Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№5 дәріс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Дәріс №5 Атмосфераны бұзатын және ластайтын көздер

мақсаты: Ластаушы заттардың жер бетіне ықпалын ұғындыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері

2.Ластаушы заттардың жер бетіндегі атмосфера қабатындағы өзгерістері және олардың қоршаған атмосфераға әсері

3.Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздер

4.Атмосфералық ауаны ластаушыларды және зиянды заттардың жіктемесі

5.Автокөлік қозғалтқыштарының газдарынан атмосфералық ауаның ластануы

6.Қозғалтқыш газдарының зиянды әсерін азайту әдістері

7.Электромобильдерді қолдану және бензиннің зияндылығын азайту

1.Әлемдік және аумақтық ластанудың әсері

Атмосфералық ауаның ластануы сол аумақта орналасқан кәсіпорындардың техникалық жағдайына,қолданылатын технолоиясын,қоршаған ортаны қорғау ісінің деңгейіне,мемлекеттік қадағалау жұмыстарының мезгілінде орындаулына байланысты. Қазақстан Республикасы экономикасында кен-мегаллургия, мұнай өндірісі салалары басым болғандықтан, осы салалар өркендеген аумақтарда атмосфералық ауаның ластануы орын алуда.Өндірістік топтау әдісіне сай шикізат өндіру,өңдеу салалары негізгі ластаушы салаларға жатады,ал машина жасау сияқты өндірсі секілді таза технологияға жататын салалар республикамызда кең дамымаған.Қазіргі заманда техникалық дамыған елдер шикізатты шетелде өңдеп, өз еліне таза металдар мен материалдар кіргізу саясатын ұстануда. Белгілі бір өнім көлеміне шаққанда атмосфералық ауаға ластаушы заттар бөлінуі, әр елде эртүрлі болады. Республика территориясындағы әкімшілік аумақтардың ластануы біркелкі емес, нетізгі ластану өндірістік қалаларда және халық көп шоғырланған елді-мекендерде кездеседі. Атмосфераның ластануы екі жолмен болады:

бірінші жолы табиғи құбылыстар салдарынан ластану, екіншісі адамзаттың өндірістік тіршілігі нәтижесіндегі ластану. Табиғи ластанудың негізгі көздері — жанартаулық күлдер. ормандар және далалық өрттердің шаңдары, космостық шаңдар, т.б. Осылардың ішіндегі мол бөлігі жер бетінің эрозиясынан пайда болатын шаңдар, бір жағынан бұл құбылыста адамзаттың да қатысы бар. Осы шаңдар әсері өндірістік зиянды заттармен қосылып, үдей түседі. Өндірістік зиянды заттар табиғи қорлардың қалдықтары және оны өндіру, өңдеу кезінде пайдаланылған ресурстары болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда осы үрдістерде қосымша пайда болатын қосындылар.Әртүрлі елдердің экономикасының сапасына байланысты және құрылымына сай ластану деңгейі мен ластаушы заттар құрамы әртүрлі болады.Әлем бойынша өндірістік салалардың бұл ластаудағы алатын үлесі №1 кестеде келтірілген.

1 кесте Әлем бойынша өндірістік салалардың ластаудағы алатын үлесі

Әлем елдерінің өркендеу дәрежесіне, шаруашылықтарының ерекшеліктеріне сай бұл салалардың үлесі әртүрлі.Осы орайда зиянды заттардың әлемдік және жергілікті ықпалын бағалау қарастырылған.

Ластанудың әлемдік әсері

Кейбір ғалымдарың зерттеулері бойынша - зиянцы заттардың ауадағы концентрациясының өсуі жер климатының күрделі өзгерістеріне соқтыруы мүмкін.

Ең қауіпті құбылыс ретінде, көміртек қостотығының концентраңиясының көбеюі айтылуда, жер планетасы бетіндегі «парник эффектісі» пайда болуы осымен байланысты. Бұл құбылыстың мәні, жер бетінің ауа қабатындағы көміртек қостотығының көбеюі, жерге күн радиациясы жақсы өткізіліпп, ал жерден тарайтын ұзынтолқынды жылу энергиясының атмосферада қалып қоюы, нәтижесінде жер бетінің температурасын көтереді. Жер бетінің температурасының 0,50С көтерілуі экологиялық жүйеелерде күрделі өзгерістер туғызуы мүмкін.Егер температура 20 С өссе полярлық мұздықтар еріп,мұхит деңгейінің көтерілуіне әкеліп,жазық жерлерге су жайылуына,мыңдаған жан-жануарлар,өсімдік түрлерінің жойылуына соқытруы мүмкін.Климаттың өсуі жауын-шашын көлемінің күрт өсуіне,ал бұл шаруашылықтың көп салаларына теріс өзгерістер туындауына әсер етеді.Ғалымдардың байқауы бойынша кейбір аймақтарда ауа оттегін жұмсау өз шегіне жеткендігіне ұқсайды.Мысалы, Америка Құрама Штаттарының өндірісі қазіргі кезеңде өз жерінде пайда болатын мөлшерінен оттегі массасын 2 есе көп жүмсайды. Техниканың қарқындып дамуына байланысты,оттегіні көп пайдаланатын елдер қатары өсе түсуде.Егер де адамзат дамуы осы жолмен өркендей беріп,минеральды отынды жағу қарқыны жыл сайын 5 пайызға өсіп отырса,онда жер бетіндегі оттегі небары 160 жылға жетер еді.Атмосфераның хлорфторамин қосындыларымен (фреон) ластануы өте қауіпті жағдай туғызу мүмкін.Дүниежүзі бойынша 0,8 млн тонна жыл сайын атмосфераға тарайды.Фреондар көміртегі қостотығы секілді инфрақызыл сәулелерін сіңреді,оған қоса олар бөлінгенде пайда болатын хлор озонның ыдырауына ктализдік әсерін тигізеді.Атмосферадағы фреондар озон қабатының ыдырауына әкеледі.

Зерттеушілер атмосфераға күрделі әсері бар ластаушыларға соңгы кезде шаң-тозаң аэрозольдарды қосып жүр. Себебі, өндірістік шығарындылар мен табиғи шаң-тозаңдар, күлдер бұлт қабатының өсуіне тікелей эсер етеді. Бұлт қабатының жиілеуі мен қалыңдауы жер бетінің жылу шашуын тежейді. Күн сәулелерінің өтуіне кедергі келтіреді. Шаң тозаңдардың мәңгілік мұздықтарға қонуы олардың еруін жылдамдықтарын көбейтеді.Қазақстанда 1990жылдың көрсеткіштері бойынша парник газдары есебі 362млн тонна көміртек қостотығына (СО2) сәйкес эквивалентке тең болған.Олардың құрамының 80% СО2 ,метан-13,3%,ал қалғандары азот шала тотығы (NO).Көміртегі қостотығының басты шығарушылары көмір жағатын энергетика саласы және автокөлік,ал метанмен ластаушылар көмір шахталары мен мал шаруашылығы 1990 жылғы көрсеткіш бойынша 280млн.тонна СО2 тасталынып, әр тұрғынға шаққанда 18 тоннадан келген.Бұл көрсеткіш өркендеуші және өтпелі экономикасы бар елдер арасындағы жоғары көрсеткіш, бұрынғы кеңес құрамындағы елдер арасында бұдан биік шығарындылары бар Эстония,Чехия және Украина.Ішкі ұлттық өнімге шаққанда бір долларға шаққанда 3,8тонна ластаушы заттар көздерден келледі,әлем елдерінде бұл 0,2-6,3 көрсеткіштеріне тең.Көміртегі тотығының сіңіргіштері негізінен шалғандар мен ормандар.Орман көлеміне есептегенде Қазақстан бойынша 4млн тонна парник газдары сіңірілген. Төмендегі суретте қазақ елі жерінде қалыптасатын газдардың құрамы берілген.Әлемдік жылынудың қаупін азайту атмосфералық ауаның ластануын төмендету және қалдықтар көлемін қысқарту үшін отын жағуды азайтып,қайтармалы энергия ресурстарын қолдануды іске қосу керек.

1-сурет Қазақстандағы парникті газдар құрамы

Көміртегі тотықтарын сіңіргіштерді жасыл алқаптар мен ормандар аумағын арттырудың мәні зор.

Құрылыс және елді мекендерді жылыту жұмыстарында барлық энергоресурстардың 32-38% жұмсалады,олардың басты бөлігі сапасы нашар көмірді жағыудан алынады.Жылу жүйелеріне енген жылудың жартысы жоғалып,алынған элетр энергиясының 13% тасымалдауға жұмсалады.Ал қолданылатын жылу аппараттары мен құралдарындағы энергия пайдалану тиімділігі кернеу көрсетіштері сапасыздығынан тағы төмендейді.Еліміздің энергия үнемдеу мүмкіндігі жылына 3млрд квт бағаланған.Жел энергиясын қолдану мүмкіндігі анықталған 9 аймақтық жылдық потенциалы потенциалы 2 млрд квт сағатқа тең деп бағаланған.Тек Алматы облысындағы жобаланған гидроэлетростанция жүйесі жылына 5 млрд кВт сағат энергия бере алады.Газ бен мұнай өндірісіндегі ілеспе газдардың пайдаға аспай бос жағылғын қоры 1 млрд м3 жетеді.2010жылға дейін қосымша отын жақпай пайдаға асыруға болатын энергия көзі 14-15млрд кВт сағ жеткен,ал бұл 15-20 млн тонна СО2 эмиссиясына тең шығарындыны кемітуге мүмкіндік береді.1992жылы Қазақстан климатының өзгеруі туралы рамалық БҰҰ конвенциясына қол қойып,1995жылы Парламентте бекітті.Бұл климат өзгеруі туралы рамалық конвенцияның мақсаты атмосферадағы парник газдар концентрациясын тұрақтандырып,зиянсыз деңгейде ұстау.Осы рамалық ковенциясының Киото хаттамасы бойынша 2008-2012жылдары парник газдарын қысқарту көзделген.Әр елдің міндеттемелері бекітілген.Еуропалық Одақтағы елдер 1990 жылмен салыстырғанда өз шығарындыларын 8%, АҚШ -7%,Жапония-6% қысқартылған.Қазақстанның 1999 жылы Киото хаттамасына қол қоюы квоталармен сауда жасауға мүмкіндік береді,бұл жағдайда егер еліміз шығарындыларды 1999жылғы аз шығарса,сол жылмен нақты көрсеткіштер арасындағы айырманы басқа елдерге сатуға мүмкіндігі бар деген сөз.