1.2 Таблеткаларды алудың технологиясы
Таблеткаларды алудың үш технологиялық сызбасы едәуір кең тараған: ылғалды немесе құрғақ түйіршіктерді қолданумен және тікелей сығымдау.
Бастапқы материалдарды таблеткалауға дайындау оларды ерітуді және бөліп өлшеуді көздейді. Шикізатты өлшеу аспирациясы бар сорып шығару шкафтарында іске асырылады. Бөліп өлшеген соң, шикізат дірілдек жұмыс қағидасына негізделген електен өтеді.
Араластыру
Таблеткалық қоспаны құрайтын дәрілік және көмекші заттардың жалпы массада біркелкі үйлестірілуі үшіе, оларды мұқият араластыру қажет. Құрамы бойынша біртекті таблеткалық қоспаны алу маңызды да, мейлінше күрделі технологиялық операция юолып табылады. Ұнтақтардың дисперсиялық, сусымалық, тыгыздық, ылғалдылық секілді түрлі физика-химиялық қасиеттерге ие болуына байланысты, бұл кезеңде қалақ түріндегі кезекті әрекеттегі қоспалауыштарыды қолданады, қалақтың пішіні әртүрлі бола алады, бірақ жиі қолданылатындарды бұрамдық немесе зета түріндегілер.
Түйіршіктеу
Бұл ұнтақ түріндегі материалдарды белгілі қөлемдегі түйірлерге айналдыру әдісі, ол таблеткалауға жататын қоспаның сусымалы қасиетін жақсарту және оның қат-қабаттарға ажырауын болдыртпау үшін қажет. Түйіршіктеу «ылғалды» және «құрғақ» болады.
Ылғалды түйіршіктеу сұйықтықтарды – қосалқы заттегілер ерітінділерін қолданумен байланысты.
Құрғақ түйіршіктеуде сулайтын сұйықтықтардың көмегіне жүгінбейді, немесе таблеттеуге материалды дайындаудың тек бір ғана операциялық кезеңінде ғана қолданды.
1.2.2 Ылғалды түйіршіктеу келесі операциялардан құрылады:
Ұсақтау. Бұл операцияларды әдетте домалақ диірмендерде өткізеді. Ұнтақты елек арқылы елеп өткізеді.
Ылғалдау. Байланыстыру заттегілері ретінде суды, спиртті, қант шырынын, желатиннің ерітіндісін және кархмалдың 5% желімін қолдану ұсынылады. Әр таблеттеуге жататын массаға арналған байланыстыру заттегілерінің қажетті мөлшерін сынау жолымен анықталады. Ол мақсатпен, жалпы түйіршіктелуі үшін, ұнтақтар белгілі дәрежеге дейін ылғалдануы тиіс. Ылғалдануының жеткілікті дәрежеге жеткенін анықтау жолы мынадай: массаның шамалы мөлшерін (0,5-1г) бас бармақ пен сұқ саусақ арасында қысады; түзілген «шелпек» саусақтарға жабыспауы тиіс (асыра ылғалданған) және 15-20 см биіктіктен құлағанда, үгілмеуі тиіс (ылғалдылығы жеткіліксіз). Ылғалдандыруды қалақтары S (сигма) түріндегі араластырғышта орындайды, олардың қозғалыс жылдамдығы әртүрлі: алдыңғысы – 17-24 айн/мин, артқысы – 8-11 айн/мин, қалақтар кері қарай айналуы да мүмкін. Қоспалауышты босату үшін, оның тұрқын аударып, массаны қалақтарының көмегімен итеріп түсіреді.
Үгіту (түйіршіктеудің өзі). Түйіршіктеуді алынған массаны 3-5 мм (№20, 40 және 50) үгу арқылы орындайды. Тот баспайтын құрыштан, жезден немесе қоладан әзірленген тесік електерді қолданады. Таблеткалық массаға үзілген сымдардың түсуіне жол бермеу үшін, сым терілген матадан әзірленген електерді қолдануға болмайды. Үгуді арнайы үккіш машиналардың – түйіршіктегіштердің көмегімен орындайды. Тік тесілген цилиндрге түйіршіктеуге жататын массаны үйіп салып, оның саңылаулары арқылы серіппелі қалақтармен үгеді.
