Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс Отызбаева Гүлжанат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.13 Кб
Скачать

Қолжазба құқығында

Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары

5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Қазақстан Республикасы

Астана, 2017 ж.

Жұмыс «Астана Медицина Университеті» АҚ-ның

№1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Байгенжеева Р.Қ., денсаулық сақтау магистрі, аға оқытушы.

Ресми оппоненті: Магзумова Р.З., медицина  ғылымының  кандидаты, ассоцирленген профессор.

Дипломдық жұмыс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а мекен-жайында орналасқан «Астана Медицина Университеті» АҚ-нда Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында 2017 жылдың 13 маусымында 9.00 уақытында қорғалады.

Дипломдық жұмыспен «Астана Медицина Университеті» АҚ-ның кітапханасында танысуға болады (010000, Астана қ.,Бейбітшілік көшесі, 49а).

«Астана медицина университеті» АҚ

Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары.

5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Ғылыми жетекшісі:_________________________________________

(аты-жөні, қолы)

Ресми оппоненті: __________________________________________

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

ҚҰЖАТТЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР................................................................................5

АНЫҚТАМАЛАР.................................................................................................6

ҚЫСҚАРТУЛАР...................................................................................................7

КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................8

  1. КІРІСПЕ.........................................................................................................9

    1. Тақырыптың өзектігі.....................................................................................9

    2. Зерттеудің мақсаты.......................................................................................10

    3. Зерттеудің міндеті.........................................................................................10

    4. Зерттеудің ғылыми жаңалығы....................................................................10

    5. Зерттеудің практикалық маңыздылығы...................................................11

    6. Жұмыстың апробациясы..............................................................................11

    7. Қорғауға ұсынылған негізгі ережеле.........................................................11

    8. Жариялымдар.................................................................................................11

    9. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.......................................11

  1. ӘДЕБИ ШОЛУ...............................................................................................12

    1. Өзіне –өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік. ........................13

    2. Суицид туралы жалпы түсінік және оның шығу тарихы..........................16

  1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД.........................18

    1. Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері......18

  1. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ...................25

    1. Зерттеу жұмысының материалы, әдісі және объектісі.............................25

    2. Зерттеудің нәтижелері мен көрсеткіштері...............................................26

  2. СУИЦИДКЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР................38

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР.......................................................................42

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................43

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................44

ЖҰМЫС БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР................................45

ҚОСЫМШАЛАР (А)............................................................................................46

ҚҰЖАТТЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттардың сілтемелері қолданылған:

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы;

  2. Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi №193-IV Кодексi;

  3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы;

  4. Психикалық денсаулық саласындағы іс-әрекеттердің кешенді жоспары.

2013-2020 жылдарға жоспарланған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 27 мамыр 2013 жылғы 66-сессиясында бекітілген.

  1. Психикалық денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекеттің Европалық жоспары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық комитетінің 2013 жылғы 16-19 қыркүйектегі 63-сессиясында бекітілген.

АНЫҚТАМАЛАР

Өзіне өзі қол жұмсау – девиантты мінез-құлықтың модельдерінің бірі, нашақорлықпен, жезөкшелікпен, қылмыскерлікпен және алкоголизммен қатар жүретін әлеуметтік патологияның бір бөлігі.

Психикалық дезадаптация - адамның тiршiлiк ету ортасына, ішкі факторларға бейімделе алмауымен, жаңа әлеуметтік ортадағы мәртебесін және ортадағы қарым - қатынасты мойындамауымен сипатталатын жағдайы.

ҚЫСҚАРТУЛАР

БАҚ- Бұқаралық ақпарат құралдары

ДДСҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ХСАҚ – Халықаралық суицидтің алдын алу қауымдастығы

АХЖ-10 – Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-қаралуы

БӘДСҰ – Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы

КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ:

Дипломдық жұмыс бойынша 4 кесте, 17 сурет қолданылды.

Кесте 1- Респонденттерді жасы бойынша бөлу;

Кесте 2 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 1- 25 респондент);

Кесте 3 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 26- 50 респондент);

Кесте 4 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 51- 70 респондент);

Сурет 1 – Респонденттердің жынысы бойынша;

Сурет 2 – Респонденттердің борыщын өтеуге келуі бойынша (%);

Сурет 3 – Суицид себебі бойынша көрсеткіш;

Сурет 4 – Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші;

Сурет 5- Дембельдер тарапынан қысым көруі бойынша (%);

Сурет 6 – Жетекшілер тарапынан суицидке алып келетін әрекетте;

Сурет 7 – Алкогольдік ішімдік пайдалану деңгейі (%);

Сурет 8 – Соматикалық аурулары бар адамдар (%);

Сурет 9 - Жауапкершілік себебі бойынша;

Сурет 10 – Респонденттердің әскери қызметтің қиындығын бағалау деңгейі;

Сурет 11 - Отбасындағы қиындықтары бойынша;

Сурет 12 - Әскери бөлімде психолог маман жұмысы бойынша;

Сурет 13 - Әскери қызметкерлердің психолог көмегіне жүгіну деңгейі;

Сурет 14 - Суицид жасаушыға көмек көрсету деңгейі;

Сурет 15 - Көмек көрсету түрі;

Сурет 16 - Респонденттердің сенім телефонымен танысу деңгейінің проценттік көрсеткіші;

Сурет 17 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

    Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсаған феноменді барлық аспектілері бойынша зерттеу өте өзекті болып келе жатыр. Себебі суицид әрекетінің қарқындылығына және суицид көрсеткішін жоғарылатуға алып келетін, психикалық түрде зақымдайтын факторлардың көбеюі экономикалық, әлеуметтік,психологиялық жағдайларға кері әсерін тигізіп жатыр.

Суицид көрсеткіштерінің санының көбеюі (әсіресе біздің елімізде) суицид көрсеткіштерін анықтау үшін жүргізілген зерттеулердің тереңділігіне сонымен қатар олардың теориялық жеткіліксіздігіне және олардың суицид көрсеткішіне қаншалықты әсер етіп жатқанын көрсетеді.

ДДҰ-ның берген мәліметі бойынша 2012 жылы суицидтен қайтыс болған адамдардың саны 804000-ға жетті. Осы сандық көрсеткіштер бойынша 100000 халыққа 11,4 суицид жағдайы, осы есепте ер адамдарда 15 жағдай, әйел адамдарда 8 жағдайға сәйкес келеді.Сонымен қатар суицид әлемдегі барлық өлім себептері бойынша 1,4%қамтып, 15-орынды алып отыр.

Әлемде 100000 халыққа шаққандағы суицид саны бойынша ең төмен көрсеткіш Латын Америкасы, араб және кейбір азия елдерінің(Аргентина, Бразилия, Кувейт, Тайланд) елшісінде, ал орташа көрсеткіш Орталық және Солтүстік Европа, Солтүстік Америка,Оңтүстік Шығыс Азия, Тынық мұхит аймағының Батыс бөлігінде (Австралия,Канада,Индия,Жаңа Зеландия).

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша (ДДҰ), қазіргі заманда Қазақстан суицид саны бойынша әлемде үшінші орынды алады.Қазақстанда суицид саны бойынша ресми статистика халыққа айтылмайды. Бірақ тәуелсіз мамандармен жүргізілген статистика көрсеткіші бойынша суицид мәселесі қауіпті масштабты қамтиды. Еліміздегі жұмыссыздар санының көбеюі, кірістің азаюы, өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі қазақстандықтар арасында болашаққа сенімділікті және жеке тұлғаның өз-өзін бағалау деңгейін төмендетеді.

Берілген мәліметтер бойынша, егер жылына шамамен бір миллион адам суицид жасаса, оның 8000 – қазақстандықтар,олардың көбісі – еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Егер әлем бойынша әрбір 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсаса, бір сағат сайын Қазақстанда біреу өз еркімен өмірімен қоштасып жатыр.

Суицидті көбінесе 15-44 жас аралығындағы адамдар жасайды. Мамандарды алаңдататын әлем бойынша соңғы 45 жылда суицид көрсеткіші жыл сайын 60 пайызға көтеріліп жатырғаны.

2000 жылдары шамамен бір миллиондай адам өз өмірлерімен қош айтысса, мамандардың болжамы бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылы бір жарым есеге көбейеді.

2015 жылы Қазақстанда 3735 жасалған суицид саны тіркелген. Салыстыру үшін 2014 жылы бұл көрсеткіш 2957 болса, ал 2013жылы — 3251, 2012 жылы — 3055 тең болды.

Қазақстандық "Азаттық" Радиосының мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы онжылдықта өзіне-өзі қол жұмсаушылар саны 100 мың адамға шаққанда 52-53-ті құрайды. Қазақстан бойынша суицид көп мөлшерде жасалған,ең тоқыраған аймақтар тізіміне Оңтүстік Қазақстан облысы, Актау, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Қарағанды қаласы жатады.

Сонымен қатар, суицид көрсеткіші салыстырмалы түрде тұрақты, әрі үнемі өте жоғары болып келетін ерекше орталарға тоқталып кетсек. Бұл сыртқы қоғамнан оқшауланған және өте қатал регламенттелген орталар.Оларға: әскер, түрме, балалар үйі және колониялар. Бұл ұжымдардағы суицидтің ресми статистикасына қол жеткізу мүмкін емес деуге болады, бірақ қолға түскен толық емес мәліметтер бойынша суицидті және суицид жасауға тырысқандар көрсеткіш деңгейінің қаншалықты жоғары екенін анықтауға болады. Менің бүгінгі жүргізілген зерттеуімде суицидке қауіптілік деңгейін және суицидтің себептерін әскери қызметкерлер арасында жүргізгелі отырмын, себебі қазір бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселе өте өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты:

Әскери қызмерткерлер арасындағы суицидке қауіптілік деңгейін, суицидке алып келетін факторларды анықтау және алдын-алу шараларын халыққа насихаттау.

Міндеті:

1. Суицид бойынша мәліметтерді талдау

2. Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін

анықтау.

3. Суицидке қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – әйелдердің ЖМО-ның алдын алу туралы ақпараттылық деңгейінің зерделенуінде. Сонымен бірге ЖМО-ның алдын алуды жетілдіру үшін ұсынылатын шаралар.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

Осы жүргізілген зерттеу нәтижелерін сараптай келе, әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін, суицидке алып кеетін себептерді анықтап, болашақта бұл деңгейді төмендету мақсатында шараларды жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Жұмыс апробациясы

Зерттеу жұмысы «Астана медицина университеті» АҚ-нда, №1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында 2017 жылдың 17 ақпанында көрсетілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі ережелер

Халықтың ақпараттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу кезінде, әскери қызметкерлердің өз денсаулығына деген жауапкершілігі, қауіп факторлары және еліміздегі суицидтің алдын алу шараларын анықтадық. Халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру мақсатында бірнеше шаралар ұсындық.

Жариялымдар

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша, 2016 жылы Санкт-Петербург, Астана және Алматы қалаларында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының тезистер жинағында жарияланды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі

Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік терілген беттен, 2 кестеден және 21суреттен тұрады . Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдеби шолу , төрт бөлімнен, қорытындыдан, практикалық ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.