Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы |
||
|
||
|
|
|
|
Биотехнология кафедрасының меңгерушісі
|
|
|
______________________ б.ғ.к., Кистаубаева А.С. «__» ______________ 2016 |
|
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ (2016-2017 оқу жылының бірінші семестрі бойынша)
|
||
Магистранттың аты-жөні |
Әбдиева Гулсара Әбдікәрімқызы |
|
Мамандығы |
6M072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
Магистратурада оқу аралығы, оқы мерзімі |
2016 ж қыркүйек – 2018 ж қаңтар |
|
Ғылыми жетекші |
б.ғ.к., доцент Мелдебекова А.А |
|
Магистрлік диссертация тақырыбы |
Аскорбин қышқылының көпіршікті таблеткаларын жобалау
|
|
Алматы, 2016
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы
Әбдиева Гулсара Әбдікәрімқызы бағалау парағы
Аты-жөні |
Бағасы |
Қолы |
Ғылыми жетекші
б.ғ.к., доцент Мелдебекова А.А |
|
|
Реферат
Диссертациялық жұмыс тақырыбы: Аскорбин қышқылының көпіршікті таблеткаларын жобалау.
Түйінді сөздер: Дәрілік препараттар, таблеткалар, көмекші заттар, көпіршікті заттар
Зерттеу нысандары: көпіршікті таблеткалар , әр түрлі дәрілік қалыптар.
Зерттеу әдістері: органикалық және бейорганикалық заттардың концентрациясын атомды-абсорбционды спектрометриялық анықтау әдісі (Атомды-абсорбционды спектрометр МГА-915 (Ресей), органикалық және бейорганикалық заттардың концентрациясын флуориметриялық анықтау әдісі (Сұйықтық анализаторы «Флюорат-02-2М» (Ресей), органикалық және бейорганикалық заттардың концентрациясын фотометриялық анықтау әдісі (Фотометр КФК-3 «ЗОМЗ»).
Жұмыстың мақсаты: көпіршікті көмекші заттар арқылы аскорбин қышқылы таблеткаларын жобалау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Көпіршіктк аскорбин қышқылын алу үшін қолданылатын көмекші заттарды таңдау;
2. Таблеткалардың технологиялық сызбасын жасау;
3. Технологиялық есептеулер жүргізу;
4. Зерттелген ғылыми жұмыстың нәтижесін өндіріс орнына ұсыну;
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Отандық дәрілік заттарды жасау - республиканың фармацевтикалық өнеркәсібінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Отандық дәрілік препараттардың көпшілігі таблетка түрінде шығарылады. Таблеткалар жалпы дәрілік заттардың ішінде өндірілуі бойынша 80%-ды алады. Бұл дәрілік қалып қолданғанда эффективті,басқа дәрілік қалыптарға қарағанда пайдасы жоғары. Қазіргі уақытта көпіршікті таблеткаларды өндіріп шығару қолға алынылуда. Себебі, көпіршікті таблеткалардың ыдырауы, ерігіштігі жоғары болып, организмге көрсетер әсері де жоғары және фармакологиялық әсерін ұзартуға мүмкіндік береді.
Сондықтан көпіршікті таблеткаларды өндіру фармацевтикалық өнеркәсібінің өзекті мәселесі болып отыр.
1 Әдеби шолу
Дәрілік қалыптар түрлері
Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары, әрі таблеткалармен, пилюлямен (дәрінің домалақ түрі) салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда, тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады. Ұнтақтар құрамына сұйық заттарды (тұндырмаларды, экстракттарды, эфир майларын) енгізгенде, генде, ұнтақтың негізгі қасиеті — себілгіштігі өзгермеуі керек. Егер ұнтақ құрамындағы улы немесе уытты заттар 0,05 г-нан кем болатын болса, олар тритурация деп аталады. Тритурацияны улы немесе уытты заттың 1:10 немесе 1:100 қатысындағы сүт қантының қоспасын қолданып дайындайды. Ұнтақтарды сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда, фармакологиялық әсері баяу жүреді, кейбір ұнтақтар қоршаған ортада кристалдық суларын жоғалтады, ауадағы көміртегінің диоксидімен реакцияға түседі және ауадан ылғал тартады әрі бояғыштық қасиеттері болады және аллергиялық реакцияларды тудырады. Ұнтақтар дозаға бөлінбеген (шыны ыдысқа, пакетке, қорапшаға салынады) және дозаға бөлінген (қағаздан жасалған қаптарға салынады) болып ажыратылады.
Капсулалар (лат. Сapsulae - қапшық, сырт қабықшасы, сырт қорабы) - дәрілік заттың қабықшамен қапталған дозаланған дәрілік қабық. Капсулалар ішке сиректеу ректальді, вагинальді және т.б. әдістермен енгізіледі. Сонғы жылдары бұл дәрілік қалып кең таралуда, себебі; дәлірек дозаланады, дәрілік затты жарық, ылғал, ауа әсерлерінен қорғалынған, кейбір жағдайда дәрілік заттың жағымсыз иісі мен дәмі бүркеленген. Капсулалардың сырт беті жақсы көріністе және жеңіл жұтылады, жылдам ісінеді, ериді және асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, жоғары биологиялығы жеткілікті. Капсулалар өндірісі толық механикаландырылған және автоматтандырылған. Кемшілігіне ылғалға тұрақсыздығы жатады.
Капсулаларды 2 типке бөледі: қатты және қақпағы бар (cupsulae durae operculate) және жұмсақ, бүтін қаптамасы (capsulae molles).
Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәріздес және гранулденген заттарды дозалау үшін пайдаланады.
Олардың қалпы цилиндр, бүтін жақтары жартылай сфералы және екі бөліктен - корпустан және қақпақшадан тұрады. Корпус және қақпақша бір-біріне жеңіл және қуыс қалтырмай тығыз киілуі керек.
Капсулалар ішінің сыйымдылығына байланысты 8 нөмірлі болады.
Жұмсақ капсулалар, қатты капсулалар сияқты сыйымдылығы 1,5 мл, тігіспен немесе тігіссіз. Сыйымдылығы 0,1-0,2 мл капсулалар маймен толтырылса, оларды «жемчужина» немесе перлы (perlae gelationosae), ал егер олардың ұзарған мойны болса оларды тубатин (tubatinae) деп атайды. Олар балалар дәріліерін орамдауға қолданады. Капсулалар сапасы негізінен пленка құрушыларға байланысты, олар 50-ден асады; Желатин, зеин, майлар, парафин, МЦ, ЭЦ, полиэтилен, нейлон, ПВХ және т.б. негізігі материал желатин.
Таблеткалар (лат. Tabulettae) — бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.
Құрамына байланысты таблеткаларды бір ингредиенттен тұратын қарапайым (Pulveres simplises) және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі (Pulveres composite) түрлерге бөледі. Мөлшерлеу сипатына байланысты ұнтақтарды жекелеген мөлшерлерге бөлінген (Pulveres divisi) және жекелеген мөлшерлерге бөлінбеген (Pulveres indivisi) түрлерге бөледі. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтар ішкі және сыртқы қолдануға арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, ұнтақтарды електің ұнтақ толығымен өте алатын тесіктерінің мөлшерімен анықталатын ұсақталуы бойынша жіктейді.
Дәрілік форма ретінде ұнтақтар бірқатар оңды қасиеттерге ие: технологиясының қарапайымдылығы; дисперсиялану деңгейін реттеп отыру мүмкіндігі; кейбір жағдайларда заттардың кристалды құрылымының биологиялық қол жетерлікке оң әсерін тигізуі; мөлшерлеу дәлдігі; ауру балалар мен егде тартқан ауралар үшін ерекше маңызды болып табылатын қолдану ыңғайлылығы; құрамының әмбебаптығы; сақтау және тасымалдау ыңғайлылығы – осылардың бәрі дәрілік заттардың терапиялық белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
Таблеткаларға кемшіліктер де тән – ұсақ дисперсиялы заттар үлестік бетінің күрт артуының нәтижесінде сәуленің, ылғалдың және ауаның оттегінің қолайсыз әсерлеріне оп-оңай ұшырайды. Гигроскопиялық заттар оп-оңай дымқылданады, ал құрамында кристалданған су немесе ұшпалы құрамдас бөліктері бар заттар жетілдірілмеген орамда оларды оп-оңай жоғалтып алады («ауамен ұшып кетеді»). Ұнтақтар иісті заттардың буларын адсорбциялай отырып, бөгде иіс ала алады. Онымен қоймай, осы дәрілік түрдің кемшіліктеріне мыналарды жатқызады: сұйық дәрілік түрлермен салыстырғанда баяуырақ терапиялық әсер беруі; асқазан-ішек жолының кілегейлі қабығына қоздырғыш әсер.
