Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Авто 5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.9 Mб
Скачать

Сурет 10. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің бас цилиндрі:

  1. Тығын; 2- серіппе; 3- тұрық; 4- манжета; 5- поршень; 6- шток; 7- жабу; а және б- қуыстар; в- тесік

Ілініс ажыратылғанда (басқышты басқанда) шток 6 цилиндр ішінде поршень 5 жаққа жылжып В тесігін жабады, А және Б қуыстарының байланысы үзіледі. Поршень қысымымен сұйық бас цилиндрден құбырөткізгіш арқылы ауалыкүшейткішке барады. Бұл жағдайда сұйық қысымы ілініс басқышын басу күшіне пропорционал болады.

Іліністің гидрожетегінің ауалыкүшейткіші іліністі ажырату жұмысшы цилиндрі мен лесу құрылымын біріктіреді (сурет11). Ауалыкүшейткіш келесі ретте жұмыс орындайды. Ілініс басқышын басқанда жұмысшы сұйық поршеньдерге 2,3 әсер етеді. Поршень 3 қозғалғанда басқару клапаннының 5 ұясымен диафрагманы 4 майыстырады. Бұл жағдайда шығару клапаны жабылып, кіргізу клапаны ашылады. Қысылған ауа кіргізу клапаны арқылы күшейткіштің ауалы цилиндріне кіреді де, поршеньге 6 әсер етеді, ол қозғалып іліністі ажырату штогына 1 қосымша әсер етеді. Іліністің басқышын жібергенде сұйықтың поршеньдерге 2,3 қысымы тоқтайды, олар серіппелер әсерінен бастапқы жағдайларына оралады. Бұл жағдайда кіргізу клапаны жабылып, шығару клапаны ашылады да, ол арқылы ауалыкүшейткіштен қысылған ауа сыртқа шығарылады, ал поршень 6 бастапқы жағдайына оралады.

Сурет 11. КамАз жүк автомобилінің ілініс жетегінің ауалы күшейткіші

1- шток; 2,3,6- поршеньдер; 4- дифрагма; 5- клапандар

Лекция 10. Берілістер қорабы

Көліктің қозғалысында қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығының жетектеуші доңғалақтардың бұрыштық жылдамдығына қатынасын өзгертетін трансмиссияның механизмін берілістер қорабы деп атайды. Берілістер қорабы көліктің жетектеуші доңғалақтарының айналдыру моментін өзгертуге, қозғалтқышты трасмиссиядан ұзақ ажыратуға және артқа жүрісті алуға арналған.

Жетектеуші доғалақтардағы айналдыру моментін өзгерту жол жағдайына сәйкес көліктін оптималды жылдамдығын және өтімділігін, сонымен қатар қозғалтқыштың үнемді жұмысын қамтамасыздандыру үшін қажет.

Қозғалтқыштың зая жұмысында қозғалтқыш пен трансмиссияны ұзақ уақытқа ажыратады.

Көліктің жетектеуші доңғалақтарындағы айналдыру моменті мен жылдамдығын берілістер қорабының беріліс санын ұлғайтумен немесе кішірейтумен өзгертеді. Беріліс саны жетектеуші біліктің бұрыштық жылдамдығының жетектелуші біліктің бұрыштық жылдамдығының қатынасымен анықталады.

Көліктің түріне және қажеттілігіне байланысты, оларда беріліс қорабтарының әртүрлі түрлері қолданылады (сурет 1).

Қазіргі кезде жеңіл және жүк автомобильдерінде сатылы берілістер қорабы қолданылады, бірақ соңғы уақытта жеңіл автомобильдерде және автобустарда гидромеханикалық берілістер қорабының қолдануы жиілеуде. Олар гидротранформатордан және сатылы механикалық берілістер қорабынан құралады.

Сурет1. Берілістер қорабының түрлері

Сатылы берілістер қорабы беріліс саны сатылы өзгертілетін тісті (шестернялы) механизм. Қорабтың беріліс саны жоғарғы берілістен басқа берілістерде бірден үлкен болады (Uк>1). Бұл берілістерді қосқанда беріліс қорабының жетектелуші (екінші) білігінің айналыс жилігі төмендейді және тиісінше қозғалтқыштың беретін айналдыру моменті ұлғаяды.

Сатылы берілістер қорабында жоғарғы беріліс тік (Uк=1) немесе жоғарылататын (Uк<1) болуы мүмкін. Екінші жағдайда қозғалтқыштың айналыс жиілігі (10...20) %- ға төмендейді, берілістер қорабының бөлшектерінің өміршеңдігі ұзарады және автомобильдің тік берлісінде сол жылдамдығында отын шығыны кемиді.

Автомобильдерде сатылы берілістер қорабының әртүрлі түрлері қолданылады(сурет 2.).

Екібілікті берілістер қорабы кіші класты, алдыңғы жетекті жеңіл автомобильдерде және артқыжетекті, қозғалтқышы артында орналасқан жеңіл автомобильдерде қолданылады. Бұндай қораптардың беріліс саны 4...5 шамасында болады. Екібілікті қораптарда жоғарғы берілісі жоғарылататын, ал көпшілігінде синхронизацияланған болады.

Үшбілікті берілістер қорабы қозғалтқышы алдында орналасқан, артқыжетекті жеңіл автомобильдерде, кіші, орта жүк көтергішті жүк автомобильдерде және автобустарда қолданылады. Бұндай қораптардың берілістерінің саны жеңіл және кіші жүккөтергішті автомобильдер үшін төрттен кем болмайды, орта жүккөтергішті жүк автомобильдер үшін 4...6 шамасында болады.