- •Ақтөбе қаласы
- •Жұмыс бағдарламасының аннотациясы
- •2. Жко нбб құрылымында практиканың орны.
- •3. Практиканың құрылымы және мазмұны.
- •3.1. Практиканың мазмұны
- •Студенттің білімі мен іскерлігіне қойылатын кәсіби талаптар
- •5. Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •7.Есеп құжаттарының тізімі
- •Практика барысын бақылау графигі
- •Практика қорытындысын бағалау критерийлері
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
- •Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
- •Есеп құжаттары бойынша қосымшалар
- •Студент-практикант портфолиосының құрылымы
- •V.Рефлексия-бағалау тарауы
- •VI. Ресми қорытынды тарау
- •Жолдама
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Сынып туралы мәлімет
- •Сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •Әдіскердің есеп беру үлгісі
- •Студенттің педпрактика туралы қорытынды есебі үлгісі
- •Қатысқан сабақтың, тәрбиелік іс-шараны талдау хаттамасы
- •Сабақтың толық психологиялық-педагогикалық талдауы
- •1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау
- •3.Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
- •2)Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.
- •3)Есті жандандыру және оны дамыту.
- •4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.
- •4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
- •Сынып ұжымын зерттеудің үлгі схемасы және оған мінездеме беру
- •Жеке оқушыға психолого-педагогикалық мінездеменің үлгі схемасы
- •Практика қорытындысын бағалау критерийлері үлгісі
- •Практика барысын бақылау графигі
- •Практика қорытындылары бойынша есеп құжаттарының тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика институты
Білім беру педагогикасы және психологиясы кафедрасы
«Бекітемін»
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректор
____________Туребаева К.Ж.
« ___» ____________ 2016 ж.
ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі
Дайындық бағыты: Оқу практикасы
Жауапты кафедра: Білім беру педагогикасы және психологиясы кафедрасы
Семестр |
Өтілу сағат көлемі |
Дәріс/экскурсия (сағ.) |
Жеке тапсырма/ практикалық жұмыс орындау (сағ.) |
Аралық бақылау түрі (диф.сынақ) |
4 |
4 кредит (180) сағат |
- |
- |
диф.сынақ |
Ақтөбе қаласы
2016 ж.
Бағдарлама ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 5.04.019.2011 және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды.
Бағдарламаны құрастырғандар:
Бахтиярова Г.Р. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Рамазанова Д.Ж. педагогика магистрі, оқытушы
Сарапшылар:
Курманова Б.Ж. педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Жукенова Г.Б. педагогика ғылымдарының кандидаты., доцент
Білім беру педагогикасы және психологиясы кафедрасының отырысында қарастырылған
«____» ______ 2016 жыл Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі ___________________ Жукенова Г.Б.
Педагогика институты ОӘК мақұлданған
«____» ______ 2016 жыл Хаттама № _____
Педагогика институтының директоры _______________ Досжанова С.Е.
Педагогика институты ОӘК төрайымы ________________ Балтымова М.Р.
Практика жетекшісі _________________ А.Ж.Карагулова
Академиялық жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы _______________ Мухтаров А.Т.
Жұмыс бағдарламасының аннотациясы
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі практикасы студенттерді теориялық зерттеу әдістерін қолдану негізінде таңдаған тақырыптарын педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеуге үйретіп, эмперикалық зерттеу әдістерін талдау және қолдану біліктіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешеді. Зерттеу нәтижелерін талдау, өңдеу іскерліктерін меңгертіп, сол негізде зерттеудің ғылыми түсініктік аппаратын жобалау, яғни зерттеу жұмыстарын жүргізу технологиясын меңгертіп, курстық, дипломдық жұмыстар жазуға дайындау мақсатын көздейді.
Педагогикалық практика білім беру процесіне басшылық жасау біліктілігін меңгертудің іс - әрекетке негізделген, белсенді формасы. Практикалар жүйесі барысында болашақ маманның кәсіби тұлғасы қалыптасады. Практикалар бағдарламасын жасау барысында студент төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:
теориялық білім мен тәжірибеге байланысты кері байланыстың қамтамасыз етілуі;
бірізділік, сабақтастық;
практиканың мақсат, міндеттерінің біртіндеп, күрделенуі, яғни динамикалық қағиданың жүзеге асуы;
көп қызметтілік (әрбір практика барысында маманға тән бірнеше қызмет түрлерінің қамтылуы)
болашаққа бағытталуы (білім беру жүйесінің перспективалық дамуының ескерілуі, жетілдіруге бағытталуы)
еркін таңдау қағидасы (практика мазмұны, формасы, өтетін орны, жұмыстың әдіс – тәсілдері үлгі түрінде ұсынылып, нақтылау,талдау әдістеме оқытушылары мен студенттердің бірлесіп шешуге қалдырылды)
ынтымақтастық қағидасы (студенттің кәсіби іс - әрекеттің субъектісі роліне енуге жағдай туғызу).
Аталған білім мазмұны төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады:
жалпымәдени компетенциялар (ЖК)
- мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас тілді меңгеруі, бір шет тілін қолдана білуі;
-өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесі үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі, кәсіби бірлестікпен қарым-қатынас жасай білуі қажет.
кәсіптік компетенциялар (КК)
-өзінің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі;
- адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білуі;
-өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-көйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі;
