- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •1.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері
- •Ластанудың әлемдік әсері
- •Атмосфералық ластанудың аймақтық әсері
- •2.Ластаушы заттардың жер бетіндегі атмосфера қабатындағы өзгерістері және олардың қоршаған атмосфераға әсері
- •3.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
- •4.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
- •5.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы
- •6.Қозғалтқыш газдарының зиянды әсерін азайту әдістері
- •7.Электромобильдерді қолдану және бензиннің зияндылығын азайту
3.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер
Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер деп атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарытын,тастайтын обьектілер деп аталады.Оларға түтіндік құбырлар, аэрациялық фонарлар,автокөлік тұрағы,шаң соратын вентиляциялық шахталар және т.б. жатады. Зиянды заттардың шығу тегі деп осы заттар пайда болатын обьектілерді атайды,мысалы май сақтау күбісі,пеш немесе аппарат.Кейбір ластану көздерінде бір зиянды заттар шығару көзі болуы мүмкін,мысалы: қазандықта бір от жағатын камера,бір түтіндік құбыр болады.
Ал автокөлік сырлау цехында бір сырлау бөлмесінен үш вентиляциялық шахта шығуы мүмкін.Стационарлық көздер деп зауыт территориясында тұрақты орны бар көздерді айтады.Мысалы: қазандық,құбыр немесе цехтағы ашық вентиляциялық фонарь.
Қозғалмалы деп белгілі территориясы мен тұрақты орны жоқ көздерді айтады.Оның мысалына,қозғалмалы компрессор қондырғысын келтіруге болады.
Ұйымдасқан көздер деп арнайы ластаушы заттар шығаратын қондырғылары бар көздерді айтады.Бұл категорияға түтін құбырлары жатады.
Ұйымдаспаған көздер деп көбіне газ тарататын құралдардың тұмшалары бұзылғанда,орын алатын газ ағыны реттелмеген ластануларды атайды.
Нүктелік көздерге бір жерден дұрыс формалы арнайы құралдардан шығатын ластануларды жатқызады,сызықтық деп канал түрінде газ ағыны шығатын жағдайларды атайды.Жазықтық көздерге кішігірім аудандарда шығатын ластану көздерін жатқызады.
Атмосфералық ластаушы көздердің пайда болуы жағдайы кестеде бейнеленген.
Атмосфераның төменгі қабаттарын ластаушы көздердің ішінде далалар мен шөлейттердің алатын орын бөлек.Атмосфераға өткен шаңдар ауадағы су буларының конденсациясына әсер етіп,жауын-шашын туғызады,сонымен қатар тірі организмдерді күн радиациясынан қорғайды.Органикалық заттардың биологиялық ыдырауы атмосфераға кең көлемде күкіртті сутектің,аммиактың,көмірсутектерінің,азот пен кқміртектің басқа да қосындыларының тарауына соқтырады.Табиғи және антропогендік көздердің қуаты және қоршаған ортаны ластаудағы үлесі үнемі зерттелу үстінде.Мысалы: кейбір зерттеулер бойынша жанартаулар жыл сайын 30-150млн тонна газ шығарып,230-300млн тонна ұсақ күлді атмофераға бөлетін болған, ал Америка мен бұрынғы Кеңес Одағы территориясындағы мемлекеттер өндіріс ошақтарынан жылына 20-25млн тонна шаң шығарады.Мысалы,Қазақстандағы электростанциялар пайдаланылатын көмірлердің құрамында күкірт 2,5 пайызға жетіп,осы көмірдің әрбір миллион тоннасын жаққанда 25000 т күкірт ауаға өтеді.Мұнай өндіру саласында ілеспе газды факельдерде үздіксіз жағу Республикамызда кең орын алған,бұл атмосфералық ауаның күкірт қосындылармен ластану көздері болып табылады.
4.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі
Атмосфераны ластаушы заттарды және факторларды адам организміне тиігізетін әсеріне байланысты физикалық және химиялық деп топтайды. Физикалық әсері бар зияндылықтарға радиоактивті элементтер әсері,шу,жылулық ластану және төменгі толқынды діріл жатады.
Ал химиялық ластану:
-газ және сұйық күйдегі сутектерден;
-еріткіш заттардан;
-пластмассалардан;
-пестицидтерден және де басқа синтетикалық заттардан;
-күкірт қосындыларынан;
-азот қосындыларынан;
-ауыр металдардан;
-фтор қосындыларынан;
-қатты қоспалардан;
-органикалық заттардан құралған шығарындылардың атмосфераға таралуынан тұрады.Осы заттардың атмосфераға өтетін күйіне байланысты қатты,сұйық және газ түрінде ластану деп бөледі.Пайда болуы жағдайына байланысты ластаушы заттар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.Ластаушы заттардың атмосферада таралуын анықтайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі болып,ластаушы заттардың ауадағы сақталатын мезгілі ескеріледі.Осыған байланысты ластануды үш түрлі топқа бөледі: Әлемдік көлемдегі ластану- атмосферада ұзақ мерзімде тұрақты сақталатын,шыққан аймағына байланыссыз кең көлемде планетамызға әсер ететін ластанулар,бұған көміртек қостотығымен және фреондар жатады.Қазіргі кезеңде бұл халықаралық ұйымдардың назарында болуда,кейбір мәселелер бойынша дүниежүзілік бағдарламалар қарастырылуда.
Аймақ аралық көлмедегі ластану- шектеулі уақытта үлкен аймақтарда болатын кей кездерде бірнеше мемлекеттерге тарайтын ластанулар,мұндай жағдайлар күкірт қостотығы,ауыр металдар және пестицидтер ауаға тарауы бола алады,осы проблемаларды бірлесіп шешуде мемлекет аралық келісім шарттар орын алған.
Жергілікті ластанулар- аз мезгілде,кішігірім территорияларда болатын,көбіне кәсіпорын көлемінде болатын ластаушылар.
Ластанудың тұрақты, сирек немесе қайталануына байланысты ластануды үздіксіз,периодты және дүркіндік (ірі көлемде бір мезгілде) деп топтастырады.Қазақстан жағдайында мұнай өндірісінде тұрақты ілеспе газды жағу өнімдерімен үздіксіз ластану орын алған,дүркіндік ластануға метталургия өндірісінде кездесетін күкірт қостотығының атмосфераға таралуын айтуға болады.
Өндірісте болатын апатты жағдайларда туындайтын ластануларды апаттық деп атауға болады.Мұндай жағдай күтпеген кезде орын алу себебінен тұрғындарға зор зиян әкелуі мүмкін.Газ түріндегі зиянды заттар мен аэрозольдар биік түтін трубаларынан немесе вентиляциялық қондырғылардан атмосфераға шығарылады.
Аэрозольдар –газды ортадағы қалқыған қатты және сұйық заттардың тозаңдары,мысалы: сұйық заттың атмосфералық ауадағы бір қалқыған түрі тұман,ал қатты тозаңдардың қалқыған түрі түтін.Өндірісті газды вентиляциялық және технологиялық деп бөлу кездеседі.
Технологиялық газдар үрдістердегі қолданатын пештерден немесе агрегаттардан шығады,ал вентиляциялық газдар жұмыс орындарынан сорылып алынады.
Осы ластаушы заттарды атмосфераға шығару биіктігіне сай ластануларды биік ластанулар (50м жоғары),орташа (10-50м),иөмен (2 м дейін) деп топтау техникада қолданылады.Түтін трубасы неғұрлым биік болған сайын аумаққа куеңнен таралады.Кейбір трубалардың биіктігі 200-300м асады.Жұмысшылар мен елді мекен тұрғындары үшін төмен шығатын ластанулар аса зиянды,себебі олар адам демалатын деңгейде таралып,ұзақ уақыт ауада сақталады.
