- •1.2 Механизмдер, жүйелер және олардың қажеттілігі
- •1.3 Қозғалтқыштың жұмыс циклы
- •1.4 Қозғалтқыштардың негізгі көрсеткіштері
- •Лекция 2.Иінді білікті шатунды және газбөлістіру механизмдері Қозғалтқыш блогы. Цилиндрлер
- •Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары
- •2.3 Шатундар
- •2.4 Иінді білік және сермер
Поршеньдер. Поршнь сақиналары және саусақтары
Поршньдер газдардың қысымынан пайда болған күштерді қабылдап, шатунға береді, сонымен қатар жұмыс циклының барлық ырғақтарының жүзеге асуын қамтамасыздандырады. Олар жоғарғы температуралардың, инерциялық күштердің әсерінде болып, цилиндр ішінде үлкен жылдамдықпен қозғалады. Жұмыс жағдайына сәйкес поршень материалы жоғарғы механикалық қасиеттерге (беріктікке, қажалуға тұрақтылыққа, жылуды жақсы өткізгіштік) ие болуы тиіс. Сондықтан қазіргі автомобильдерде поршеньдерді жеңіл, бірақ жеткілікті берік алюмини қоспаларынан құяды (сурет 6).
Рисунок 5. Сұйықты (а) және ауалы (б) салқындатылатын қозғалтқыш цилиндрлері:
1 – бүртік; 2 – жоғарғы белдеу; 3 – төменгі белдеу; 4 – резиналы тығыздама ; 5 – салқындату қабырғалары; 6 – тығыздау астарлары;
7 – картер
Сурет 6. Поршень и поршень саусағы:
а – дизельді қозғалтқыш поршені; б – сақина; в – поршень саусағы
1 – май түсіретін кемер; 2 – майсылғыш сақинаның оймасы; 3 – тапылжатпау сақинасының оймасы; 4 – саусаққа май алып келетін тесік;
5 –компрессиялық сақиналардың оймасы; 6 – поршеньдегі жану камерасы
Поршень бұрылған стакан түрінде болады..
Поршень (сурет 6а) түптен А, бастамадан Б немесе тығыздағыш және юбка деп аталатын бағыттағыш бөліктен В құралады. Поршень түбін оймалы фасонды пішінді жасайды, ол қоспа жасау әдісіне, клапандар мен форсункалардың орналасуына байланысты болады.
Бастаманың және юбканың сыртқы бетінде компресиялық және майсылғыш сақиналардың оймалары 5 және 2 жасалған.
Юбканың ішкі жағында екі құйма- бобышкалар Г жасалған, олардың тесіктеріне поршень саусақтары орнатылады.
Трактор қозғалтқыштарының поршеньдерінің сыртқы диаметрі бойынша гильзалар сыяқты өлшемдік топтарға бөлістірілген: Б, С және В
Поршень саусақтары қуысболаттан жасалады. Осьтік жылжудан тапылжытпайтын сақиналармен 8 ұсталып тұрады. Саусақ (сурет 6в) поршеньді шатунмен жалғастырылады.
Поршень сақиналары қажеттілігіне байланысты компресиялық және майсылғыш болады (сурет 6а).
Компрессиялық сақиналар жану камерасынан картерге газдардың өтуін болдырмайды. Сақиналар легирленген шойыннан немесе болаттан жасалады.
Поршенл саусағындағы ойма құлып деп аталады. Ол қиғаш немесе тік болады.
Майсылғвш сақиналар цилиндрлер қабырғаларынан артық майды сылып алып майдың картерден жану камерасына өтуін болдырмайды.
2.3 Шатундар
Шатундар поршенді иінді білікпен жалғастырып, оған поршеньдер қабылдаған күшті береді. Қозғалтқыштың жұмысында шатунға газдардың қысымының және инерция күштері әсер етеді, сондықтан ол берік, қатты және жеңіл болуы тиіс. Шатунды жоғарғы сапалы болаттан екі бастамалы стержень түрінде жасайды (сурет 8).
Шатунның жоғарғы бастамасына қола втулканы 2 престейді. Шатунның төменгі бастамасы ажыратылатын болады. Оның ажыратылатын бөлігі қақпақ 6.
2.4 Иінді білік және сермер
Иінді білік поршеньдерден шгатун арқылы берілген күштерді қабылдап, айналдыру моментін туындатады, сонымен қатар қозғалтқыштың әртүрлі механизмдерді және бөлшектерді іске қосу үшін қолданады (сурет 9).
Иінді білікті жоғарғы сапалы болаттан штамптайды немесе жоғарғы беріктікті шойыннан құяды.
Ол түбірлік 1 және шатун 11 мойындарынан, оларды қосатын жақтардан 2, алдыңғы бөліктен (носок) және артқы бөліктен (хвостовик) құралады.
Түбірлік және шатундық подшипниктер болаталюминилі ленталардан астар түрінде дайындалады.
Сермер иінді біліктің бірқалыпты айналуын қамтамасыздандырады және машина орнынан қозғалғанда жоғарғы жүктеулерді еңсеруге көмектеседі, сонымен қатар поршеньдерді өлі нүктелерден шығарады (сурет. 9).
Сурет 7 – Трактор қозғалтқыштарының блок-картері:
а – қатарлы; б – V-тәрізді; в – ауалы салқындатылатын бірқатарлы
1 –штангалар тесіктері; 2 – сұйықты алып кету тесіктері; 3 – шпилькаларды бекіту тесіктері; 4 – су бөлістіру каналы; 5 – май беру; 6 – түбірлік подшипник қақпағы; 7 - құйма; 8 – резиналы тығыздағыш сақина; 9 – бөлістіру білігінің втулкасының тесігі; 10 – гильза; 11, 13 – сол және оң жартыблоктар; 12 – ауа қуысы; 14 – шпилька; 15 –цилиндр гильзасы; 16 – цилиндр гильзасына тесік; 17 – картер; 18 – тығыздағыш астар
.
Сурет 8. Шатундар
1 – жоғарғы бастама; 2 – втулка; 3 – стержень; 4 – төменгі бастамам; 5 – астар; 6 – қақпақ; 7 – шплинт; 8 – тәжді гайка; 9 – фиксирлейтін мұртша; 10 – шатун болты
Сурет 9. Иінді білік
1 – түбірлік мойын; 2 – жақ; 3 – тірек жартысақинасы; 4 түбірлік подшипниктің төменгі астары; 5 маховик; 6 – мақайтарғыш; 7 – орнату штифті; 8 – сермерді бекіту болты; 9 – тісті шет; 10 – түбірлік подшипниктің жоғарғы астары; 11 – шатун мойны; 12 – қарсысалмақ; 13 – иінді біліктің шестернясы; 14 – май сорғысының жетек шестернясы; 15 – болт; 16 – шкив; 17 – тығын; 18 – таза май түтігі
