- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •1.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •Ластанудың әлемдік әсері
- •Атмосфералық ластанудың аймақтық әсері
- •2.Ластаушы заттардың жер бетіндегі атмосфера қабатындағы өзгерістері және олардың қоршаған атмосфераға әсері
- •3.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •4.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •5.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •7.Электромобильдерді қолдану және бензиннің зияндылығын азайту
- •6.Қозғалтқыш газдарының зиянды әсерін азайту әдістері
5.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
Іштей жану қозғалтқыштары екі түрлі болады:карбюраторлық және дизельдік.Карбюраторлық қозғалтқыштарда жұмыс цилиндріне берілетін бензин мен ауа алдын-ала қосылып,қоспа түрінде дайындалады(карбюраторде шашылған бензинге жоғары қысымда қосынды ауа қосынды ауа қосылады),цилиндрге берілген бұл қоспа поршмен қысылып,электр жүйесі арқылы тұтанады.Жағылатын көмірсутектерімен ауаның мөлшер қатынасы,артық ауа коэфицентімен өлшеніп,бұл отынның толық жанбауын қамтамасыз ететін көрсеткіш.Бұл көрсеткіш арқылы қозғалтқыштардағы отынның толық жануы-автокөлік қуатына байланысты екендігі айқындалды.Егер біз ең жылдам отын жануы жағдайын жасағымыз келсе,бұл ең үлкен қуатқа сәйкес,онда альфа =0,85-0,90.Көп жағдайда отын жағылмайды,яғни СО (көміртек тотығы) түзіледі.Өлшеулер көрсеткендей кей жағдайда автокөлік газдарында СО-12% жетеді.ТОлық жанбау көміртек тотығымен қатар альдегидтердің түзілуіне,күйе пайда болуына әсер етеді.Отын жанғанда қозғалтқыштарда жоғары температура мен қысым пайда болып,бұл ауадағы азоттың толық жанбауына,кейде зиянды азот тотықтары (NO) түзілуіне соқтырады.Әрине автокөлік газдарының лас болуы отын құрамында көп байланысты. Кейбір бензин түрлерінде күкірт кездеседі.Мысалы А-74 маркалы бензинда 0,1% күкірт болуы санитарлық ережелермен рұқсат етілген.
Отын сапасының дәрежесін көбінесе қозғалтқыштағы детонация құбылысымен байланыстырады.Оның сапасының осы қасиеті бензиннің октан санымен анықаталады.Октан саны – карбюраторлық іштен жану қозғалтқыштарында
жанармайлардың детонацияға төзімділігін сипаттайтын шартты көрсеткіш.Бұл сан гептан газымен салыстырғанда бензиндегі изоактанның үрдістік құрамының сандық көрсеткіші.Октан саны жоғары болған сайын бензин сапалы болады.Осы санды көтеру үшін антидетонаторлар (детонацияны азайтатын заттар) пайдаланылады,ең көп тараған антидетонатор тетроэтил қорғасын өте улы зат,ол ауаман қосылғанда зиянды қосындылар түзіледі.Қозғалтқыштардың цилиндрінде жанған бензиннен бұдан да басқа улы заттар түзілуі мүмкін.Мысалы, 3,4 бензопирен,күйе.Бұлардың рак ауруын тудыратыны анықталған.Дизелдік қозғалтқыштарда жоғары молекулярлы ауыр отындар жағылады,оларға лигроин және керосин жатады,қайнау температурасы 180-2000 С болады,бұл жағдай отынның өздігінен тұтанып,жануына әкеледі.Дизелдік қозғалтқыштарда отын температурасының булануы,булардың тотығу реакциясы,қалдық тамшылардың толық жануы бір уақытта өтеді.Дизелдік қозғалтқыштар ауаны отын жануға қажетінен артық пайдаланады,а=1,4-1,7.Сондықтан қалдық газдарда СО өте аз қалады.Бірақ ауа мен отын қоспасы толық араласып үлгермейтіндіктен күйе пайда болу жағдайы ықтимал.Ауамен келетін азоттың көлемі ұлғайған сайын азоттың улы тотықтары түзілуі жиі кездеседі.Бұл отындарда күкірт мөлшері бензиндегіден көп,сондықтан қалдық газдардағы SO2 концентрациясы бірнеше есе жоғары.Қорғасын қосындылары бұл қалдықтарда жоқ,себебі дизель отындарында антидетонатор қолданылмайды.Автомобильдерден шығатын қалдық газдардың құрамы туралы мәліметтер төменгі кестеде берілген. Қалдық газдардардағы альдегидтер көбіне формальдегид және акролеин түрінде кездеседі.
Акролеин (лат. acris — өткір, oleum — май) (C3H4O) — түссіз, өткір иісі бар сұйықтық; балқу температурасы 87,7°С, қайнау температурасы 52,7°С, екі еселенген байланысы бар қанықпаған альдегид; глицерин, акрил қышқылы, пиридин, полимерлер және құрамында акрилнитрил бар полимерлестер өндіруде және илегіш заттар ретінде қолданылады.
Формальдегидтің шектеулі мөлшерлі дозасы жұмыс орнында 0,02мг/м3, ал елді мекендерде тәуліктік орташа көрсеткіш шегі 0,12мг/м3. Формальдегид тітіркендіргіш қасиетімен белгілі,тыныс жолдарына әсер етеді.
Акролейн өте улы,тітіркендіргіш,атмосферадағы 350мг/м3 концентрациясы өмірге қауіпті,жұмыс орнындағы ШРК 0,7 мг/м3,елді мекендердегі тәуліктік дозасы 0,03 мг/м3.Толық жанбағандықтан қалдық газдарға өтетін көмірсутектері де зиянды ,улы.Жұмыс орнындағы ШРК 5 мг/м3, елді мекендердегі ШРК 0,8 мг/м3 .
