Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№5 дәріс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

6.Қозғалтқыш газдарының зиянды әсерін азайту әдістері

1.Қозғалтқыштардың ең зияны аз жұмыс режимі оның ең жоғарғы қуатының 70-80% деңгейіндегі жұмысына сәйкес болып,өкінішке орай елді мекендер жағдайына мұндай режимді ұстап тұру мүмкін емес.Көліктің жұмыс істеуі өте жиі өзгеріп тұрады,кіші қуатпен жұмыс істеп тұрған қозғатқыш,аз уақыт ішінде ең жоғары жұмыс режиміне көшірілуі мүмкін,керісінше көлік қатты жылдамдықпен тежеулі жағдайда көшірілуі мүмкін.Бұл кемшілікті азайту жолы қала құрылысын жүргізгенде бір бағыттағы жоғарғы жылдамдыққа арналған автожолдарды құруды қарастыру,қиылыстарға өткел көпірлер салу,бағдар шамдар жұмысын автоматты режимге көшіру,қала шаруашлығына қатысты т.б. шаралар.

2.Отын құрамына кейбір заттарды қосып,оның толық жануына жағдай жасау тәжірибеде қолданылады.Қосымша берілген заттар спирттер,спирт қалдықтары,мұнай өнімдері т.б. болуы мүмкін.Олардың мөлшері отын массасынан 0,001 % бөлігінен бірнеше пайызға дейін жетуі мүмкін.Бензинге көбіне спирт қосады,ол СО түзілуін азайтады.Жизельдік отынға қосылған спирт түтіндерді азайтады,кейде күйе түзілуі ондаған есеге дейін төмендеуі мүмкін.

3.Альдегидтер мен азот тотығын азайту үшін дизельдік қозғалтқыштарға кейде арнайы ерітінділер құйылады,мысалы: 10% Na2SO3 ерітіндісі.Бұл отынның уақытынан бұрын тұтануын азайтады.Бұл реагенттердің қымбаттылығына байланысты қолданылуы сирек,бірақ кейбір қолданылуы керек жағдайларда амалсыздан қолдануға тура келеді.Мысалы:тепловоз тунельден өткенде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дизель отынына осы реагенттерді қосу орын алады.

4.Кейбір жағдайларда қалдық газдардың температурасы өте жоғары болғанда қосымша жалынмен толық жағу арқылы альдегидтерді тотықтандыру қолданылады.

5.Катализ әдісі.Қалдық газдарды катализаторларды пайдаланылып, толық жағу өндірісте кеғ орын алған. Арнаулы катализаторларды пайдаланып, азот тотығын азот түрінде қайта қалпына келтіруге болады.Бұл әдістерді карбюраторлық қозғалтқыштарда қолданған жағдайда қалдық газдарды ауамен қосымша сұйылтады.Қазіргі қолданып жүрген платиноидтардан жасалған катализатордың органикалық заттарды тотықтыру дәрежесі 80-90% жетеді.Катализаторлар 2250С температурадан бастап тиімді жұмыс істейді,бұл теспература қозғалтқышты қосқан кезден бастап,10-15минут уақыт өткенде пайда болатыны анықталған.Дизельді қозғалтқыштарда май қалдықтары және күйе катализаторларды ластап тиімділігін төмендету мүмкін,бұл құбылысқа жол бермеу үшін қатты катализаторларды сұйық катализаторларға ауыстыру немесе жуу арқылы тазарту қолданылады.

7.Электромобильдерді қолдану және бензиннің зияндылығын азайту

Қоршаған ортаны ластаудың үздіксіз өсуіне,сонымен қатар мұнай өнімдерінң қымбаттауына байланысты көліктің өзге түрлерін пайдалану өсе түсуде.Автомобильдерге балама көлік ретінде электромобильдер пайда болуыда. Бұлардың тиімділігі отынды автомобильден кем емес,жалғыз кемшілігі батарея массасының көптігі.Мысалы 4кг бензинге шаққандағы алынатын энергия жинау үшін 350кг массасы бар қорғасынды батарея керек екен.Бірақ бұған қарамастан Еуропа елдерінде электромобильдер кеңінен қолдануда.Мысалы,Англияда сүт тасушылар машыналардың көбісі электромобильдер,ауа тазалығына ерекше талап қойылатын жерлерде шахталар мен емханаларда қолданылады.Ғалымдар батерея массасын азайту бағытында жұмыстанып жатыр.Жоғарыда көрсетілген бензин сапасы октан санымен анықталады,оны көбейту үшін түрлі қосындыларды пайдаланатындығын айтқанбыз.Техникада өте сапалы бензинді қорғасын қосындыларын пайдаланбай алу жолдары үздіксіз іздестірілуде.Бұл әдіс катализдік риформинг деп аталып, күрделі қаржыны және қымбат платина катализаторларын пайдаланудың арқасында алынады,әрине бензин алудың өзіндік құны өседі. Соңғы кездері авиациялық және автомобильдік бензин құрамындағы октандық саны төмен парафиндерді азайту үшін көмірсутектерін пеолиттерде (СаА) тазарту әдісі өркендеуде.

Бақылау сұрақтары:

1. Катализ әдісінің маңызын ата?

2. Зиянды заттардың шығу тегі деген ұғымды сипатта?

3. Әлемдік көлемдегі ластану деген не?

4. Атмосфераның ластану жолдарын ата?

5. Ұйымдасқан көздер деп деген қандай ұғым?