Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аллергия аллергиялық реакциялардың сатылары және олардың патогенезі..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

Дереу дамитын жоғары сезімталдықтың цитотоксиндік (іі-типі) түрі.

Аллергияның бұл түрі жасуша сыртындағы орналасқан антигенмен немесе гаптенмен антидененің байланысуы нәтижесінде дамиды. Бұл аутоантиген темендегі жағдайларда пайда болады.

Аллергиялық серпілістің цитотоксиндік түрінде организмнің меншік сау жасушалары мен тіндері немесе әртүрлі (ыстық, суық темпуратуралардың, химиялық заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың уыттарының, вирустардың ж.б.) ықпалдардың әсерлерінен бүлінген жасушалары мен тіндері антиген бола алады. Организмнің меншік сау тіндері мына жағдайларда антиген болуы мүмкін (33-кесте);

1. организмге тобы немесе резус факторы бойынша сәйкес емес қан құйғанда, организмнің меншік эритроциттері антиген (агглютиноген) болады да, оған қарсы антиденелер (агглю- тининдер) қүйылған қанмен енгізіледі;

2.әртүрлі себептерден (жарақат, қабыну, қанайналымы бүзылыстарынан ж.б.) кейбір тіндерде (ми қүрылымдары, қалқанша без, көз бүршағы, аталық без) гематоэнцефалиялық, гистогематикалық тосқауылдардың бұзылыстарынан табиғи аутоантигендерге қарсы аутоантиденелер түзілуі ықтимал;

3. кейбір ағзалар мен тіндердің (жүрек, бүйрек, буын тіңдері) антигендік қасиеттеріне стрептококктардың антигендері ұқсас болады. Сол себептен организмде бүл стрептококктарға қарсы өндірілген антиденелер керсетілген ағзалар мен тіндердің сау жасушаларымен байланысуы мүмкін. Бұндай антиген мен антиденелердің өзара әсерлерін айқасқан әсер деп атайды.

4. жоғарыда көрсетілген әртүрлі әсерлерден тіндердің нәруыздарының бүліністері аутоантигендер пайда болуына әкеледі және оларға қарсы организмнің өзінің иммундық жүйесінің қатысуымен аутоантиденелер өндіріледі.

Гаптендер (дәрілер) қан немесе басқа ағзалар жасушаларының сыртына жабысып, антигенге айналады. Қанда айналып жүрген антиденелер (ІдМ, Сз ж. б.) жасуша сыртына жабысқан аллергенмен байланысады. Осының нәтижесінде комплемент жүйесі әсерленеді, лизосомалық ферменттер босайды, калликреин — кинин жүйесі әсерленеді, полиморфты ядролы лейкоциттердің хемотаксисі, қабыну ошағына шыгуы дамиды, жасушалардың ыдырауы байқалады. Бұл кезде фосфолипазалар А және С әсерленеді, содан мембраналардағы фосфолипидтер ыдырап, мембраналардың тұтастығы бұзылады. Осы жолдармен эритроциттердің гемолизі, лейкоциттер мен тромбоциттердің ыдырауы дамуы мүмкін. Содан гемолиздік анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения байқалады. Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды.

Сонымен бірге ағза жасушаларының ыдырауы антидене тәуелді жасушалардың қатысуымен де болуы мүмкін. Қанда К-жасушалары (Т- немесе В-жасушаларына жатпайтын лимфоциттер) бар. Олардың сыртқы қабықтарында ІgС-дің Ғс бөлшегін байланыстыратын рецепторлар болады. Осы рецепторларымен олар жасушаның сыртына бекіген ІgС-мен байланысып, ағза жасушаларын ыдыратады. Стрептококктарға қарсы өндірілген антиденелер жүрек, бүйрек тіндерінің антигендерімен байланысуы мүмкін. Экспериментте алынған әртүрлі тіндерге қарсы цитотоксиндік қан сары суын жіберу арқылы сәйкес ағзалардың бүлінуін шақыру, аутоиммундық адам ауруларының жануарлардағы үлгілерін алу үшін пайданылады. Бүл көрсетілгендер ДДЖС-тың цитотоксиндік түрі аутоаллергиялық аурулар дамуында маңызды екендігін көрсетеді.