- •Лекция 9. Ілініс
- •Сурет 6. Ваз жеңіл автомобилінің ілінісінің жетегі:
- •Сурет 10. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің бас цилиндрі:
- •Тығын; 2- серіппе; 3- тұрық; 4- манжета; 5- поршень; 6- шток; 7- жабу; а және б- қуыстар; в- тесік
- •Сурет 11. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің ауалы күшейткіші
- •Лекция 10. Берілістер қорабы
- •Сурет1. Берілістер қорабының түрлері
- •Сурет 2. Сатылы берілістер қорабының түрлері
- •Картер; 2,3,8- иіндер; 4- шток; 5- топса; 6- тартпа; 7- жабу; 9- иін шеті; 10- шарлы тірек
- •2,3,6,7,8,9,10- Шестернялар; 4- екінші білік; 5- аралық білік
- •Сурет 9. КамАз жүк автомобилінің беріліс қорабы:
- •Сурет 11. Гидротрансформатор:
- •Сурет 12. Планетарлы механизм
- •Сурет 13. Жеңіл автомобильдің гидромеханикалық беріліс қорабы:
Сурет 9. КамАз жүк автомобилінің беріліс қорабы:
1- жетектеуші білік; 2,13- шестернялар; 3- бірінші білік; 4…6- синхрпонизаторлар; 7- муфта; 8- екінші білік; 9,11- раралық біліктер; 10,12- картерлер
Бөлгіште жетектеуші 1 және жетектелуші 11 біліктері тұрақты іліністегі екі шестернялары 2,13 және тиісінше беріліс қатынастары U= 1, U= 0,815 болатын тік және жоғарылататын берілістерді қосуға арналған синхронизаторлы 4 тісті муфта болады. Бөлгіштің аралық білігі 11 шлицамен беріліс қорабының аралық білігіне 9 жалғастырылған. Шестерня 2 жетектеуші білікте еркін орналастырылған және білікке салыстырмалы айналады.
Тік беріліс қосылғанда бөлгіштің жетектеуші білігі 1 мен беріліс қорабының бірінші білігі 3 тісті муфтаның көмегімен қатты жалғастырылады; қозғалтқыштан берілістер қорабына берілетін айналдыру моментінің шамасы өзгермейді. Бөлгіште жоғарылату берілісін қосқан жағдайда шестерня 2 синхронизатормен бөлгіштің жетектеуші білігінде 1 тапылжытылмайды; қозғалтқыштың айналдыру моменті шестерня 2-ден аралық білік шестернясына 13 және одан ары беріліс қорабының аралық білігіне 9 беріледі. Бұл жағдайда берілетін айналдыру моментінің шамасы азайып, қозғалыс жылдамдығы ұлғаяды. Сонымен кіші жүктеулерде автомобильдің үлкен жылдамдығы қамтамасыздандырылады да отынды үнемдеуге жағдай жасалады.
Бөлгіштің жеке картерде жасалуы беріліс қорабын бөлгішісіз өздігінен аударғыштарда және басқа автомобильдерде басқада тиімді жерлерде қолдануға мүмкіндік туындатады. Бөлгішті қойғанда беріліс қорабының негізгі бөлшектері (бірінші білік және т.б.) ауыстырылады.
Негізгі берілістер қорабының берілістерді ауыстыру механизмінде аралық басқарылатын, механикалық жетек орнатылған (сурет 10, а). Жетек ауыстыру сабынан 1, иінді 3 алдыңғы тартпадан 2, аралық тартпадан 4, беріліс қорабының қақпағында 6 орналасқан иінді 1 штоктан 5 құралады.
Бөлгіш берілістерін ауыстру механизмінің (сурет 10, б) ауалы жетегі берілістер қорабының иініндегі 1 ауыстырғыштан 7, редукциялық клапаннан 10, ауалы цилиндрден 13, ауабөлістіргішінен 9, бөлістіргішті қосу клапанынан 11, краннан 8 және құбырөткізгіштен жинақталады.
Ауыстырғышты Н(төменгі беріліс) немесе В (жоғарғы) жағдайына қойғанда кранның 8 золотнигі болат арқанмен жылжытылады. Қысылған ауа редукциялық клапаннан 10 ауабөлістіргіштің 9 тиісті қуысына барады да, оның золотнигін қажетті орынға орнықтырады. Ілініс ажыратылғанда іліністі ажырату иін итергішінде орнатылған тірек 12 клапанды 11 ашады, қысылған ауа ауабөлістіргішке 9 өтеді, одан ары ауацилиндрінің 13 қажетті қуысына оның поршенін жылжыта және бөлгіштегі берілісті ажырата барады. Яғни ауыстырғышты ерте қосуға болады , бірақ бөлгіштегі берілісті ауыстыру іліністі ажыратқанда ғана жүзеге асады. Бұндай берілістерді жартылайавтоматты ауыстыру оның қоданылуын едәуір жеңілдетеді.
Механикалық берілістердің ыңғайсыздығы жүргізушілер берілісті ауыстырғанда ілініс басқышын жиі басып, ауыстыру сабын жиі жылжытуында. Бұл жүргізушіден қала қозғалысы жағдайында немесе жиі тоқтайтын автомобильдерді басқаруында едәуір күш жұмсауын талап етеді. Бұндай ыңғайсыздықтарды болдырмау үшін және жүргізушінің жұмысын жеңілдету үшін жеңіл, жүк автомобильдерінде және автобустарда гидромеханикалық берілістер қорабы кеңінен қолданылады. Олар біруақытта берілісті автоматты
Сурет 10. КамАЗ жүк автомобилінің беріліс қорабының (а) және бөлгішінің (б) ауыстыру жетегі:
1,3,5- иіндер; 2,4- тартпалар; 6- қақпақ; 7- ауыстырғыш; 8- кран; 9- ауабөлістіргіш; 10,11- клапандар; 12- тірек; 13- ауацилиндрі; В- жоғарғы беріліс; Н- төменгі беріліс
немесе жартылайавтоматты ауыстырып іліністің және берілістер қорабының міндетін атқарады. Бұл жағдайда автомобильді басқару отын беру басқышымен, қажет болғанда тежеу басқышымен жүзеге асырылады.
Гидромеханикалық беріліс қорабы гидротрансформатордан және екі, үш, көпбілікті немесе планетарлы берілістер қорабынан құралады.
Білікті механикалық қорапты гидромеханикалық қорапты негізінен жүк автомобильдері мен автобустарда қолданады. Бұндай қораптарда берілістерді ауыстыру үшін майда жұмыс істейтін көпдискілі муфталар (фрикциондар), ал кейде төменгі және артқа жүріс берілістерді ауыстыру үшін тісті муфтаны қолданады. Фрикциондармен берілісті ауыстыру қозғалтқыштың айналыс жиілігін төмендетпестен, яғни сатысыз- қуат пен айналдыру моментін үзбестен жүзеге асырады.
Планетарлы механикалық қорапты гидромеханикалық қораптар жеңіл, жүк автомобильдерінде және автобустарда кеңінен қолданылады. Олардың артықшылықтарына құрылымының жинақтылығы, кіші металл сыйымдылығы, үлкен қызмет мерзімі және төменгі шу шығаруы жатады. Кемшіліктерінің қатарына күрделілігін, жоғарғы құнын, төменгі ПӘК- ін жатқылуға болады. Берілістерді ауыстыру бұндай берілістер қорабында фрикционды муфталар және ленталы тежегіш механизмдер көмегімен орындалады. Бір берілісті қосқанда фрикционды муфталардың және ленталы тежеу механизімінің бөлігі тығылады да, ПӘК төмендейді.
Гидротрансформатор (сурет 11) қозғалтқыш пен механикалық беріліс қорабы аралығында орналасып, келесі үш қалақшалы дөңгелектен құралады:сорғы (жетектеуші), турбина (жетектелуші), және реактор.Соғы дөңгелегі 3 қозғалтқыш сермеріне 1 бекітіліп, гидротрансформатор тұрқын құрайды. Тұрқ ішінде беріліс қорабының бірінші 5 білігімен жалғасқан турбиналы дөңгелек 2, роликті еркін жүріс муфтасында 6 орнатылған реактор 4 орналасқан. Гидротрансформатордың ішкі қуысының ¾ бөлігі тұтқырлығы төмен арнайы маймен толтырылған.
Жұмыс орындап тұрған қозғалтқышта сорғылық дөңгелек семермен бірге айналады. Май центрдентепкіг күш әсерінен сорғы дөңгелегінің сыртқы бөлігіне келіп, турбиналық дөңгелектің қалақшаларына әсер етіп, оны айналдырады. Турбиналық дөңгелектен май теакторға келеді, ол сұйықтың жайлы және соққысыз сорғы дөңгелекке кіруін және айналдыру моментінің едәуір ұлғаюын қамтамасыздандырады. Сонымен май тұйық шеңбермен циркуляцияланып, гидротрансформатордағы айналдыру моментін беруді қамтамасыздандырады. Гидротрансформатордың сипаттық ерекшелігі қозғалтқыштан беріліс қорабының бірінші білігіне беретін айналдыру моментін ұлғайтуында. Гидротрансформатордың турбиналық дөңгелегінде ең үлкен айналдыру моментінің пайда болуы автомобильдің орнынан қозғалғанында туындайды. Бұл жағдайда реактор еркін жүріс муфтасымен тежелетіндіктен жылжымайтын күйде болады. Автомобильдің үдетілуіне байланысты сорғы және турбина дөңгелектерінің айналыс жиіліктері жоғарылайды. Еркін жүріс муфтасы сыналанудан босайды да, реактор ұлғайламалы, берілетін айналдыру моментіне әсері төмендей беретін айналыс жиілігімен айнала бастайды. Реактордың айналыс жиілігі максималды шамаға жеткеннен кейін, гидротрансформатор айналдыру моментін өлгертуді тоқтатып, муфта жұмыс режиміне өтеді. Сонымен автомобильдің жайлы үдетілуі және айналдыру моментінің сатысыз өлгертілуі жүзеге асырылады.
