Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 п.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.21 Кб
Скачать

7.Бақылау

Алғашқы деңгейлік бақылау тесті

1. Ер адам 52 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек аймағындығы ауырсынуға, жүректің қатты соғуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Жүрек тондары тынықталған. АҚҚ 80/50 мм.с.б.б., қарынша үстілік тахикардия. Дәрігер әрекеті?

  1. Көктамырға новокаинамид

  2. Көктамырға верапамил

  3. Көктамырға мезатон

  4. Көктамырға мезатон + новокаинамид

  5. Көктамырға строфантин

2. Ревматикалық миокардитпен ауыратын науқастың экг-да: pq 0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді түрде qrst кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылысының қандай түрі:

  1. II дәрежелі синоатриалды блокада

  2. I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

  3. II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, Мобиц I

  4. II дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, Мобиц II

  5. III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

3. Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына.

Болжам диагноз?

  1. Эпилепсия

  2. Толық атриовентрикулярлы блокада

  3. Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі

  4. Қарыншалар фибрилляциясы

  5. Синустық брадикардия

4. Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі?

  1. Дефибрилляция

  2. Лидокаин

  3. Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу

  4. Көктамырға индерал

  5. Ганглиоблокаторлар

5. Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

  1. Кардиогенді шок

  2. Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен

  3. Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы

  4. Идиовентрикулярлы ырғақ

  5. Синоаурикулярлы блокада

6. Науқас Б. 50 жаста, клиникаға ауыр жағдайда, қатты төс артындағы ауырсыну шағымымен келді. Объективті: тері жамылғылары бозғылт. Жүрек тондары тынықталған, айқын тахикардия. АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. ЭКГ: коронарлы қанайналымының жедел бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру мақсатында изоптин, кордарон берген, бірақ ырғақ қалпына келмеген. Жүрек ырғағын қандай әдіспен шұғыл қалпына келтіру керек?

  1. Электрокардиостимулятор имплантациясымен

  2. Лидокаинмен

  3. Кордаронмен

  4. Дефибрилляциямен

  5. Пропранололмен

7. Жанұялық медицина емханасына жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас жүрек аймағында шалыс соғуына шағымданып келді. ЭКГ-ға тексерілгенде синусты ырғақ фонында жиі кезектен тыс қалыпты QRS комплексі, Р тісшесінің деформациялануы, PQ-аралығының қысқаруы және толық емес компенсаторлы паузамен. Науқастың шағымы мен ЭКГ-дағы өзгерісті немен түсіндіруге болады.

  1. синусты аритмиямен

  2. II дәр. атриовентрикулярлық блокадамен

  3. жүрекшелік экстрасистолиямен

  4. қарыншалық экстрасистолиямен

  5. жыбыр аритмиямен

8.Мобитц I типті II дәрежелі синоатриальді блокаданың ЭКГ белгілерін көрсетіңіз: (3)

A. P-QRS-T комплексінің түсіп қалуы;

B. Түсіп қалған P-QRS-T комплексінің алдынан PP интервалының қысқаруы;

C. P-QRS-T комплексінің түсіп қалуы алдынан импульстердің кенеттен шығып кетуі;

D. P-QRS-T комплексінің түсіп қалуы алдында PP интервалы өзгермейді;

E. V1-V2 немесе V3 тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы;

F. V5-V6 тіркемелерінде оң мәнді Т тісшесі;

G. Тіркемелерде дискордантты ST сегментінің 5 мм. және одан жоғары көтерілуі;

H. V5-V6 тіркемелерінде Гис тармағының сол жақ аяқшасының блокадасының кездесуі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]