- •Науқастарда қолданылатын диета түрлері
- •Стол №1
- •Стол №2
- •Стол №3
- •Стол №4
- •Стол №5
- •Стол №6
- •Стол №7
- •Стол №8
- •Стол №9
- •Асқазан карциномасы
- •7.Созылмалы гастрит және асқазан ойық жарасы мен он екілі ішек. Себебі. Клиникасы. Диетасы. Күтімі және қазіргі терапия принципі.
- •8. Билиарлы жүйенің аурулары. Өт жолдарының дискенезиясы,холецистит. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы,диагностикасы,емі.
- •9. Гломерулонефриттер. Клиникалық синдромы. Ағымы. Асқынуы. Емдеу принциптері.
- •10 . Зәр шығару жолдарындағы инфекциясы және пиелонефрит. Зжп қызметі және зәр шығару жүйесіндегі басқа ақаулардың дамуы. Диагностикасы принциптері, емі және алдын-алуы.
Стол №5
Стол N 5. Бауыр, өт жолдары ауруларының асқынусыз сатысында.
Құрамы: вегетариандық жемістер, сүтті көжелер, дақылды көжелер, қайнатылған ет, майлы емес құстың еті, сүт, айран, ацидофильді сүт, ірімшік 200 г дейін, ботқа және ұнды тағамдар, ақ нан, қара кептірілген нан, пысқан жемістер, жидектер (қышқыл түрлерінен басқасы), көкөністер пысқан және шикі түрінде (сәбіз, қызылша), тоспа, бал, қант ( 70 г дейін), жемістерден жасалған шырындар, қою емес шай сүтпен. Шектеу майлы тағамдар (қаймақ, сары май 10 г дейін, өсімдік майы 20-30 г), жұмыртқа (күніне біреу). Ас тұзы 10 г дейін. Қосымша витаминдер A, C, B1, B2, B12, фолий қышқылы, PP, K.
Тағамдану 5 рет күніне ұсақталған түрінде.
Тиым салынады: алкогольды сусындар, бауыр, ми, саңырауқұлақ, шпинат, щавель,сарымсақ, еттің майлы түрлері, балық, қуырылған, ашты тағамдар, тағамдық хош иістендіргіштер, уксус, консерв тағамдары, балмұздақ, какао, газдалған сусындар, шоколад, крем (өттің тұрып қалуымен жүретін, өт қабының созылмалы аурулары кезінде майды 120-150 г дейін жоғарылату қажет, соның ішінде 60% өсімдік майлары).
Стол N 5а. Созылмалы панкреатит кезінде.
N5 диетадан айырмашылығы ақуыз көп мөлшерде қолданылады ( 150 г дейін, солардың ішінде 80-85% малдың ішкі майы), көмірсуларды азайту. Барлық асты буда, үгітілген түрінде, ұсақталған түрінде дайындалады.
Стол №6
Стол N 6. Подагра, ураттан тұратын бүйрек тас ауруы.
Құрамы: сүт, сүтті тағамдар, ақ және қара нан, қант, бал, вегетариандық көкөністі көже, сүтті және жидекті тағамдар, барлық тәтті жидектер, тоспа, жеміс жидектен жасалған шырындар, сәбіз, салат, қияр. Қоспалардан — лимон, уксус, лавр жапырағы. Жұмыртқа, ет, майлы емес балық — 2-3 рет аптасына. Тағамдық ас тұзын 6-8 г шектеу; көп мөлшерде сұйықтық қолдану ( 2-3 литрге дейін), С және B1витаминдерін қолдану.
Тиым салынады: экстрактивті заттар, етті көже және қайнатпалар, бауыр,бүйрек, ми, қуырылған, қақталған ет, қуырылған балық, шошқа майы, шпрот, килька, паштет, саңырауқұлақ, щавель, шпинат, кофе, какао, шоколад, алкогольді сусындар.
Стол №7
Стол N 7. Бүйректің созылмалы аурулары кезінде, бүйрек жеткіліксіздігі болмаған кезде.
Құрамы: вегетариандық сорпа, сүтті, жидекті, майлы емес ет түрлері, қайнатылған майлы емес балық, тұзсыз ақ нан, күніне бір жұмыртқа, дақылдар, ботқа түріндегі макарон, пудинг, ұнды тағамдар, сүт, сүт қышқылды тағамдар, майлар (тек қой, шошқа, сиыр майынан басқа) ірімшік,шикі көкөністер, жидектер, әсіресе өрік, асқабақ, қарбыз, қауын, қант, бал, тоспа.
Шектеледі: қаймақ. Тағам дәмін келтіру үшін тмин, кептірілген укроп, корица, лимон қышқылын қолданады. Ас тұзын 3-5 г ( қолға беріледі, ал тағамды тұзсыз жасайды). Витаминдер А, С, В1, В12, К қолданылады. Бос сұйықтық 800-1000 мл дейін күніне. Тамақтану күніне 6 ретке дейін.
Тиым салынады: газдалған суындар, крем және бәлішті тағамдар, етті және балықты сорпа, тұздықтар, бұқтырылған тағамдар, консервіленген тағамдар.
Стол N 7а. Жедел бүйрек ауруларында (жедел нефрит немесе оның асқынулары кезінде)
Құрамы: пысқан көкөністер, үгітілген түрінде, жидектер, әсіресе калий тұзына бай (сары өрік, өрік), дақылды және ұнды тағамдар аз мөлшерде (сүт қосылған қарақұмық ботқасы), сүт қосылған шай, тұзсыз ақ нан, қант 70 г дейін, сары май 30 г дейін. Қосымша витаминдер С, К, В тобындағы. Бөліп тамақтану. Сұйықтық 600-800 мл дейін; Толықтай ас тұзын шектеу.
Дамып келе жатқан уремия кезінде күнделікті ақуыз мөлшерін азайту 20-25 г дейін (бірінші орында өсімдік ақуызын азайту қажет – ірі бұршақ, дақылды, ұннан жасалған тағамдар, нан және т.б., себебі биологиялық жағынан жануар тектіден төмен және ағзаны тек қажетсіз ақуызды алмасу өнімдерімен жүктейді; үлкен көлемде қант және глюкоза қолданылады (150 г дейін).
Стол N 7б. Бүйректегі жедел қабыну процесі баяулаған кезде.
N7а диетасынан N7 диетаға өтпелі болады (тұзсыз ақ нан, майлы және құнарлығы аз ет түрлері, аптасына 1-3 рет суға пысқан балық, қайнатылған тұз 2 г қолға беріледі, сұйықтық 800-1000 мл; тамақ жасайтын өнімдерде 2-4 г тұз болады).
