- •Дәріс жоспары:
- •Өндіріс теориясы және факторлары. Өндірістік функция.
- •Кесте 4.1 Өндіріс факторларының үйлесімділіктері (өндіріс кестесі)
- •Изокванта. Изокванталар картасы.
- •Сурет 4.1 Изокванта (тең көлемді өнімдер қисығы)
- •Сурет 4.3 Алмастырудың технологиялық шекті нормасы
- •Айнымалы өндіріс факторының жиынтық, орташа және шекті өнімдері.
Сурет 4.3 Алмастырудың технологиялық шекті нормасы
Сонымен, еңбектің шығыны 100 сағатқа өскен сайын, оны алмастыратын капитал шығынының азая беретінін байқауға болады.
Өндіріс факторларының өзара алмастырылу мүмкіндіктері өндірістік технологияның ерекшеліктерімен анықталады. Сәйкесінше, изокванталар да ресурстардың өзара алмастырылу дәрежесіне байланысты бірнеше түрлерге (формаларға) ие бола алады. Изокванталардың формаларын анықтау үшін мына жағдайларды қарастыруға болады.
Түзу сызықты изокванталар дегеніміз – екі фактордың біреуі екіншісімен толық алмастырылатын қасиетке ие болатын жағдайда сипатталатын өндірістік функция және өндірістік технология қисықтарының бір түрі, өндіріс бұл жерде бір фактордың көмегімен де жүзеге асырыла алады.
Тік бұрышты (қатаң) изокванталар дегеніміз – өндіріс факторларының тұрақты және қатаң үйлесімділіктерін (пропорцияларын) сақтау арқылы берілген өнім көлемін өндірудің заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.
Жұмсақ еңкіш (сызықтық емес) изокванталар – берілген өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын міндетті екі фактордың өзара алмастырылуының әр түрлі (біртіндеп немесе үздіксіз) үйлесімділіктерін орындаудың заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.
Сынған сызықты изокванталар – өндірісті жүзеге асырудың әдістері және үйлесімділіктері шектеулі мөлшерде болатындығын сипаттайтын өндірістік функцияның және өндірістік үрдістердің графикалық көрінісіндегі изокванталар деп аталады.
Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз.
Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді.
қысқа мерзімді кезең – бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;
ұзақ мерзімді кезең – бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлары өзгеруі мүмкін.
Айнымалы өндіріс факторының жиынтық, орташа және шекті өнімдері.
Жалпы өнім басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.
Еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады: АРL=У/ L
Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі: АРК = У/ К
Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады:
∆ У ∆ У
МРК = ∆ К ; МРL = ∆ L
Орташа және шекті өнімдердің арасындағы байланыс: АРL және МРL көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімінен артса МР L > АР L, онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өрташа өнімнен аз болса (МР L<АР L), онда орташа өнім кемиді. Шекті және орташа өнімнің қисықтары соңғысының ең жоғары нүктесінде қиылысады және бұл нүктеде L= L* оптмалды фактор анықталады..
1-сурет. АР L және МР L арасындағы өзара байланыс.
Өндіріс факторларының өсуімен байланысты өндіріс көлемі де ұлғаяды. Бірақ өндіріс факторларының ұлғаюы өндіріс көлеміне əрқалай əсер етеді. Мысалы, өндіріс факторларын пайдалану екі есе өскен кезде өндіріс көлемі екі еседен көп өссе, бұл өндіріс масштабы өсуінің оң əсері деп аталады. Ал өндіріс факторларының екі есе өсуіне байланысты, өндіріс көлемі екі еседен аз ұлғаятын болса, өндіріс масштабы өсуі теріс əсерлі деп саналады.
Өндіріс факторларының 2-есе өсуіне байланысты өндіріс көлемі де 2 есе ұлғайса, өндіріс масштабы өсуінің əсері тұрақты саналады.
©JQJ
