Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задания по ОСКЭ, новые.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.89 Кб
Скачать

Бекет № 4

«Кенеттен болған өлімде көрсетілетін шұғыл көмек - кеңейтілген жөр»

Интернге тапсырма

Клиникалық сценарий №2 - әлі жоқ.

Описание алгоритма выполнения клинического навыка (8 шагов)

Қадам критерийлері

1

Клиникалық өлім белгілерін анықтау: есінің болмауы(дыбысқа реакцияның болмауы, тежелу), өздігінен тыныс алудың болмауы(кеуде торының экскурсиясы жоқ), жүрек қызметінің болмауы (ұйқы артериясындағы пульсацияның болмауы)(осының барлығы 10 секундтан аспау керек). Зардап шегуші арқасымен тегіс, қатты беткейге жатқызылады, кеуде торы киімінен босатылады.

2

Кеуде ұшын сипап тауып алып және қолды семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары орналастырады. Бір қолды алақан негізімен кеудеге қойылады, екіншісі оның үстіне қойылады. Кеуде және иық буындары арасындағы бұрыш – 90 градус. Қолдары шынтақ буынында толықтай жазылған. Тек қолдың күші ғана емес, сонымен қатар дене салмағы және арқа бұлшық еттерінің күші де қолданылады. Алғашқыда кеуде торын басу бірсарынды, эластикалығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Кеуде торының компрессиясы – 1 минутта 100-120, қатынасы «қысу-дем тарту» - 30:2, кеуде торының компрессиясының тереңдігі – 5см. Кеуде торының компрессиясының уақыты 1 секундтан аспайды. Жабық массаж жүргізу барысында алақанды зардап шегушінің кеуде торынан ажыратпайды.

3

Ауыз-жұтқыншақ санациясы. Электросорғыш жоқ болғанда- саусақпен ауыз-жұтқыншақ тазартады, қан ұйындыларын,құсық массасы, бөгде дене, қақырық, слекей және т.б алып тастайды.

4

Өкпенің жасанды вентиляциясын дұрыс жүргізу үшін Сафардың үштік әдісі қолданылады: зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, төменгі жақты алға және жоғарға қозғалтады, және аузын ашқызады. ӨЖЖ қолжетімді әдістермен жүргізіледі:

-Жел үрлеу науқастың мұрны (аузы) қысылған күйде жүргізіледі. Әр жер үрлеу 1-2 секунд ішінде кеуде клеткасының экскурсиясын бақылап отырып жүргізіледі. Жаңа туылған балаларда тыныс алу көлемі ауыз қуысы көлеміне сәйкес келеді, жас балаларда жасына сәйкес кекледі.

- ӨЖЖ Амбу қапшығымен 100% оттегі беру

- Мүмкіндігінше трахеяны интубациялау және ларингеальды маска орналастыру.

5

Жүрек тоқтауының мониторлық анықтау түрі:

- қарыншалардың фибрилляциясында дефибрилляция қолданылады;

- асистолия кезінде немесе электромеханикалық диссоциацияда – дефибрилляция қолданылмайды, тек жоғарыда көрсетілген іс – шаралар жүргізіледі (жүректің жанама массажы және ӨЖЖ)

6

Дефибрилляция жүргізу үшін, пациент терісі мен электрод қарсыласуын азайту үшін дефибриллятор электродтарына арнайы гель жағады немесе теріге ылғалды мәрлі салфеткалар кояды.

Дефибриллятор электродтары науқастың терісіне қойылады – біреуі жүрек ұшы тұсына, екіншісі оң жақ бұғана астына қойылады.

Дефибриллятор электродында «заряд» деген тетігі басылады.

Дефибриллятор разряды мүмкіндігінше тез басылады. Монофазалық дефибрилляторда – 200Дж – 300Дж -360Дж; бифазалықта – 120Дж- 200Дж.

Заряд жиналды деген дыбыстық сигналдан кейін, электодтарды науқастың терісіне тығыз орналастырады және бірмезетте дефибриллятор электродтарындағы «заряд» деген тетігін басады.

7

Венозды өткізгіштікті қамтамасыз ету.

Жалғасқан ӨЖЖ кезінде және жүрек массажына параллельді медикаментозды терапия қолданылады.

1. Қарыншалар фебриляциясында:

- к/т эпинефрин 0,1% - 1,0 мл (1 мг) на 10,0 мл NaCl, Әрбір 3-5 минут сайын. Электроимпульсивті терапияны қайталайды-360 Дж.

- Сәтсіздік болса: к/т амиодарон (кордарон) – 300 мг на 20,0 мл 5% глюкоза; амиодарон қолжеткілісіз болса – лидокаин – 1,5 мг/кг к/т .

Электроимпульсивті терапияны қайталайды-360 Дж.

2. Асистолия немесе электромеханикалық диссициациясы кезінде:

-к/т эпинефрин 0,1% - 1,0 мл (1 мг) на 10,0 мл NaCl, Әрбір 3-5 минут сайын.

- к/т атропин 0,1 – 1,0 мл (1 мг), әр і минут сайын. Дозасын і мг дейін арттыруға болады.

8

Жүрек-өкпелік реанимациясының тиімділігін монитор экранындағы жүрек ырғағының көрінуіне, ұйқы артериясынан пульстің пайда болуына және кеуде торының экскурсиясына қарап бағалайды.