

  • еттің майлы емес түрлері, балық,құс еті, шұжық, тұздалған балық;

  • тұздалған сыр, қаймақ, тәтті ірімшік;

  • күріш, манка ботқасы, макарон өнімдері;

  • тұзды және маринадталған көкөністер;

  • жүзім, мейіз, қант,тоспа, кәмпит, тәтті шырындар, қант қосылған лимонад;

  • етті және кулинарлық май

Стол №10

Стол N 10. Жүрек қан тамыр аурулары, қан айналым аздығымен I-IIA дәрежелі.

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион):

  • ақуыз- 90 г (55-60% жануарлық)

  • май — 70 г (25-30% өсімдік тектес)

  • көмірсу — 350-400 г

  • энергиялық құндылығы 2500-2600 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер: 

  • кешегі пысқан нан;

  • әртүрлі вегетариандық көже;

  • еттің майлы емес түрлері, балық және құс еті;

  • сүт, ірімшік және сүт қышқылды өнімдер;

  • әртүрлі дақылдардан тағамдар; қайнатылған макарон өнімдері;

  • көкөністер қанатпа және пысқан түрінде;

  • жұмсақ, пысқан жидектер, бал, тоспа.

Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер: 

  • бүгінгі пысқан нан;

  • ірі бұршақты сорпа,етті және балық және саңырауқұлақты сорпа;

  • еттің майлы түрлері, балық, құс еті;

  • бүйрек, қақталған тағамдар, шұжық;

  • тұздалған балық, тұзды және майлы сыр;

  • ірі бұршақ;

  • тұзды, маринадталған көкөністер; ірі клечаткалы өнімдер;

  • шоколад, қою шай, кофе және какао.

Стол №11

Стол N 11. Өкпе, сүйек, лимфа түйіндерінің және буындардың туберкулезі, шұғыл асқынусыз және өшу кезеңінде, инфекциялық аурулардан соң, операция және жарақаттан соң  болатын арықтау кезінде

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы  (бір күндік рацион):

  • ақуыз — 110-130 г (60% малдың өнімдері)

  • майлар — 100-120 г

  • көмірсу- 400-450 г

  • энергиялық құндылығы — 3000-3400 ккал

Ұсынылатын және тиым салынатын тағамдар: Әртүрлі тағам өнімдері қолданылады, тек майлы ет, қой және сиыр етінен бөлек ет түрлері және кулинарлық майлар, сонымен қоса торт және кремы көп тәтті тағамдарға тиым салынады.

Стол №12

Стол N 12. Нерв жүйесінің функционалды аурулары кезінде.  

Стол әртүрлі; ашты тағамдық қоспаларға тиым салынады, қақталған, майлы, қуырылған тағамдар, әсіресе етті тағамдар шектеледі, алкоголь, қою шай, кофе, ет пен тұзды аздап шектейді. Ұсынылатын тағамдар бауыр, тіл, сүтті тағамдар және фосфор тұзы бар ірі бұршақ өнімдері.

Стол №13

Стол N 13. Жедел инфекционды аурулар кезінде.

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион):

  • ақуыз — 75-80 г (60-70% мал өнімдері)

  • май — 60-70 г

  • көмірсу — 300-350 г

  • энергиялық құндылығы — 2200-2300 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер:

  • бидайдан кептірілген нан;

  • майсыз еттен және балықтан жасалған сорпа, көкөністен жасалған сорпалар, дақылды сорпа;

  • балық пен  құстың майлы емес етті;

  • сүт қышқылды сусындар, ірімшік;

  • үгітілген күрішті ботқалар, манка және қарақұмық ботқасы;

  • картоп, сәбіз, қызылша,түсті қырыққабат, пысқан қызанақ;

  • пысқан жұмсақ жидектер, итмұрын қайнатпасы; қант, бал, тоспа, джем, мармелад.

Тиым салынған тағамдар мен өнімдер:

  • қара бидай ұны немесе бүгін пысқан нан;

  • майлы сорпа, щи, борщ;

  • еттің майлы түрлері, құстың,балықтың еті, шұжық, қақталған ет,тұзды балық, консерв тағамдары;

  • сүт және қаймақ, майлы қаймақ, сыр;

  • бидай, сұлы арпасы, макарон өнімдері;

  • ақ қырыққабат, редис, редька, сарымсақ, қияр,ірі бұршақ;

  • клечаткаға бай өнімдер;

  • шоколад, тәтті тоқаштар, какао.

Стол №14

Стол N 14. Несеп – тас ауруы (фосфатурия).

Химиялық құрамы және энергиялық құндылығы (бір күндік рацион):

  • ақуыз — 90 г

  • майлар- 100 г

  • көмірсу — 400 г

  • энергиялық құндылығы — 2800 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер:

  • әртүрлі нан түрлері мен ұнды өнімдер;

  • көже және сорпа (етті, балық, дақылды );

  • ет және балық;

  • әртүрлі дақылдар;

  • жасыл горох; саңырауқұлақ;

  • алманың ашты түрлері

  • қант, бал, кондитерлік өнімдер

Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер:

  • сүт тағамдары, көкөністер, жеміс – жидектер, көже;

  • қақталған тағамдар,тұздалған балық;

  • картоп, жеміс – жидекті шырындар;

  • етті және кулинарлық май.

Стол №15

Стол N 15. Арнайы диета қажет етпейтін аурулар кезінде.

Химиялық құрамы және  энергиялық құндылығы (бір күндік  рацион):

  • ақуыз — 90-95 г

  • майлар — 100-105 г

  • көмірсу — 400 г

  • энергиялық құндылығы — 2800-2900 ккал

Ұсынылатын және тиым салынатын тағамдар мен өнімдер: майлы тағамдар мен құс еті  және малдың ішкі майы, бұрыштан басқа барлық тағамдар мен өнімдер пайдалануға болады.

Гастрит (грекше: gаster — асқазан) — асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы. Ол жедел және созылмалы ағымды болады. Этиологиясы мен патогенезі. Жедел гастрит асқазанныњ кілегейлі қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер еткенде дамиды. Ондай тітіркендіргіштер қатарына шамадан артық ішілген ас, ќорытылуы қиын, суық немесе тым ыстық тағамдар, алкогольді ішімдіктер, салицилаттар, сульфаниламидтер, кортикостероидтар, биомицин, дигиталис сияќты дєрі-дәрмектер, бірќатар кәсіптік зиянды химиялық заттар жатады. Микробтар (стафилококк, сальмонела) мен олардың токсиндерінің, заталмасу процесі өзгергенде түзілетін өнімдердің рµлі де айтарлықтай. Кейде алкоголь, сапасы нашар тағамдар сияқты кеселді себептер асқазанның кілегейлі қабыќшасына тікелей әсер етіп, экзогендік гастрит дамытса, енді бірде зиянды әсер тамырлар мен нерв және гуморальдыќ жүйелер, иммундық механизмдер арқылы, яѓни жанама жолмен жүзеге асып, эндогендік гастрит туындайды. Көбіне эндогендік гастриттер тобының инфекциялық гематогенді, уремиялық элиминациялы, аллергиялық және іркілулік түрлері байқалады. Аутоиммунды гастриттіњ даму барысында париетальдыќ клеткаларға қарсы бағытталѓан антиденелер түзіліп, асқазанның қоршағыш клеткалы түбі басымыраќ зақымдалады, сол себепті фундалдық (түптік) гастрит дамиды. Ќан плазмасында гастрин көбейеді (гастринемия). Қоршаѓыш (обкладочные) клеткалар зақымдалып, хлорлы сутек (т±з) қышқылы аз түзіледі. Гастрит бейиммунды болса, париетал клеткаларға қарсы бағытталған антиденелер түзілмейді, сондықтан асқазанның түбі де зақымдала қоймайды. Негізінен ағзаныњ антральдыќ бөлімі зақымдалып, антральдыќ гастрит орын алады. Гастринемия байқалмайды, хлорлы сутек ќышқылының мөлшері шамалы ғана кемиді. Гастриттіњ В түрініњ бірі — рефлюкс-гастрит (гастриттің С түрі). Гастриттің В түрі гастриттің А түрінен 4 есе жиі байќалады.

Процестің топографиясына қарай, созылмалы гастрит — антралдыќ, фундалдық және пангастрит деп жіктеледі.

Патологиялық анатомиясы. Созылмалы беткейлік гастрит кезінде үстіңгі (ш±ңқырлыќ) эпителий дистрофияға шалдыѓады. Бір жердің эпителиі аласарып, текше пішінді эпителийге айналып, секрет азайса, басќа жерлерде призма пішінді эпителий қалыптасып, секрет тым көбейеді. Ќосымша клеткалар бездердің мойнынан ортаңғы бөліміне ауысып, париеталдыќ клеткалар гистаминмен әсер еткеннің µзінде секретті көп бөле қоймайды, негізгі клеткалар да пепсиногенді аз түзеді. Кілегейлі қабыќшаның µзіндік қабаты сусіңділеніп, оѓан лимфоциттер, плазмоциттер, бірен-саран нейтрофилдер жиналады. Созылмалы атрофиялыќ гастритте байќалатын негізгі жаңа сапалы өзгеріс — кілегейлі қабықша мен бездер семіп, склероз өрістеуі. Кілегейлі қабықша ж±қарып, бездер азаяды. Семген бездердіњ орнын дәнекер ткань жайлайды. Зақымдалмаған бездер топтасып, олардың µзектері кеңейеді, клеткаларды бір-бірінен ажырату қиындайды. Бездерді мукоидты өзгеріс шалып, пепсин мен хлорлы сутек қышқылы д±рыс түзілмейді. Кілегейлі қабықшаѓа лимфоциттер, плазмоциттер, бірен-саран нейтрофилдер сіңеді. Кейін кілегейлі ќабықшаның үстіндегі жеке бездегі эшителий метаплазияланып, қалыпты қ±рылымынан таяды. Асқазанның қатпарлары өзгеріп, ішек бүрлеріне ±қсайтын болады. Қатпарлар жиекті эпителиоцитермен, бокалша тарізді клеткалармен және Пинет клеткаларымен астарланады. М±ндай өзгерістер беткейлік эпителийдіњ ішектєріздене метаплазиялануы немесе кілегейлік ќабыќшаныњ «энтеролизациялануы» деп аталады. Бездердің негізгі, қосымша және париетал клеткалары жойылып, қарын қалтқысына (руlorus) тән текше клеткалар пайда болып, псевдопилорустыќ (жалғанќалтқылық) бездер қалыптасады. Метаплазияға дисплазия қосарланып, оның айқындығы әртүрлі болады. Кілегейлі қабықша шамалап (орташа атрофиялы гастрит) немесе тым (айқын атрофиялы гастрит µзгеруі мүмкін.

Гипертрофиялы гастриттің ерекше түрі — алып гипертрофиялы гастрит Менетрие ауруы); онда кілегейлі қабықша тым қалыңдап, "тас төселген" көше сияқты кедір-б±дыр болады. Бездің эпителиі мен өздері көбейіп, кілегейлі қабықшаны лимфоциттер, эпителиоидтыќ клеткалар мен алып клеткалар жайлайды. Бездер мен интерстиций өзгерісінің арақатынасына жєне пролиферациялық процестің ќаркынына ќарай, б±л ауру безді, интерстицийлі жєне пролиферациялы варианттарѓа жіктеледі.

Ойыќ жаралы ауру — негізгі клеткалыќ және морфологиялыќ бейнесі асќазан мен ±лтабардаѓы ќайталамалы ойыќ жара болып табылатын кезењді) созылмалы аѓымды сырќат. Б±л ауру ойыќ жараныңциклді ќалыптасќан жері мен патогенезініњ ерекшеліктеріне ќарай пилорус-дуоденум аймаѓын жєне асќазан денесініњ ойыќ жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудын б±л екі түрі бірге дамуы да мүмкін.

Асќазан мен ±лтабардың ойыќ жаралы ауруын бейнелейтін ойыќ жарадан басќа, µзге ағзалар ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдыќ ойыќ жаралар тобы да бар. Б±л топќа эндокриндік сырќаттардан (паратиреоздыњ, тиреотоксикоздың, Эллисон — Золлингердің эндокриндік ойыќ жаралары), ќанайналымы жедел немесе созылмалы түрде б±зылѓанда (дисциркуляциялыќ ойыќ жаралар, сыртќы жєне ішкі уытты әсерден [уытты әсер (токсикалыќ ойыќ жаралар] аллергиядан (аллергиялыќ ойыќ жаралар, спецификалы кабынудан (туберкулез, мерез ойыќ жаралары), асќазан мен ішекке жасалѓан операциядан кейін (операциядан кейінгі ойыќ жаралар жєне дәрі-дәрмектердің єсерінєн (мысалы, кортикостероидтермен, ацетилсалицилат қышкылымен емдегенде байќалатын дәрі-дәрмектік ойыќ жаралар) ќалыптасатын ойыќ жаралар жатады.

Ойыќ жаралы ауру кењ таралып, кала т±рғындарында, єсіресе ер адамдар арасында жиі кездесетін сырќат. Ойыќ жара асқазанның денесінен гөрі пилорус-дуоденум аймаѓында жиірек қалыптасады. Ойыќ жаралы ауру — адамѓа ѓана тєн дерт. Оныњ басты себебі — стресті єсер, сондыќтан XX ѓасырда ойық жаралы аурумен сырќаттану дүние жүзініњ барлыќ елдерінде көбейді.

Эпидемиология. Язвенная болезнь — чисто человеческое страдание, в развитии которого основную роль иг­рают стрессовые ситуации, чем объясняется рост заболеваемо­сти язвенной болезнью в XX столетии во всех странах мира. Яз­венная болезнь — это длительно текущее заболевание с частыми обострениями и рецидивами, с инвалидизацией и потерей трудо­способности больными. Учитывая, что в основном она характер­на для людей молодого и среднего возраста, совершенно оче­видной является социальная значимость проблемы язвенной бо­лезни.

С начала изучения проблемы язвенной болезни существовало множество теорий ее этиологии. Впервые эта бо­лезнь была описана Ж.Крювелье (1825—1835) во Франции, где кстати, язвенную болезнь называют болезяью Крювелье. Патологиялық анатомиясы. Ойық жаралы аурудың морфологиялыќ негізі — созылмалы ќайталамалы ойыќ жара. Ойық жара өзінің қалыптасу барысында эрозия мен жедел ойыќ жара сатыларынан өтеді. Сондықтан эрозияны, жедел және созылмалы ойыќ жараларды ойыќ жаралы аурудыњ морфогенездік кезеңдері деп есептеуге әбден болады. Кезеңділік әсіресе асқазанның ойық жаралы ауруында айқын көрініс береді. Эрозия деп тереңдігі кілегейлі қабыќшаның б±лшықетті табақшасынан аспайтын ақаулар аталады. Эрозия көбіне жедел аѓымды, кейде созылмалы болады. Ол кілегейлі қабықша беткейінің алдымен некрозға ±шырап, кейін ќан

қ±йылып, эпителийі түсіп қалған жерлерінде қалыптасады. Эрозияның түбінде т±з қышқылды гематин түзіліп, жиегіне лейкоциттер шоѓырланады.

Асқазанда, әдетте эрозия көптеп қалыптасып, жылдам эпителийленеді. Ал ойық жаралы ауру дамыѓан жаѓдайда эрозиялар жазылмайды; некроз кілегейлі қабыќшамен шектеліп қана қоймай, басқа да ќабаттарды қамтып, жедел пептикалыќ ойыќ жараѓа айналады. Олар дөңгелектеу немесе сопақтау пішінді болады. Жедел ойық жара өлекседен тазара келе, оның түбі б±лшықетті қабатпен немесе сірі қабықшамен шектелгені анықталады. Өлексеге араласќан гидрохлоридті гематин ойыќ жараның түбін көбінесе лайсаң сұр немесе қара түске бояйды. Кілегейлі қабықшаны терең жайлаѓан ақау воронка тәрізді болып, түбі жоѓарғы, кілегейлі қабықша жаққа, ал ±шы төмен, яѓни сірі қабықшаға баѓытталады. Жедел ойыќ жара, әдетте, қарынның кіші иілімінде, антрум мен пилорус бөлімдерінде қалыптасады. Б±ның себебі аталған бөлімдердің қ±рылым-қызметтік ерекшеліктерінде. Кіші иілім "ас жолы" болып табылады, сондыќтан ол оңай жарақаттанады. Сонымен қатар, б±л бөлімнің кілегейлі кабыќшасының бездері бөліп шыѓаратын асқазан сөлі жоғары әсерлі, оның үстіне бұл жердің кілегей ќабықшасының ќатпарлары тыѓыздау, сондықтан жараның беті б±лшықетті қабат жиырылѓан кезде де жабылмайды. Аталған ерекшеліктердің әсерінен б±л жердің жедел ойыќ жарасының жазылуы қиын болады әрі ол созылмалы аѓымды ойыќ жараға ±ласуѓа бейім келеді. Осы себептерден созылмалы ойық жара да жедел аѓымды ойыќ жара сияќты асқазанның б±л бөлімдерінде, яѓни кіші иілімде, антрум мен пилорус бөлімдерінде жиі қалыптасып, кардиум мен субкардиум бөлімдерінде сирек кездеседі. Созылмалы ойыќ жара көбінесе бір-бірден, анда-санда ғана бірнешеуден қалыптасады. Оныњ пішіні сопақтау немесе дөңгелек (ulcus rotundum), диаметрі бірнеше миллиметрден 5—6 см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі тереңдікте қамтып, кейде қарынның сірі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс, кейде кедір-бүдыр. Жиектері сүйелденген, тыѓыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі келеді (каллезді ойық жара, лат.: callus - с‰йел). Ойық жараныњ өңеш жақтаѓы жиегі ±ңғыланып, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп т±рады да, пилорус жақтағы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жайпақтау келеді. Өйткені жараның жиегін шектейтін асқазан қабаттарының (перистальтикалыќ) амплитудасы әр түрлі. Созылмалы ойыќ жараның көлденең кесіндісі ±шты жаѓы кесілген пирамидаға ±қсайды; б±л жағы өңешке баѓытталады. Жараныњ т±сындаѓы сірі қабықша қалыңдап, асќазан кейде бауырмен, ±йқы безімен, шарбымен, көлденең тоќ ішекпен бірігіп кетеді.

Асқазанның созылмалы ойық жарасының микробейнесі ойыќ жаралы аурудың даму кезеңіне қарай әр түрлі. Ремиссия кезењінде ойыќ жараның жиегін тыртыќ басады. Жараныњ жиегіндегі кілегейлі қабықша, ќалыңдайды. Жараның түбіндегі б±лшыќет зақымдалып оның орнын дәнекер ткань жайлайды, үстін кейде эпителийдің ж±қа қабаты жабады. Дәнекер тканьнің арасында қалыњ іргелі тамырлар (артериялар, веналар) көп. Клеткалар көбейіп (эндоваскулит) немесе дәнекер ткань өсіп, тамырлардың саңылауы тарылады кейде мүлдем бітеледі. Нерв талшықтары мен ганглийлық клеткалар дистрофияѓа ±шырап, ыдырайды. Кейде тыртық тканінің арасында нерв талшыќтары көбейіп, ампутациялыќ невромаға ±қсайтын қ±рылымдар түзеді.

Ойық жаралы ауру асќынѓан кезде жараныњ түбі мен жиегінде аумақты фибриноидты некроз өрістейді. Өлексенің үстіне фибринді-іріњді немесе іріңді экссудат жиналады. Некрозды аймақтың жиегін к±рамында ж±қа іргелі тамырлар, эозинофилдер мен басқа да клеткалар көп грануляциялыќ ткань шектейді. Жараныњ асқынѓандығын экссудациялы-некроздық өзгерістермен қатар, саңылауына тромбылар түзіліп, іргесінде фибриноидтыќ процестер өрістеген тамырлар да, оныњ түбіндегі тыртыќтыќ (рубцовая) тканьніњ фибриноидты ісінуге ±шырауы да көрсетеді. Б±л процестер ойыќ жараның көлемін ±лѓайтып, асқазанның барлық қабатын зақымдап, өте қауіпті асқыну зардаптарын өрістетуі мүмкін. Асқыну кезеңі ремиссияѓа ±ласса (жара жазылса), қабыну процесі бәсеңдеп, некроз аймағын грануляциялыќ ткань жайлайды. Кейін ол ткань жуан талшыќты тыртыќтық тканьге айналады. Ойыќ жараның біразы эпителиймен жабылып, жазылуы да мүмкін. Тамырлардағы фибриноидты некроз бен эндоартериттің салдары ретінде тамырлардың іргесі шорланып, саңылауы бітеледі. Сөйтіп, ойық жараның асқыну кезеңі организмге жайлы аяќталса да, асқазанды тыртыќтыќ ткань жайлап, заталмасу процесі одан әрі б±зыла т‰седі. Сондыќан, егер ауру қайта асқына қалса, асқазанның өз ткані де, жаңадан өскен дәнекер ткань де оңай зақымдалып, тез бүлінеді.

¦лтабардың созылмалы ойық жарасыныц морфогенезі мен пато-морфологиялыќ бейнесі де асқазанның созылмалы ойық жарасындаѓыдай.

¦лтабардаѓы созылмалы ойыќ жараныњ басым көпшілігі ±лтабар буылтыѓының (луковица) алдыңғы немесе артќы іргесінде ќалыптасып (бульбустық ойыќ жара); 10%-ы буылтықтан төмендеу бөлімдерден орын тебеді (постбульбустық ойыќ жара). Ұлтабардың ойық жаралы ауруыныњ 1/4-інде жаралар көп болып, буылтықтың алдыңғы және артқы іргелерінде біріне-бірі қарама-қарсы жайғасады. Ондай ойық жаралар —"жанасқан жаралар" деп аталады. Асқыну зардаптары. Ойыќ жаралы ауруға тән созылмалы ойық жараның зардаптары мына топтарға бөлінген [Самсонов В.А.,1975]: 1) ойыќ жаралы-деструкциялы (қан кету, тесілу, пенетрация); 2) ќабынулыќ (гастрит, дуоденит, перигастрит, перидуоденит); 3) ойыќ жаралы-тыртыќтыќ (асқазанның кіре беріс және шыға беріс бөліктерінің тарылуы, асқазаның деформациялануы, ұлтабар мен оныњ буылтыѓының тарылуы); 4) ойыќ жараныц малигнизациялануы (ойық жараныњ карциномаѓа ұласуы); 5) ќ±рамдас (комбинациялық) зардаптар.

Ойық жаралы аурудың ең қауіпті әрі жиі зардаптарыныњ бірі — қан кету. Ќан кетудің жиілігі ойық жараның асқазанда қалыптасқан орнына байланысты емес. Дегенмен, қан ±лтабар буылтығының артқы іргесіндегі ойық жарадан жиі ағады. Қан көбіне ойыќ жара асќынып, ондаѓы тамырлардың іргесі жегіленген кезде кетеді (аррозиялыќ ќан кету).

Тесілу (перфорация) де ойық жаралы ауру асқынѓан кезде байқалады. Көбіне асқазан қалтқысы мен ±лтабар буылтыѓының алдыңғы іргесіндегі ойық жаралар тесіледі. Тесілген жара перитонитке ±шыратады. Тесілген жердің төңірегінде алдымен фибринді қабыну дамып, кейін ол жан-жағына жайылып, фибринді-іріңді қабынуға айналады. Ол жерде бірікпелер болса, перитонит шектелуі де мүмкін. Перитониттің созылмалы түрі сирек байқалады. Ондай жағдайда асқазаннан шыққан заттар дәнекер тканьді қабықпен қоршалып, шарбыда бөгде заттыќ гранулела пайда болады. Кейде тесік бауырмен, шарбымен, ±йқы безі немесе тез қалыптасқан фибринді қабыршықпен жабылып ќалады (бүркелген тесік). Пенетрация дегеніміз — ойық жараның асказанды немесе ұлтабарды тесіп, өзімен т±стас аѓзаѓа жайылуы. Єдетте, асқазанның немесе ±лтабар буылтығының артқы іргесіндегі ойық жара тесіліп, процесс көбіне кіші шарбыѓа, ±йқы безінің басы мен денесіне, бауыр-ұлтабараралыќ жалѓамѓа, ал кейде бауырѓа, тоқ ішектің көлденең бөлігіне, өт қабына жайылады. Асқазан ойық жарасы жайылған ағзаның біразы (мысалы ±йқы безі) жидіп кетеді.

Ойық жараның қабынуымен байланысты зардаптар тобына периульцероздық (ойық жара төңірегіндегі) гастрит пен дуоденит, перигастрит пен перидуоденит жатады. Бұл процестерден ойыќ жара мен оның төңірегіндегі аѓзалар арасында бірікпелер қалыптасады. Ойық жараның кейбіреуі флегмонамен асқынады.

Ойық жараның ауыр зардаптарының бірқатары асқазан қалтқысы тыртыќтанып тарылѓандыќтан дамиды. Қалтқысы тыртыќтанған асқазан көңейіп, ондағы ас ұзақ уаќыт жылжытылмай, науќас ќайта-ќайта қ±са береді, организмінде су мен хлоридтер азайып, хлоргидропениялыќ уремия (асқазандық тетания) байќалады. Кейде асқазанның ортаңѓы бөлігі тыртыќпен буналып, екі бөлінеді, пішіні қ±мды сағат тәрізді болады. Ал ұлтабар буылтыѓының артқы іргесінде жайғасқан жара тыртықтанған кезде ѓана тарылады, қалыпты сиқынан таяды.

Асқазандаѓы созылмалы ойыќ жараның 3—5%-ы малигнизацияланады, яѓни қатерлі ісікке айналады. ¦лтабардағы созылмалы ойыќ жара өте сирек қатерліленеді. Ойық жараныњ ќ±рмалас зардаптарының ең жиісі — тесіліп, қан кету және т±стас аѓзаѓа жайылуы (пенетрация).