- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары.
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Суицид медико-әлеуметтік мәселе ретінде (әдеби шолу)
- •1.1. Өзіне –өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік.
- •1.2. Суицид туралы жалпы түсініктер.
- •Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері.
- •3. Зерттеу жұмыстың материалы мен әдістері
- •. Зерттеу жұмыстың материалы, әдісі және объектісі
- •3.1 Әскери қызметкерлердің өз өмірлеріне деген жауапкершілігі
1.1. Өзіне –өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік.
Өлімге алып келетін өзіне -өзі қасақана зиян келтірудің синонимдеріне өзіне өзі қол жұмсау және суицид жатады.Суицид (лат.“sui caedere”- өзін-өзі өлтіру, ағылш.- “suicide”) – ерікті және мәжбүрсіз акт болып табылатын, өз өміріне қол салу.
Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру өліммен аяқталуы да мүмкін немесе өлімге алып келмеуі де мүмкін. Сондықтан, суицид өзіне-өзі қасақана зиян келтірудің нәтежиелерінің бірі болып табылады.
Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру патологиялық немесе патологиялық емес механизмдер салдарынан немесе мәдени және әлеуметтік рәсімдердің бір бөлігі,жеке бастың даму урдістің бір бөлігі,яғни белгілі бір жас ерекшелігіне немесе әлеметтік, мәдени орталарға сәйкес келуіне байланысты болуы мүмкін. Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру іс-әрекеті суицид жасау мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сонымен, өзіне-өзі қасақана зиян келтірген адамдар арасында суицидтік актінің таралуын анықтауда,28-85% -ы белгілі бір суицидтік әрекет жасаған(суицидтік әрекет ретінде өліммен аяқталмаған барлық суицидтік әрекеттерді есептейді,мысалы өзін улау, өзіне зақым келтіру, т.б.).
Суицид жасауға әрекеттену және өзіне-өзі қол салу суицид туралы ойдан,оны жоспарлаудан және суицидтің өзінен тұратын суицидтік әрекеттің салдары болып табылады.
Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-қаралуында(АХЖ-10) суицид өзіне қасақана зиян келтіру категориясына.(Х60-Х84),оның ішінде суицид жасау әдісі мен түріне байланысты анықталады.(1-кесте)
Өліммен аяқталатыын өзіне қасақана зиян келтіруді жан-жақты суицидология ғылымы қарастырады.Ол ғылым дисциплиналар арасында өзі ХХ ғасырдың ортасынан бастап жекеленді.Қазіргі уақытта суицидология теориялық және практикалық жағынан өте қарқынды дамуда және психология, психиатрия, заң, әлеуметтану, қоғамдық денсаулық сақтау сияқты пәндермен тығыз байланысып ғана қоймай, берілген салаларда суицид өзекті мәселе ретінде зерттеліп, қарастырылып жатыр.
1-кесте. АХЖ-10 бойынша өзіне қасақана зиян келтірудің классификациясы
АХЖ-10-ның коды |
Классификаторлар атауы |
Х60 |
Қасақана улану және неопиоидты аналгетиктермен, қызу түсіретін,ревматитке қарсы дәрілермен әсер ету. |
Х61 |
Қасақана улану және қалтырауға қарсы, седативті, тыныштандырғыш, паркинсонға қарсы, пихотропты басқа рубрикаларда айтылмаған дәрілермен әсер ету. |
Х62 |
Қасақана улану және наркотикалық заттармен психодислептиктермен(галлюциногендер) әсер ету. |
Х63 |
Қасақана улану және вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттармен әсер ету. |
Х64 |
Қасақана улану және басқа анықталмаған дәрі-дәрмектермен, медикаментттермен және биологиялық заттармен әсер ету. |
Х65 |
Қасақана улану және ішімдікпен әсер ету. |
Х66 |
Қасақана улану және органикалық ерітінділермен, құрамында галогені бар қоспалармен және олардың буымен әсер ету. |
Х67 |
Қасақана улану және басқа газдармен және бу тәрізді заттармен әсер ету. |
Х68 |
Қасақана улану және пестицидтермен әсер ету. |
Х69 |
Қасақана улану және басқа, анықталмаған химиялық улы заттармен әсер ету. |
Х70 |
Асылу, қысылу және тұншығу жолдарымен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х71 |
Суға бату жолымен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х72 |
Тапаншамен ату жолымен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х73 |
Винтовкамен, мылтықпен және ірі калибрлі атыс қаруымен өзіне қасақана зиян келтіру. |
Х74 |
Басқа анықталмаған қарумен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х75 |
Жарылатын заттарды пайдалану арқылы өзіне қасақана зиян келтіру |
Х76 |
Түтін,өрт салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру |
Х77 |
Булармен, ыстық заттармен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х78 |
Үшкір, өткір заттармен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х79 |
Доғал заттармен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х80 |
Биіктен секіру жолымен өзіне қасақана зиян келтіру |
Х81 |
Қозғалып бара жатқан транспорттың астына түсу арқылы өзіне қасақана зиян келтіру |
Х82 |
Моторлы транспортты көлікпен авария салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру |
Х83 |
Басқа белгілі бір әрекеттердің салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру |
Х84 |
Басқа анық емес әрекеттердің салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру |
