- •Лекция 9. Ілініс
- •Сурет 6. Ваз жеңіл автомобилінің ілінісінің жетегі:
- •Сурет 10. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің бас цилиндрі:
- •Тығын; 2- серіппе; 3- тұрық; 4- манжета; 5- поршень; 6- шток; 7- жабу; а және б- қуыстар; в- тесік
- •Сурет 11. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің ауалы күшейткіші
- •Лекция 10. Берілістер қорабы
- •Сурет1. Берілістер қорабының түрлері
- •Сурет 2. Сатылы берілістер қорабының түрлері
- •Картер; 2,3,8- иіндер; 4- шток; 5- топса; 6- тартпа; 7- жабу; 9- иін шеті; 10- шарлы тірек
- •2,3,6,7,8,9,10- Шестернялар; 4- екінші білік; 5- аралық білік
- •Сурет 9. КамАз жүк автомобилінің беріліс қорабы:
- •Сурет 11. Гидротрансформатор:
- •Сурет 12. Планетарлы механизм
- •Сурет 13. Жеңіл автомобильдің гидромеханикалық беріліс қорабы:
Картер; 2,3,8- иіндер; 4- шток; 5- топса; 6- тартпа; 7- жабу; 9- иін шеті; 10- шарлы тірек
Берілістер қорабы ілініс картерімен бірге қозғалтқыштың цилиндрлер блогына бекітіледі. Қорапқа тығынды 19 оймалы тесік арқылы дайындаушы- завод ұсынымен моторлық немесе трансмиссиялық май құйылады. Майды тығынды 20 оймалы тесік арқылы төгеді.
Жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустарда үшбілікті берілістер қорабы кеңінен тарған. Бұндай қораптарда бірінші (жетектеуші), екінші (жетектелуші) және әртүрлі берілістердің шестернялары орнатылған аралық біліктер болады. Үшбілікті берілістер қорабының айырмашылық ерекшелігі, онда беріліс саны Uк=1 тік берілістің болуында. Бұл берілісте қораптың бірінші және екінші біліктері өзара тікелей жалғасады және автомобиль уақыттың ұзақ бөлігін осы берілісте жүреді.
Тік берілісте үшбілікті берілістер қорабының ПӘК- і екібіліктіге қарағанда жоғары және аз шумен жұмыс істейді. Артқы жүріс берілісінен басқа берілістерде үшбілікті берілістер қорабында екі шестернялар жұбының іліністе болуы қораптың ПӘК- н біршама төмендетеді, бірақ бірінші берілісте үлкен беріліс санын алуға мүмкіндік жасайды.
Үшбілікті берілістер қорабында (сурет 6.) тік және артқы жүріс жүрісінен басқа кез- келген берілісте қозғалтқыштан айналдыру моменті бірінші біліктен 1 тұрақты ілініс шестернялары 2,7, аралық білік 5 шестернялар 6,3 арқылы автомобильдің жетектеуші доңғалағына жалғастрылған екінші білікке беріледі. Бұл жағдайда айналдыру моменті аралық білікте 5 бірінші білікке 1 қарағанда үлкен болады, себебі 7-ші шестерняның диаметрі мен тістер саны 2- ші шенстерняның диаметрі мен тістер санына қарағанда үлкен болады. Сонымен қатар екінші біліктегі 4 айналдыру моменті аралық біліктегі 5 айналдыру моментіне қарағанда үлкен болады.
Тік беріліс қосылғанда (сурет 6,б) айналдыру моменті бірінші біліктен 1 екінші білікке 4 беріледі. Артқы жүріс берілісінде (сурет 6,в) аралық шестерня 9 келесі 8,10 шестернялары аралығында ілініске кіргізіледі. Аталғанның нәтижесінде беріліс қорабының екінші білігі 4 бірінші білікке 1 қарсы айналып автомобиль артқа қарай жүреді.
Үшбілікті берілістер қорабының құрылымы және оның берілістерінің саны автомобиль түріне байланысты болады. Қазір төрт және бес сатылы берілістер қорабы кеңінен қолданылады.
ВАЗ жеңіл автомобилінің берілістер қорабы механикалық, үшбілікті, шестернялары тұрақты іліністі, синхронизаторлы және қолмен басқарылатын (автоматтандырылмаған) болады.
Қорапта төрт алға қозғалыс және бір артқа қозғалуға арналған берілістері қарастырылған. Берілістің барлық шестернялары (артқа жүрісінен басқа) қыйсық тісті болуы, беріліс қорабының жұмысында шуды төмендетеді; артқы жүрістің берілісі тік тісті жасалған. Алға жүру берілісі синхронизатормен жүзеге асырылады, ал артқа жүру аралық артқа жүріс шестернясын жылжытумен орындалады. Қорапта берілістер бейтарап жағдайдан алға үш артқа бір жағдайы бар сап көмегімен ауыстырылады.
Алюмини қоспасынан құйылған берілістер қорабының картерінде 22 подшипниктерде бірінші (жетектеуші), екінші (жетектелуші) және аралық біліктер орнатылған. Бірінші білік шестернямен 3 бірге бүтіндей жасалған, бұл шестерня аралық біліктің шестернясымен 23 тұрақты іліністе болып шестерня блогын құрайды. Екінші білікте III, II, I берілістеріне сәйкес келетін 5,6,9 шестернялары еркін орнатылған. Екінші білікте сонымен қатар синхронизаторлардың 4,7 ступицалары және шестерня 10 қатты бекітілген. Артқа жүрісітің аралық шестернясы 16 осьте 18 еркін орналасқан. I немесеII берілістерді қосқанда синхонизатор 7 тиісінше 6 немесе 9 шестерняны берілістер қорабының екінші білігімен қосады. III немесе IV берілісті қоқанда синхронизатор 4 тиісінше шестерняны 5 немесе бірінші білікті 1 екінші білікті
Сурет 6. Үшбілікті берілістер қорабының жұмыс схемасы
а,б- алға қозғалыс; в- артқа жүріс қозғалысы; 1- бірінші білік;
