Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фатима практка фатима!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.08 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика-техникалық факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

физика-техникалық факультеті «5В060500 – Ядролық Физика»

мамандығының 5 курс студенті Данкенова Фатима

16 қаңтар мен 11 ақпан 2017 ж.

аралығында өткен педагогикалық практика бойынша

есеп беру құжаттамалары

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Педагог: Рамазанова С.А.

Психолог: Баймолдина Л.О

РФММ КеАқ-ның 11«Б» сынып

оқушысы Тілеутай Лаураға

ҚазҰУ-нің физика-техникалық

факультетінің 5 курс студенті

Данкенова Фатима берген

Мінездеме

Маған берілген 11«Б» сыныбының барлық оқушыларының тәрбиелі және оқу мен үйренуге деген талпыныстары өте жақсы. Солардың ішінде Лаура маған бірінші күннен алғырлығымен көзге түсті. Лаураның білімге деген құштарлығы ұстазға деген құрметінен және сабақ түсіндіру үстінде үнемі сұрақ қойып, белсене араласқанынан көрінеді. Физика сабағын терең түсінуге тырысады, тақырыпты жан-жақты қарастырыруға барын салады. Физика, математика, химия яғни жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы өте жоғары.

Лаураның тағы бір ерекше қасиеті оның қызығушылықтары тек жаратылыстану ғылымдарымен шектелмейді. «Ұлы есімдер» атты тәрбие сағатында Лаура белсенді қатысып, өз ойын ашық жеткізе білді.

Лаураың өзін-өзі ұстауы бірқалыпты, мінезі ашық, кішіпейіл, жанындағы сыныптастарына өте қамқор. Сыныптағы кез-келген баламен жақсы тіл табыса алады және барлық сыныптастары оны ерекше құрметтейді. Берілген тапсырмаларды толық орындайды, жауапкершілігі жоғары және барлық нәрсеге ұқыпты қарайды. Оның осы мінезі мен талпынысына сене отырып болашақта үлкен белестерден көрінетіндігінен үлкен үміт күтемін.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Сынып жетекшісі: Балағазова А.К.

Студент-практикант: Данкенова Ф.Ғ.

РФММ КеАҚ-ның 11«Б» сыныбына

ҚазҰУ-нің физика-техникалық

факультетінң 5 курс студенті

Данкенова Фатима берген

Мінездеме

КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінің 11«Б» сыныбында 24 оқушы білім алады. Оның «10»-қыз, «14»-ұл бала.

Менің жетекшілгіме берілген бұл сыныпта барлық оқушылар белсенді және Физика сабағында оқушылар зеректігімен және берілген тапсырмаларды тиянақты орындауларымен ерекше көзге түседі. Жаңа сабақ түсіндіру барысында барлық оқушылар білуге талпынып, сұрақтарыма жауап беріп және үлкен қызығушылықпен қысылмай сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салады, пікірталастарда болып тұрады. Қоңырау кезінде түсінбеген жерлерін немесе ойында жүрген сұрақтарын қойып, бір-біріне ұйымшылдықпен түсіндіріп, үйретіп, көмектесіп жатады. Басты ерекшеліктері өздеріне артылған міндеттерге, берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытылы, ұқыпты орындайды.

Мектептен тыс үйірме,секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.

Өткізілген іс-шараға барлығы да толық белсене қатысты. Тек жаратылыстану пәндерінен емес, басқа да салалардан өздерін жан-жақты көрсетті. Жеке қызығушылықтарын сабақтарымен қатар алып жүруге тырысады. Ұстазға деген құрметі мен тәртібіне, өз-өздерін жақсы ұстауына, осы талпынысы мен қабілеттеріне қарай отырып сыныбымдағы әрбір оқушымның болашағынан зор үміт күтемін.

Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.

Практика жетекшісі: Дюсебава К.С.

Психолог: Баймолдина Л.О.

Студент-практикант: Данкенова Ф.Ғ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика

кафедрасының 5 – курс студенті

Данкенова Фатимаға

Мінездеме

Данкенова Фатима -2017 жылы Алматы қаласындағы КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінде 16 қаңтар мен 11 ақпан аралығында педагогилық практикадан өтті.

Практика уақытында Данкенова Фатима бөлінген 11“Б” сыныбының және физика мұғалімі Қабылқақ Мұралдың сабақтарына қатысып, сабақ өту тәсілдерімен танысты.

Данкенова Фатима практика уақытында сынып сағаттарын өткізді. Әр сабаққа жақсы дайындалып, үлкен жауапкершілік көрсетті.

Жіберілген қателіктер пән мұғалімімен бақыланып, түсіндіріліп, түзетіліп отырды.Ол сабақ беру деңгейінің жоғарылауына үлкен септігін тигізді.

Мектепте өткізген педагогикалық практикасын Данкенова Фатима сәтті аяқтап, өзіне берілген тапсырманы толық орындады.

Фатима тақырыпты оқушыларға жеткілікті түрде түсіндіре алуымен, балалармен тез тіл табысуымен көзге түсті. Оқушылардың білімдерін бағалай отырып, олардың талаптарына сай болуға тырысты. Сонымен қатар 11“Б” сынып оқушыларына сынып жетекшілік міндетін де жақсы атқарды. «Ұлы есімдер» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Осы практика барысында Фатима сабақ беру тәсілдерін, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуді үйренді. Практикадағы жұмысын жауапкершілікпен, ынтамен атқарды.

Мектеп Директоры: Баеков Е.С

Физика пәні мұғалімі: Қабылқақ М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің 5 курс студенті Данкенова Фатиманың мектеп педагогикасында өткен практикасына берген

Есебі

Педагогикалық практиканы КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінде 11«Б» сынып оқушыларына өттім. 11«Б» сыныбы 24 оқушыдан тұрады және практика барысында оқушылар сабаққа тұрақты түрде қатысты.

Практика барысында 3 сабақ және 1 тәрбие сағатын өткіздім. Сабақ өткізер алдын физика пәнінің мұғалімінің сабақтарына қатысып, сабақ өту жолдарын біліп, ал сабақтан кейін оның барысын талдау арқылы көп нәрсені үйрендім. Практика жетекшісіде өз ескертулерін айтып, үнемі ақыл-кеңес беріп отырды.

Сынып жетекшілік қызметім бойынша сыныпқа «Ұлы есімдер» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатын жүргізер алдын 11«Б» сыныбының жетекшісінен тәрбие сағатын жүргізуге қатысты көп нұсқаулар алдым.Тәрбие сағатына сынып жетекші сихолог және студент практиканттар қатысып сабақтан соң өз ескертулері мен кеңестерін айтты.

Практика барысында оқушыларымен жақсы таныстық. Оқушылар білгісі келген сұрақтарын қойып жүрді.

Мектепте өткен практикада мұғалім болудың кыр-сырларын, педагогикалық қызметтің негіздерін үйрендім. Практика барысында оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс орната білуді, балалармен дұрыс жұмыс жасай білуді үйрендім. Педагог болу жауапкершілігі көп, ұстаздан әрқашан ілгерілеуді, дамуды талап ететін мамандық екеніне көз жеткіздім. Практикада алған сабақтарым маған алдағы уақытта мұғалімдік қызмет атқаруда үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Мектеп директоры: Баеков Е.С.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.

Физика пәні мұғалімі: Қабылқақ М.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұлы есімдер

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сейсенбай Ш.

Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.

Психолог: Баймолдина Л.О.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Өткізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядолық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.

Алматы 2017 жыл

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі»

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Жарық шығару түрлері

Жүргізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.

Тексерген: Қабылқақ М.

Алматы 2017 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті

«Теориялық және ядролық физика» кафедрасының 5-курс студенті

Данкенова Фатиманың

Бағалау парағы

Аты-жөні

Бағасы

Қолы

Физика пәні мұғалімі

Қабылқақ М.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы

Рамазанова С.А.

Психология кафедрасының доцент м.а. Баймолдина Л.О.

Практика жетекшісі Дюсебаева К.С.

Қорытынды

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында физика сабағының хаттамасы

Алматы қ. 26.01.2017

Қатысушылар: физика пәні мұғалімі Қабылқақ М., студент-практиканттар Болатова Ғазиза, Нәрзі Қалдыгүл, 11«Б» сынып оқушылары.

Күн тәртібінде:

  1. Жарық шығару түрлері тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігін арттыру.

  2. Абсолют қара дене, жылулық сәуле ұғымдарын және денелердің электромагниттік толқын шығаруы, жұтуы арқылы ішкі энергиясының өзгеруін түсіну.

  3. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.

  4. Оқушыларға деңгейлік есептер беру және бағалау.

Болатова Ғазиза: Жаңа сабақтарды өте жақсы, жан-жақты түсіндіріп, барлығына да бірдей жеткізе алды деп ойлаймын. Оқушылардың барлық сұрақтарына анық әрі түсінікті жауап бере алды.

Нәрзі Қалдыгүл: Бағдарламаны орындауға уақыт жеткізе алды. Сабақты қызықты, түсінікті етіп өткізді. Оқушыларды өзіне тарта білді. Сабақ түсіндіру барысында оқушыларға сұрақ қойып, ойландырып, қызықтыра білді.

Физика пәні мұғалімі: Қабылқақ М.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Педагог: Рамазанова С.А.

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында физика сабағының хаттамасы

Алматы қ. 30.01.2017

Қатысушылар: физика пәні мұғалімі Қабылқақ М., студент-практиканттар Болатова Ғазиза, Муса Зуха, 11«Б» сынып оқушылары.

Күн тәртібінде:

  1. Фотоэффектінің қолданылуы тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігін арттыру.

  2. Фотоэлектрлік эффектінің өту механизмінің басқа процестерден ерекшелігін түсіну.

  3. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.

  4. Оқушыларға деңгейлік есептер беру және бағалау.

Болатова Ғазиза: Жаңа сабақтарды өте жақсы, жан-жақты түсіндіріп, барлығына да бірдей жеткізе алды деп ойлаймын. Оқушылардың барлық сұрақтарына анық әрі түсінікті жауап бере алды.

Муса Зуха: Сабақты түсінікті, қызықты етіп өткізді. Оқушылардың назарын өзіне аударып, барлығымен бірдей жұмыс жасай білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды.

Физика пәні мұғалімі: Қабылқақ М.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Педагог: Рамазанова С.А.

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі»

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Жарықтың қысымы

Жүргізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.

Тексерген: Қабылқақ М.

Алматы 2017 жыл

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі»

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Фотоэффект. Фотоэффектінің қолданылуы

Жүргізген: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының 5 курс студенті Данкенова Ф.Ғ.

Тексерген: Қабылқақ М.

Алматы 2017 жыл

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында физика сабағының хаттамасы

Алматы қ. 09.02.2017

Қатысушылар: физика пәні мұғалімі Қабылқақ М., студент-практиканттар Мамадкаримова Балжан, Болатова Ғазиза, 11«Б» сынып оқушылары.

Күн тәртібінде:

  1. Жарық қысымы тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігін арттыру.

  2. Жарық қысымының дене бетіне түсуі салдарынан өтетін процестердің ерекшеліктерін түсіну.

  3. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.

  4. Оқушыларға деңгейлік есептер беру және бағалау.

Мамадкаримова Балжан: Сабақ түсінікті әрі қызықты өтті. Сабақ түсіндіру барысында өткен тараулар бойынша оқушылаға сұрақтар қойылып, өткен сабақтармен байланыстырылып отырды. Оқушылардың назарын өзіне аударып, барлығымен бірдей жұмыс жасай білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды.

Болатова Ғазиза: Сабақты жақсы өтті. Жаңа тақырып түсінікті жеткізілді, тақырып бойынша есептер шығарды. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырды.

Физика пәні мұғалімі: Қабылқақ М.

Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.

Педагог: Рамазанова С.А.

КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында «Ұлы есімдер» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының хаттамасы

Алматы қ. 09.02.2017

Қатысушылар: 11 «Б» сынып жетекшісі Балагазова А.К., педагог Рамазанова С.А., психолог Баймолдина Л.О., студент-практиканттар Айтжан Фариза, Болатова Ғазиза, Уалишеров Досбол, 11 «Б» сынып оқушылары.

Күн тәртібінде:

  1. Эйнштейн айтады... Эйнштейннің жеке өмірдерегі, шығармашылық жолы жайында айтылады.

  2. Әлемдегі алғашқы Нобель сыйлығына ие болған әйел адам, Мария Склодовская-Кюри,жайында :

I кезең : Ғылымға бет бұру кезеңі;

II кезең : Әйгілі француз ғалымына тұрмысқа шығуы, бірге жасаған тәжірибелері,өмірлерінің ауыр кезеңі;

III кезең : Жаңа элементтердің тәжірибеде алынуы, Нобель сыйлығы;

  1. Элементтер кестесінің атасы- Менделеев жайында баяндалады.

  2. Ұстаз-ұлы есім. Ғұламалардың жалпы әлем тарихында қалған еңбектері.

  3. Ғылым жолындағы қайраткерлер

  4. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы

Мақсаты: Ұлы есімдерді дәріптеу арқылы оқушылардың санасына өмірлік мақсат қою,оған жету жолында білім алудың маңыздылығын меңгерту. Мамандық таңдауда жаңа бағыт-бағдар көрсету. Ғылымға деген құрметті дәріптеу. Физика ғылымына деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Тындалды:

Ғылымдардың нақтысы, Жалқаулықты сүймейтін, Оңайлықпен бас имейтін, Көп оқымасаң миыңа кірмейтін, Жалпылауды білмейтін Пәннің қиын да жақсысы

Жасай бер жаса физика! Оқумен сені қызыға, Көп сырға жаным қанықты. Физика ғылым болғалы, Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам жүргізді Физика ғылымдар ғылымы

Данкенова Фатима:

Эйнштейн –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі. Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі. Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”.Мынадай нақыл сөздерден тәрбиелілік мәні бар сабақ алайық

1.Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген. 2.Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды. 3.Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз. 4.Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.

Қаулы:

Студент-практиканттың 11«Б» сыныбына өткізген «Ұлы есімдер» тақырыбындағы тәрбие сағаты қанағаттанарлық деп табылсын.