Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
привод курсач.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
491.52 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Өнеркәсіп қондырғыларының электр жетегі және автоматтандырылуы»

кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні Электр жетегі _____

Мамандығы 5В0710800 Электрэнергетика

Орындаған Инкарбаева М.Б. Тобы:Эк 14-3

Студенттік кітапша №144233

Қабылдаған доцент Ғали К.О.

(ғылыми дәрежесі, атағы, Т.А.Ж.)

___________ _____________«____» ____________201___ж.

Алматы, 2017

Мазмұны

1 Кіріспе -3

2 Электродвигательді таңдау және электромеханикалық сипаттамаларды есеп -4

3 Күштік сұлбаның элементтерін есептеу және таңдау

3.1 Күштік трансформатордың қуатын есептеу және таңдау, түрлендіргіш вентильді таңдау. -6

3.2 Теңгергіш реаторлардың (дроссель) индуктивтілігін есептеу -7

3.3 Жетектің параметрлерін анықтау және электромеханикалық сипаттамалрды тұрғызу. -8

4 Функционалды схаманы анықтау

4.1 Басқарылатын түзеткіш – АБЖ-нің буыны -11

4.2 Басқарылатын түзеткіштің статикалық сипаттамалрын есептеу -12

4.3 Кері байланыс параметрлерін анықтау. -14

4.4 Электр жетегінің жылдамдық және ток бойынша теріс кері байланысы бар сипаттамаларды есептеу және тұрғызу. -15

Әдебиеттер тізімі -16

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста айналу жиілігін тұрақтандыратын және жүргізуші тоқтарды шектейтін, «тиристорлық түрлендіргіш-қозғалтқыш» (ТТ-Қ) сұлбасы бойынша жасалған реттелетін тұрақты тоқ электр жетегін есептеу жүргізіледі. Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаты, ол өз бетімен орындалатын шығармашылық жұмысқа дағдыландыру және негізі жобалау кезеңдерімен таныстыру. Курстық жұмысты орындау нәтижесінде студенттер автоматтандырылған электр жетегін есептеу әдістерін және элементтерін таңдауды, жетекші автоматты басқару жүйелерін анализдеу мен синтездеуді, электромеханикалық және әртүрлі типтік-күштік электронды құрылғыларды электронды есептеу машиналарында моделдеу және есептеу үшін қолтаңбалы бағдармаларды пайдалануға дағыдылануға үйрену керек.

Осы кездегі автоматтандырылған электр жетегінің (АЭЖ) негізгі мақсаттары:

- жүргізу, тежеу,реверстеу процестерін басқару. Бұл жұмысты АЭЖ тұйықталмаған жүйесін орындай алады. Басқару процесінде токты бақылау дәлдігі төмен болады. Механикалық сипаттаманың қатаңдығы табиғидан нашар болады. Қазіргі уақытта АЭЖ ең көп таралған топ;

- берілген шамаларды (ток, жылдамдық, қуат, және т.б.) тұрақтандыру (тұрақтандыру функциясы). Бұл жұмысты АЭЖ тек қана тұйықталған жүйесін орындай алады. Басты кері байланыс қандай шама бойынша тұрақталса, сол шама негізі реттеуші шама болады;

- жүйеге берілмейтін өзгермелі кірмелік сигналдарды бақылау (бақылау функциясы). Бұл жұмыс тек қана тұйықталмаған жүйелерде орындалуы мүмкін. Қазіргі кездегі бақылау жүйелері, үш контурлы болады;

- АЭЖ тиімді жұмыс режімдерін таңдау. Жұмыс тұйықталған жүйелерде орындалуы мүмкін;

АЭЖ жүйесі негізі функциялардан басқа да жұмыстарды орындауы мүмкін:

- электр козғалтқышы мен жабдықтарды қысқаша тұйықталудан ток, кернеу және т.б. шамадан тыс өсуінен сақтандыру;

- операция ретін қамтамасыз ететін және апатты режімдерді болдырмайтын, блокировка;

- сигналдау.

Тапсырманың варианттары студенттің есептік кітапшасының нөмірі және фамилиясының алғашқы әрпі бойынша 1 және 2 кестеден алынады.