Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.24 Кб
Скачать

Мінездеме

Дәулетжанов Алишер 11-сынып оқушысы 26.02.1999жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Мәдениет секторы қызметін атқарады.

Менің практика өту барысымда ол өзін жақсы қырынан көрсетіп, көзге түсе білді. Оқушылырмен, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте жақсы.Оқу жұмысына белсенді араласады, үй жұмысын жүйелі түрде орындайды. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті ерекше. Оқушының ерік-жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін саладыАлишердің психологиялық сипаттамасы бойынша сангвиник болып табылады. Мінезі-ашық,сабырлы келеді, достарымен жақсы тіл табысады.

Берілген істі ұқыпты, шапшаң орындайды. Сүйікті ісі –спортпен айналысу.Алишер мектепішілік олимпиадаларға және де көптеген іс-шараларға қатысады. Мектептен тыс спорттық үйірмелерге қатысады. Болашақ мамандығын дәрігер ретінде елестетеді.

Болашақта өз ісінен өте жақсы нәтижиелер көрсететініне сенімдімін.

Зерттеген машықтанушы:Досберген Махаббат

Қорытынды

Мен, Қожалепесова Гүлсана Педагогика және психология факультетінің 301-топ студенті Ақтөбе қаласы № 35 орта мектебінде 2017 жылдың 23.01-11.02 аралығы педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Осы өткізілген тәжірибе мынадай іс-шара негізінде жүрілді. Алғашқы күні оқу орнымен танысып, жауапты жетекшім Имангазина Гүлден болып болып белгіленді.

Тәжірибе өту барысында мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым.

Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.

Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекші, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болды. Олардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті.

Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым.

Психологиялық – педагогикалық тәжірбие теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Тәжірбие барысында оқытушылоардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым. Тәжірбие кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірбиені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 3 курс студенті

Қожалепесова Гүлсана

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]